Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин кеңейтілген құрамдағы келіссөз өткізді

Уақыты: 2018-06-07 Көрлімі: 239 Сипаттама

Қазақстан - ықпалды өңірлік держава. Бұл туралы бүгін Қытайға мемлекеттік сапармен кел...

20180607163007.jpg

Қазақстан - ықпалды өңірлік держава. Бұл туралы бүгін Қытайға мемлекеттік сапармен келген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнаған сәттен бастап жоғары деңгейдегі байланыстар орнап, саяси өзара сенім нығая түсуде. Сонымен қатар «Бір белдеу, бір жол» жобасын жүзеге асырудағы ынтымақтастық та тиімді жүзеге асырылып, халықаралық аренадағы өзара іс-қимыл да жанданып отыр», - деді кездесу барысында Си Цзиньпин.

 Си Цзиньпин Қазақстан мен Қытай жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты жандандыруға баса назар аударатындығын атап өтті. 

«Қазақстан - біздің маңызды көршіміз, сондай-ақ ықпалды өңірлік держава. Біздің екіжақты қарым-қатынасымыз достас көршілер арасындағы қатынастың үлгісіне айналып отыр. Біз Қазақстанмен адамзаттың ортақ тағдырын құру жолында алға қарай бірге ілгерілеуге дайынбыз», - деді ҚХР Төрағасы.

 Өз кезегінде Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен келуге шақырып, достық пейілмен қабылдап жатқан Қытай тарапына ризашылығын білдірді. «Осы мүмкіншілікті пайдаланып, Бүкілқытайлық халық өкілдері жиынының наурыздағы сессиясында жоғары мемлекеттік лауазымға қайта сайлануыңызбен және Қытай Коммунистік партиясының 19 съезін табысты өткізуіңізбен тағы бір мәрте құттықтағым келеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев

 Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапары аясында 10 маусым күні Циндао қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне қатысады деп күтілуде.

Дереккө: "ҚазАқпарат"

Jebeu.kz



文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫНЫҢ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ
Ұлықбек Есдәулет атындағы білім гранты табысталды