Әлихан Бөйкейхан: «Абақтыда бір кісі жатқаны жұрт қор болғанынан ыңғайлы»

admin2 2018-04-23 65 ℃ Қысқаша

Тұзқалада ұсталған кезінде Семейден Турағұл Абайұлы, Кәкітай Ысқақұлы Құнанбай баста...

F97F0556-CAE0-4580-B2B8-4B9673989DCF_cx0_cy7_cw0_w1023_r1_s.jpg

Тұзқалада ұсталған кезінде Семейден Турағұл Абайұлы, Кәкітай Ысқақұлы Құнанбай  бастаған достары бір топ, Тұзқаладағы қазақ достары екінші топ болып оны қашырмақ болған. Бірақ достарының екі тобын да таңырқатып Әлекең қашудан бас тартқан. Бұл жолы да Алаш көсемі елінің амандығы үшін жанын да, өмірін де құрбан етуге қашан да әзір екенін байқатса керек. Бұл сәтті Әлихан 1915 жылы Кәкітайға арнаған мұнақып-мақаласында былай деп еске алды:

«Януар басында 1906-ыншы жылы Керекуден Семейге баруға шыққан мені ұстасын деген Семейге хабар келген. Марқұм Омарбек пен Кәкітай һәм өзге аты теріс достар мені қашыртпақ болып, маған қарсы үш атпен «Б»-ны жіберген. Бұл мен ұсталған Тұзқалаға [жергілікті қазақтар Ямышевский кентін «Тұзқала» деп атаса керек. Құраст.] бір көш қана жетпей, ұсталғанды есітіп, кейін қайтты. Бірақ ол күні мен «Б-ға» жолықсам да, қашпақ емеспін. Егер мен онда қашсам, қырға отряд шығып, қазақты хор қылмай ма?

Мені Тұзқалада күзетке алып, қарауылшы бір қазақ-орыс [атты казакты айтып отыр.]  қойып, мені ұстаған орыстар бір үйге тамақ ішуге кетті. Сонда маған жиылып келіп Тұзқала кісілері «қашырайық, қаш!» – деді. Мені ұстамас бұрын, маған Керекуден «С» қуып келді, «қашайық» деп.

Керегі мен болсам, мен қашпаймын, абақтыда бір кісі жатқаны жұрт қор болғанынан  ыңғайлы болар дедім «С»-ға».

Әрине, Ә.Бөкейханның елін жан-тәнімен сүйгендігіне күмән бар ма?! Әйтсе де Қ.Кемеңгерұлының тапқан жауабы Алаш көсемінің елде қалуының қыр-сырын, бар жұмбағын ашып бермейді. Тиянақты жауапты Әлекеңнің елде қалғаннан кейін совет өкіметі тұсындағы іс-қимылынан қарастырған дұрыс.

«Әлихан Бөйкейхан» 9-том

Дереккөз: «Алауинформ»


Берік Әбдіғалиұлы: «Миды жаулау» соғысында халқымыздың қалқаны - Руханият
Бір ғасырдағы 3 түрлі әліпбиіміздың қысқаша тарихы