Бір ғасырдағы 3 түрлі әліпбиіміздың қысқаша тарихы

admin2 2018-04-30 70 ℃ Қысқаша

Араб – Латын – Кирилл (Араб халифаты – Рим империясы – Ресей империясы)Тақырып айтып тұр...

31511489_212510086018280_8690592592305324032_n.jpg

Араб – Латын – Кирилл

(Араб халифаты – Рим империясы – Ресей империясы)

Тақырып айтып тұрғандай бұл атаулар қазақ халқының  ХХ ғасырда өзгеріске түскен әліпбилері еді.

Бір ғасырда 3 түрлі әліпби ауыстырудың тарихына қысқаша тоқтала кетсек:

1.                Араб әліпбиі негізіндегі қазақ жазуы.

Х  ғасырдан бастап 1929 жылға дейін 1000 жылға жуық уақыт  қазақ даласында қолданылған жазу үлгісі осы әліпби негізінде болған. 14 ғасырлардан бастап «Шағатай» жазу үлгісі қалыптасты.  XX ғасырдың басында араб әріптерін пайдалану арқылы оқып-жазатын жаңаша жазу үлгісі мен мектептер пайда болды. Оқытудың бұл әдісінің негізін қалаушы белгілі түркі тілдес халық ағартушыларының бірі, қоғам қайраткері И. Гаспринский болды.

31530454_212510032684952_7383072172215894016_n.jpg

1912 жылы Ахмет Байтұрсынұлы араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуына алғаш өзгерістер жасады. Ол қазақ тілінің басқа түркі тілдерінен ерекшелігін анықтап, ұлттың өзіне тән дыбыстарын белгілейтін таңбаларды негіздеді. Байтұрсынов емілесі қазақ жазуы тарихында «жаңа емле» («төте жазу») деп аталып, халықты сауаттандыруда ірі бетбұрыс жасады. Еміле 1913 жылдан бастап мұсылман медреселерінде, 1929 жылға дейін кеңестік мектептерде қолданылды. Әліпби алғаш жасалған кезден айналымнан алынып тасталғанға дейін дыбыстық реформалар жасалынып, түзетілді. XX ғасырдың басы мен 1929 жылға дейінгі аралықтағы баспасөз хабарлары, түрлі хат-хабарлар мен құжаттар, анкеталар, өмірбаяндар т.б. құжаттар материалдары осы жазу үлгісінде жазылды. «Төте жазуға» дыбыстық реформалар жасалынып, түзетілген соңғы нұсқаларын бүгінде Қытай, Иран, Ауғаныстан сияқты мемлекеттердегі қандастарымыз қолданады. Қазіргі қолданыстағы нұсқаны 1912 жылғы жасалған алғашқы нұсқасымен салыстырғанда бірталай айырмашылықтар бар.

31515157_212509976018291_7578223309913849856_n.jpg

2.  Кирилл әліпбиі.

Славяндар үшін Константин (Крил) деген кісі Христиан дінін уағыздау үшін жасаған әліппе. Ресейге Кириллица Х ғасырда енген. 1940 жылы Кеңес Одағы халықтар бір текті әліпбиді қолдану керек деген саясатпен КСРО құрамындағы халықтардың жазуын жаппай кириллицаға көшірді. Оның ішінде қазақ жазуы да  Сәрсен Аманжоловтың нұсқасы бойынша кирилл әліппесіне ауыстырылып, бүгінге дейін қолданылып келеді.

31500800_212509939351628_3745704376853856256_n.jpg

Кеңес Одағы 15 мемлекетке бөлінген соң славяндардан басқалар бұл әліппеден бас тартады. Атап айтсақ:

1. Әзербайжан. Латынға ауысуды  1990 жылдан бастады. 2001 жылы толық көшті.

2. Түркіменстан. 1990 жалдардан бастап латынға көше бастады.

3. Өзбекстан. 1993 жылы латынға ауысты. Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан 1994 жылы латынға ауысты.

4. Латвия. Латынға ауысты.

5. Литва. Латынға ауысты.

6. Эстония. Латынға ауысты.

7. Грузия. Өз жазуын тірілтті.

8. Армения. Өз жазуын тірілтті.

9. Молдавия. Латынға ауысты. Молдава құрамындағы түркі тілдес Гагауыздар 1996 жылы латынға өтті.

10. Қазақстан. 2012 жылы «Қазақстан – 2050» бағдарламасы бойынша латынға ауысу мәселесі шешімін тапты. 2017 жылы 26 қазанда латынға ауысу туралы құжатқа қол қойылды. 2025 жылы толық көшу жоспарланған.

Кирилицада қалғандар:

1. Ресей федерациясы. Славян мемлекеті.

2. Украина. Славян мемлекеті.

3. Беларус. Славян мемлекеті.

4. Тәжікстан. Парсы тілдес ел.

5. Қырғызстан. Түркі тілдес ел.

 

3.                Латын әліпбиі.

Түркі тілдес елдердің латынға ауысуы 20 ғаырдың басында талқылана басталған. 1926 жыл Әзербейжан астанасы Бакуде түркі тілдес елдердің латынға ауысуы туралы Одақтық жиналыс өтті. Қазақстанда арнаулы комиссия құрылып, жоба жасалынды. 1929 жылы 7 тамызда КСРО Орталық атқару комитеті мен КСРО Халық комиссарлары кеңесі латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас Түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылды.

31500455_212510002684955_5468890430475075584_n.jpg

Бір ғасырда 3 түрлі әліпби ауыстырудың тарихына қысқаша шолу жасадық. Қысқа уақыт аралығында болған бұл  Әліппе өзгерісітері  қазақ халқының рухани өміріне зор өзгерістер алып келді.

1. ғасырлар бойы үзілмей жеткен рухани мәдениетімізді табиғи сұрыптаудан өткізіп, кейінгі ұрпаққа жеткізбеу;

2. ХХ  ғасыр басындағы ұлттық қозғалыс және ұлттық үкімет саналатын «Алашорданың» кезеңінде қалыптасқан ғылми еңбектердің ұлттық сипатына айырылуына және коммунистік жүйеге түбегейлі көшуіне кепілдік берді.
Мәскеу КСРО құрылған алғашқы кезеңінде мақсатты түрде жүзеге асырылған Әліпби өзгерісі  арқылы тегі мен тілін ұмытқан мәңгүрт ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бар күш салды.

31582678_212510059351616_3424513562679181312_n.jpg

"Рухани жаңғыру" бойынша өткен ғасырға  бір сәт көз жіберіп қойсақ. Ертеңгі ұл-қыздарымыз бізді де солай еске алатынын ұмытпайық. Адам ұрпағымен мың жасайды деген...

27336377_187870338482255_3677681675196142752_n.jpg

Абай Мырзағали (фейзбуктегі парақшасынан алынды)

Jebeu.kz

 

 


Әлихан Бөйкейхан: «Абақтыда бір кісі жатқаны жұрт қор болғанынан ыңғайлы»
Алаш Көсемі абақтыда жазған мақалаларына «V» деген лақап ат қойған