Оралмандарға берілетін мемлекеттік қолдаулар

admin2 2018-03-10 672 ℃ Қысқаша

Оралмандар – бұл Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлер...

images.jpg

Оралмандар – бұл Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен ҚР заңнамасына сәйкес келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар. «Оралман» (қазақ тіліне аударғанда «оралған» деген мағынаны білдіреді) түсінігінің өзі бірегей болып табылады, өйткені әлемдік тәжірибеде ол белгісіз. Оралмандар басқа да иммигранттар сияқты уақытша  немесе тұрақты тұрғылықты мекенжайы  бойынша тіркелуге міндетті.  Оралмандар төменде сипатталған мемлекеттен квоталар мен жеңілдіктерге құқылы.

Оралмандарға, этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары

"Оралман мәртебесін" алған тұлғалар және олардың отбасы мүшелері келесімен қамтамасыз етіледі:

  1. Оралмандарды бейімдеу және біріктіру орталықтарындағы тегін бейімдеу және біріктіру қызметтері, олар мыналарды қамтиды:

  • ақпараттық және анықтамалық қызметтерді ұсыну;

  • аударма бойынша қызметтерді көрсету;

  • жұмысқа орналастыруда, кәсіби дайындықта, қайта даярлауда және біліктілікті арттырудағы көмек;

  • Қазақстан Республикасы тарихы, мәдениеті және дәстүрі бойынша, заңнама негіздеріне және шағын бизнесті ашу бойынша оқыту курстарын өткізу;

  • әр түрлі мәдени іс-шараларды өткізу;

  • құқықтық көмек көрсету (кеңестер, консультациялар беру және оралмандарды қабылдау, азаматтық, әлеуметтік жәрдемақыларды алу өңірлік квотасына енгізуге тіркелу, өтініш беруде көмек көрсету);

  • қазақстандық азаматтық алу және құжаттандыру мәселелеріне жәрдемдесу;

  • тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін алуға жәрдемдесу;

  • мемлекеттік және орыс тілдерін оқыту;

  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмект алуға жәрдемдесу;

  1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық көмек;

  2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымына оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар үшін қабылдау квотасы көзделеді.

  3. Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең әлеуметтік қорғау.

  4. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Қазақстан Республикасының "Атаулы әлеуметтік көмек туралы", "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңдарына сәйкес жан басына шаққанда табысы кедейлік шегінен аспайтын оралмандардың Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең атаулы әлеуметтік көмек және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар.

2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын оралмандар Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең зейнетақымен қамтамасыз ету құқығымен пайдаланады.

Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес оралмандарға  жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ өсіру және саяжай құрылысы үшін жер учаскелерін беру ауылдық елді мекендердің жерінен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, иммиграциялық жер қорынан, арнайы жер қорынан және қордағы жерлерден уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.

Өз кезегінде, оралмандарға шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлық ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін беру ауылдық елді мекендердің жерінен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден, арнайы жер қорынан,  иммиграциялық жер қорынан және қордағы жерлерден уақытша жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.

Оралмандарға материалдық көмек: жеңілдіктер, жәрдемақы, төлемдер

Оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне келесі қосымша материалдық көмек беріледі. Жергілікті атқарушы органдар оралмандарды қабылдау квотасынан тыс Қазақстан Республикасына қоныс аударған оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне ҚР азаматтығын қабылдау туралы шешімді шығарғаннан кейін тұрақты тұрғылықты жеріне бару және мүлікті тасымалдау бойынша шығындарды өтеуді қамтитын бір жолғы жәрдемақыларды белгілей алады. 

Жәрдемақы төлеу тәртібі мен шарттарын халықтың көші-қон мәселелері бойынша уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері бекітеді.

Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандар мен олардың отбасы мүшелері ҚР аумағына кіру кезінде көлік құралдарын қоса алғанда жеке пайдалануға арналған мүлікке кеден төлемдерін төлеуден босатылады.

Оралмандарды және қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген отбасыларға 2017-2021 жылдарға Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы аясында субсидия беру түрінде мемлекеттік қолдау шарасы көрсетіледі:

  • көшу үшін – отбасының әрбір мүшесіне 35 АЕК бір жолғы төлем.

  • тұрғын үй жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу шығыстарын жабу үшін, ол ай сайын 12 ай ішінде 15-30 АЕК аралығында бір отбасына төленеді.

Оралман қандай ережелерді сақтауы тиіс және төлемдер қандай жағдайда төленбеуі мүмкін?

Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосу басымдылығын мынадай реттегі этникалық қазақтар қолданады:

  • белгілі бір мамандық бойынша тиісті білімі, біліктілігі және тәжірибесі барлар;

  • көпбалалы отбасылар;

  • жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндігі бар, кәмелетке толған жастар.

Қайда жүгіну керек және қандай құжаттар болуы қажет?

Оралмандар деп танылған тұлғаларға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі. Оралман куәлігі қатаң есептілік құжаты болып табылады және Көші-қон туралы заңмен көзделген жеңілдіктер және өтемақыларды алу үшін негіз болып табылады.

Оралман мәртебесін тағайындау туралы өтінішті отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі жеке немесе өкілі (сенімхат бойынша) әкімдікке береді.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

ҚР аумағына келген және оларды оралман деп тану туралы өтініш берген тұлғалар:

  • жолдама алғаннан кейін үш күн ішінде уақытша орналастыру орталығына кетуге;

  • тұрғылықты орны туралы тиісті аумақтық миграция қызметтерін  хабардар етуге және ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте ішкі істер органдарында тіркеуден өтуге;

  • уақытша орналастыру орталығында  тұрудың белгіленген тәртібін сақтауға;

  • медициналық тексеруден өтуге, екпелерді алуға, емделуге, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының нұсқамаларын орындауға;

  • өтінішті қарастыруға қажетті мәліметтерді тиісті көші-қон қызметтеріне хабарлауға міндетті.

Көші-қон туралы Заңның 23-бабына сәйкес оралмандар қалған шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғаларға қарағанда ҚР тұрақты тұруға рұқсат алу үшін ҚР болу кезеңінде өзінің төлем қабілеттілігін растауды ұсыну қажеттілігінен босатылады.

Дереккөз: Egov.kz

«Мың өліп, мың тірілген» қазағыма рақмет!
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Наурыз мерекесін атап өтті