2018 жылдың 19 ақпанынында «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қалаcындағы қазақ Зағиптар қоғамы мәдениет үйінің жұмысымен танысып, Мәндениет үйдің әнсәмбіліне домбра, гитара, пианино, дыбыс зорайтқыш сияқты музыкалық аспаптар сыйлап қайтты.
«Жебеу» қоғамдық бірлестігінің Төрағасы Омарәлі Әділбекұлы Зағип жандар қоғамына өздерін таныстырып «Біз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізге оралған қандастармыз. Қытай халық республикасында мемлекеттік қызметтерде болғанбыз. Елге келгеннен кейін ғылым академиясында жұмыс жасадық, аспирантурада оқыдық. Ары қарай кәсіп жолына түсіп етек-жеңімізді жинағаннан кейін осындай бір қоғамдық бірлестік құрсақ дегенбіз. 2009 жылы құрылып, Әділет министрлігіне тіркелдік. Басты мақсатымыз екі ел арасындағы қарым-қатынасқа атсалысу, содан кейін оралмандарға заңдық, моралдық жағынан көмек беру, мұқтаж жандардың қажетінен шығу. Еліміздің дамып өркендеу жолындағы мәдени шараларға атсалысу. Осы мақсатта осыған дейін бірнеше шаралар өткіздік. Осының бәрі бірлестігіміздің сайтында тұр. Өткенде сіздер хабарласқаннан кейін бірлестіктің мүшелерімен ақылдасып, бүгінгі сыйылқтарымызды алып келіп тұрмыз. Алдағы уақытта да байланысымыз үзілмейді, қабыл алыңыздар», деп «Жебеу» қоғамдық бірлестігі құрылғаннан бергі бірнеше игі шараларды атап өтіп, сыйлықтарын табыс етті.
«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігіне өз жұмыстарын таныстырған Зағиптар қоғамы мәдениет үйінің басшысы, белгілі кинорежиссер, Алатау Дәстүрлі театрының мүгедектерге мәдени қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Ғазизхан Әділханов: «Мынау Қазақ зағиптар қоғамының мәдениет үйі, жалпы Алатау дәстүрлі театрына қарайды. Бүгін «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі көмектерін жасап, музыкалық аспатар сыйлап отыр. Біздің мәдениет үйде талантты жастар өте көп, Бізде құрылғанына 5 жыл болған «Армандастар», 3 жылдық тарихы бар «Дос», «Атамұра» деген әнсәмілдеріміз бар. Солардың барлығы өзіміздің талантты қазақ жастары. Әншілеріміз Испания, Грузия, Қызғыз елі сияқты алыс-жақындағы шетелдерде байқауларға қатысып, бас жүлдені алып келіп жүр. Бүгін «Армандастар» әнсәмбіліміз Солтүстік Қазақстан облысына гастрольдік сапармен кеткен. Бүгінгі Жебеу жасаған сыйлықты алған «Дос» Әнсамбілі. Осы орайда, барша Жебеудің қайырымды азаматтарына ризашылғым шексіз. Жігіттердің еңбектеріне жеміс, жанұяларына бақыт, дендеріне саулық, ұзақ өмір тілеймін»,- деп жебеуліктерге рақметін айтты.
2006 жылдан бастап осы мәдениет үйде қызмет көрсетіп келе жатқан Ғазизхан Ыбырайханұлы осыған дейін көптеген жұмыстар жасағанын, Көздері көрмесе де бойында таланты бар жастардың жолын ашып, халыққа танытып, өнерлерін шыңдау, мәдени қызмет көрсету басты мақсаттары екенін айтып өтті. Көздері көрмесе де, мүмкіндігі шектеулі болса да Зағиптар Мәдениет үйінің қызметкерлері Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша балалар үйі, қарттар үйі, зейнеткерлер демалатын шипажайлар сияқты орындарға барып тегін концерт беріп, жыл сайын жүзге тарта қайырымдылық шарасын өткізеді екен. Мәдениет үйдің басшысы Аталған мәдениет ошағына жүзге жуық өнерпаз келіп қатысатынын, жыл сайын Наурыз, жаңа жыл сияқты мерекелерді атап өтетінін, ақын, жазушылар мен өнер адамдарын шақырып кездесулер ұйымдастырып тұратынын да тілге тиек етті.
Зағип жандардың көмекке аса зәру екенін, тіпті бір үйде тұратын 4 жанның бәрінің де көзі көрмейтін отбасы бар екенін еске алып, осы мәдениет үйге де көмек қолын сөзатын іскер азаматтардың саусақпен санарлық екенін айтқан Ғазизхан Ыбрайханұлы: «Біз көптеген азаматтарға, ұйымдарға хат жазамыз, өкінішке орай олардан жауап та болмай жатады. 2008 жылы алғаш рет Қазақстандағы Түркияның елшілігі осы мәдениет үйімізді жөндеуден өткізіп, барлық қажетті заттарымызды алып берген. Содан кейін ұлтымыздың алтын азаматы Амантай қажы ағамыз демеушілік жасап келеді. Оразада ауызшар беріп, Құрбан айтта құрбан шалып, ақ дастарханын жайып, қамқоршы болып жүр. Бұдан басқа демеушілерді көрген жоқпыз. Құранда да мүгедектерге қамқорлық жасағанын сауабы көп жазылатыны айтылады. Қазақ Зағиптар қоғамына, Саңыраулар қоғамына көмек жасаймын дейтін абзал жанды азаматтар болса нұр үстіне нұр болар еді. Өткенде теледидар қарап отырып, Жебеудің жігіттерінің қайырымдылық жұмыстарымен айналысып жүргенін көріп, телефон нөмірлерін тауып хабарласып едім, бүгін бізге келіп қуаныш сыйлады. Осы жігіттердің қатарынан табылам деген барша азаматтақа есігіміз ашық», - деп жомарт жандарға сәлемін жолдады.
«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің барша мүшелерінің атынан барған Білестік Төрағасы Омарәлі Әділбекұлы, Хатшысы Қару Қасенұлы, бұрынғы Төрағасы Сабыржан Мұхаметханұлы, мүшелері Жармұхамет Рахымбекұлы, Базарәлі Әріпұлы қатарлы азаматтар Зағиптар қоғамы Мәдениет үйінің басшысы мен мүшелеріне қуаныш сыйлай отырып, әлі де талай көмектерін жасайтынын айтып, жұмыстарына сәттілік тілеп қайтты.
Jebeu.kz