Қытайдың державалық пиғылы

admin2 2018-06-21 0 ℃ Қысқаша

Өткен ғасырдың 80-жылдарынан басталған Дэн реформасының нәтижесінде ұшқан құстай қарқы...

E49BE587-7E70-4876-8B77-D038CFF6566F.jpeg

Өткен ғасырдың 80-жылдарынан басталған Дэн реформасының нәтижесінде ұшқан құстай қарқынмен дамыған Қытай экономикасы 2010 жылы көлемі жағынан әлемде АҚШ-нан кейінгі екінші экономикаға айналғаны белгілі. Ары қарай Қытай іркес-тіркес дүние жүзіндегі ең ірі өндіруші-өңдеуші ел, ең ірі экспорттаушы-импорттаушы ел, ең ірі валюталық қор иесі, ең  ірі алашақ ел мәртебесін иеленді. Оның жер шарындағы ең қомағай тұтыну нарығы екендігі екібастан. Осынау табыстар Қытайды өз кезегінде әлемдік аренадан осы әлеуетіне сәйкес орын иелеуге итермеледі. Әуелде әлемдік шаруалардан өзінің экономикалық қуатына сай жүктемелер, сондай-ақ соған татырлық жауапкершіліктер алуға пейіл екендігін мәлімдеуден бастаған ол, бірте-бірте өзінің қазіргі АҚШ орнықтырған жершарындық ойын ережелеріне мойынсал еместігін, ендігі жерде осы ережелерді атқарушыдан, тыңтуар ойын ережелерін белгілеуге қатысушы салауатына ие болуға тиіс екендігін білдіруге көшті. Билікке Си төраға келген соң, Қытай дипломатиясы Дэн белгілеп кеткен ақырын жүріп, анық басатынстратегияның мезгілі өткендігін, енді әлемдік саясатта айдынданып, ықпал көрсету ауанын басшылыққа алатынын жариялады. Халықаралық режимнің қазіргідей бір супердержава билеп-төстейтін қалпына өзгеріс жасап, жаңаша тұрпатты халықаралық қатынастар жүйесін жасақтауға үндеп, адамзаттың тағдырластығы қауымдастығын қалыптастыру сындыдәріптемелерін ортаға қойды. Сонымен бірге, әлемдік қауымдастыққа өз тарапынан осы бастамаларын іске асырудың, мысалы, бір белдеу, бір жолстратегиясы (“біреулер осыны бастама ма, әлде стратегия ма деп сұрайды. Біз шетелдіктерге ҚКП 18 съезді 5 кеңейтілген жиналысының стратегиясын атқарысыңыздардей алмаймызғой, оларға Қытайдың бастамасы дейміз, ...ал өзіміз үшін бұл бастама емес, стратегияYanxuetong, Чинхуа унив.халықаралық қатынастар инст.ректоры, дүниежүзілік бейбітшілік форумының бас хатшысы)сияқты тетіктерін ұсына бастады. Ресіми ұстанымдағы мұндай өзгерістерден сырт, Қытай қоғамы кезектегі беталысымызбен аз жылда Американы басып озып, дүниенің тізгінін біз меңгеретін боламыздейтін ауанға ауып барады. Ішінара сәлихалы көзқарастар мен сабырлы үндерден тыс, көз алда Қытай қоғамы тұтасымен болдық-толдық дейтін астамшыл көңіл-күйде. Екеуара сауда ерегесінде АҚШ-на е десе ме деген айбат ұстануы(кеше ғана АҚШ-ның 50млрд-тық сомаға салық салатын шешіміне тура сондай сомаға қарсы бажсалығын енгізетінін табанды мәлімдегеніне назар салыңыз) мен аз санды ұлыстарға “не істей аларсың” дейтіндей пейілде өктемдік жүргізуінің қайнары осындай астамшыл көкіректе жатыр. 

Енді, Қытай шынымен осындай құдыретке шақ па, немесе экономикалық, саяси, дипломатиялық, өркениеттік, мөралдық қырынан әлемдік көшбасшылыққа қабылиетті ме деген сұрақтар туындайды.                               

Тақырыпқа қайырылсақ. Қытай экономикасының қарыштап дамығаны, оның, әсіресе, 2008 жылғы шығыс Азиялық қаржы дағдарысынан кейін бүкіл жершары экономикасы өсімініңқозғаушысына айналғаны (үлесшілдігі30%-тен аса)дүние жүзіне ең орнықты және қарымды қаржы жеткізуші болыпотырғандығы талассыз шындық. Ұлан-қайыр жетістіктер, Дэн реформасының жеміс үзер шағында билікке келген Си төрағаға сонау Цин империясының сәулелі шақтарынан кейін кетеуі кеткен елдің ғасырлық арманы - Қытайарманын жариялау бақытын бұйырды. Ол біз Қытай ұлттарының ұлы жаңғыру мұратына және әлемдік сахнаның орталығына тарихтың әрқандай кезеңдерінен де жуықтай түстік, осы мұратты іске асыруға тарихтың әрқандай кезеңдерінен де анағұрлым сенімді және қуаттымыз, таяу заманнан бері небір машақаттарды бастан кешкен Қытай ұлттары орнынан тұру, ауқаттану басқыштарынан өтіп, енді күшеюге қадам басудай ұлы секірісті жасаудаҮлкен елдің Қытайлық өзгешелікке иедипломотиясы - жаңа тұрпатты халықаралық қатынастар орнатуды,адамзаттың тағдырластық қауымдастығын құруды алға сүйреуі болып айқындалуы керек деп жариялады. Осыдан соң-ақ, ақылмандық ошақтар мен оқымыстылар тарапынан Қытайдың дамуын әсіре марапаттау, Қытайдың өркениет тарихындағы әлемнің кіндігі саналатын мұрнағы мәртебесіне әне-міне қайта ие болатындығын сәуегейсу, ел-жұртын жершары экономикасын меңгеру мен көптұтынымды өнім ұсынуға белсене атсалысуға қамшылаухалықаралық қатынастарды тізгіндеу жүйесін жасақтау мен оның ережелерін бекітуге кірісуге шақыру, дамудың қытайлық моделінемесе қытайлық нұсқасын тықпалау, әлемдік істерді заңмен тізгіндеуді осызамандандырудың екінші (қытайлықдемекші) арнасын үсыну, өз экономикалық теориясын жасақтап, онымен батыстың (классикалықэкономикалық теорияларыментәжікелесуге атойлату, адамзаттарихындағы Қытайлық мезеттің” жеткенін сүйіншілеу, т.с.с, қуаттамалар мен әфсаналар басып кетті. Қытайды аспандату және АҚШ пен батысты төменшіктету нысайы көпшілік пікір алаңының басым ауанына айналды. Халықтың 70-ін ұстайтын онсыз да сауаты шамалы былайғы бөлігіәлеуметтік желідегі желікпелермен осындай құдыретті де жұмақты елде жасап жатқандарына сенбесе де сеніп, дүрмекке айқай қосты. Қызды-қыздымен Қытай реформасының бас жобалаушысы - Дэн идеялары мен қуаттамаларын терістейтін, Си төрағаны Елатасы Маомен шендестіретін үндер естіле бастады. Қазірге жеткен табыстарды Си билігі тұсына ғана телитін (жуырда ғана қойылымнан алынған) Кереметсің, елімдеген деректі филм де түсіріп үлгерілдіОсының барлығы айланып келіп Қытай билігінің өзінің  қазіргі бағытына сенімділігін күшейтіп, тегеуірінін шыңай түсуіне дем берді. Қысқасы, Қытайды қазір болдық та толдық деген тоқпейілсу елесі кезіп жүр. 

Ендеше, Қытайдың өз-өзіндік бағасы лайықты ма және ол қаншалықты негізді? Қытайды желпінтіп отырған ең басты себеп, ол - елдің экономикалық көлемі. 2017 жылғы қорытындыда, Қытайдың ЖІӨ 12 трлн АҚШ долларын құрап, жершары экономикасының 15-іне тең келді, ол АҚШ(19 трлн)-нан кейінгі екінші орында. Осыны жан басына шаққанда,АҚШ - 57000, Қытай - 9600, АҚШ-ның 17-не парапар келеді және сарапшылардың межесінше қазіргі өсу қарқынын сақтаған күнде, оның кісі басындық ЖІӨ 2050 жылдар ғана АҚШ-на жете алуы мүмкін. Оның үстіне, жан басындық ЖІӨ тек жан басына шаққандағы жасыл қағаздың ғана ұғымын білдірмейді, ол экономикалық өсімге ықпал ететін жұрттың білім деңгейі, мемлекеттің ғылым-техникалық және инновациялық қуаты, экология, экономикалық жүйесі мен механизмі, мәдениеттің жаңғырғыштығы сынды факторлардың кіріккен жемісі саналады. Сондықтан, көлемге қарап әспенсу, аңдамаса, орға жығуы әбден мүмкін. Мысалы, 80 жылдарда Жапонияның ЖІӨ АҚШ-на жетуге шақ қалған-ды. Жапон иені дүниедегі валюталық қордың 13%-іне, халықаралық саудада есеп айырысудың 25%-іне парапар екінші валюта болатын. Сөйткен Жапон кейін қалай кері кетті? Ең басты себеп - оның тым мардымсып кетуінде еді” (Пан Гань, ЭҒД, Қытай ҚҒА академигі, Пекин унив.профессоры)

Қытай өзінің дүние жүзіндегі ең алып өндіруші-өңдеуші және экспорт-импортаушы мемлекет екендігін алға тартады. Деседе, экономистер оның жершары фабрикасы ретінде өндіріп, экспорттап отырғаны дәстүрлі және көпқолды, еңбеккүші мен қаржылық қамтымалалығы жоғары тауарларыболуынан тыс, аңыз болып жүрген Қытай өндірісінің дамуы дегеннің өзі, осы үдерістің жаңғыртусыз қайталануы әм көлем жағынан ұлғаюы ғана екендігін айтып дабыл қағуда. Имроттайтыны, керісінше, жоғары технология қамтымалы жабдықтар мен өнеркәсіп бұйымдары. Мысалы, Қытай ақпараты Жапония 20 жылын жоғалтып алды, оны электр бұйымдар өндіру нарықынан айдап шықтық деп жүргенде, Жапонияның аталмыш өндірістерді күні өткен салалар деп тауып, өздігінен тастап, осылардың ең өзекті деталдарын өндіруге немесе  одан да ылғары медицина, биология, энергетика, робот жасау сынды болашақтық салаларғакөшіп кеткен болып шықты! Өндірістіосылайша әуелгі деңгейде еселейқайталаушылықтың өзі бүгіндері елдегі өндіріс қуатының асып қалуына соқтырып отырғаны белгілі

Қытай дүниедегі шетел валютасындық қоры ең мол мемлекет, 2017 жылы қоры 3трлн АҚШ долларын құрап, АҚШ-ның 25 есесіне тең келген. Оның бір белдеу, бір жол стратегиясын жасақтау үшін Азияинфрақұрылымы банкін, Жібек жолы қорын жомарттықпен қаржыландыруы,осы әлеуеттің арқасы. Басқа елдергегі инфрақұрылымдық жобаларды инвестициялау, дамушы елдерге дарқандықпен несие таратудың барлығы да осы қайнардан. Бұл әрине оңды жетістік, деседе, бұл да сапалық тұрғыдан сын көтермейтін, өндірушіліктің сол жаңағыдай төменгі деңгейінде тыпырлаудың, мерзімдік жұмысшыға айланған ауылшаруаларының жан беріп-жан алғанжанталасының нәтижесінде қорланған капитал. Ертең темірқұлдар дәуірі жеткен кезде, мұндай қаржы топтау көзінің едемде суалуы әбден кәдік. Қытайдың отандық валюта - юанды халықаралық есептесу құралына шығаруға жанталасып жатқаны бар. 2016 жылы ол Халықаралық валюта қорының(IMF) еркінше пайдаланатын валюта түрін айырбастау құқы(SDF) себетіне енгізілгені де белгілі.Қытай БАҚ-ы осының өзіне әжептәуір желпініп алған. Алайда, юанның қазіргі валюталық қордағы үлестілігі 1%-ке , есептесудегі үлесі 5%-ке де жетпеген қораш халетте.

Дүние жүзінде әскери бюджеті 100 млрдтан асатын екі-ақ мемлекет бар, АҚШ және Қытай..... Әрқандай елдің құрлықты да, теңізді де, әуені де, бәрінқамтыған Қытайдай әскери өндіріс қуаты жоқ”(Yan xuetong). Жөн-ақ, деседе, Қытайдың Украйнадан сатып алып «Liaoning» деп есім берген әуетасығышкемесі(aircraft carrier) мен үстегі жылы суға түскелі отырған өзі жасаған «001А» әуетасығышкемесініңекеуінің қуаты, екеуін қоса санағанда,АҚШ-нікінің біреуіне де жетуге әлі алшақ екен. Ал Америкаңда мұның 11-і мұхитта бұйрық күтіп тұр. Қытай 2016 жылы ғана «Атқыш-20» аталатын атып түсіргіш ұшақты жабдықтап іске қосты, оның сайыпқырандығы Американың 90 жылдардағы Ғ22 түсіргіштеріне деңгейлес болса, арадағы 20 жылдық алшақтықты айтпағанда, АҚШ-ның әскери ұшағы 13000 дана екен де, қытаймұндайдың 3000 данасына қанағат депті.Ағымдағы жылдың 7 ақпанында, АҚШ көтерімділігі 63.8 тонналық «SpaceX»тасығыш зымыранын ұшырды, ал былтыр жыл соңында Қытай ұшырған «Ұлықорған-5»-тің көтерімділігі 25 тоннаны құрайды. Бұл дегеніңіз АҚШ қалаған мезетінде айға ұша беретіндігін білдірсе, Қытайлар мұндай сапарды 2030 жылы іске асыруға барын салып жатыр. Ең шендесті жері: «Ұлықорған-5ды» Қытай дүйім ел болып жабылып жасаса, «SpaceX»ті Elen Musk есімді кәсіпкердің жеке фирмасы өндіріпті! Айта берсе сөз көп, АҚШ мен ҚХР-ның әскери саладағы алшақтығын Қытайдың ашық ойлы теңіз армия генералы, әскери стратегия докторы Zhang shaozhong-нан асырып айтуға келмес: Америка баяғы орнында тұрған күннің өзінде, Қытай 20 жыл қуса да, оған жете қоймайды”.

Ғылым мен техника-технология бағытындағы Қытайлық даңғазаның арты, жуырдағы АҚШ-Қытай сауда тәжікесінде ашылып қалғандай болды. Зияткерлік меншікті сыйламайды, жоғары технологияларға ұрлық жасайды деп айып таққан АҚШ, Қытайға жоғары технологиялы өнімдер экспорттауға шектеу қоюға, Қытайдың ZTEкомпаниясына жаза қолдануға шешім қабылдауы мұң екен, басында айылын жимайтын кейіп танытқан Қытай құрғаққа лақтырылған балықтың күйін кешті де қалды. Сөйтсе, ұлттың мақтанышы, инновацияның үлгісі делініп келген ZTE-нің өзекті деталдары импортқа тәуелді екен! Сағатына 480 шақырымдық жылдамдықты жоғары қарқынды шойынжол салудан өзін әлемнің өнегесі санайтын Қытай, жершарын желіктірген Teslaэлектрокөлігін шығарған Elen Muskтің1200ш/сағаттық қарқынды теміржолды 2008 жылы сынақтан өткізгенінен хабарсызба дейсіз. Мәселе оны жасай алу-алмауда емес, басқа көлік қатынасы жете дамыған, жері кең де адамы аз Америка үшін мұндай құралға салық төлеушілердің қаржысын шашу тиімсіз де ұят қылық саналыпты. Қытай зияткерлік патент санының, ғылыми зерттеу мақалалар санының дүние жүзінде алдынғы орынға шыққанымен даурығып жатады. Алайда, ол түптапқырлық, алдынғы лектегі инновациядан АҚШ емес, біраз елдің қолына су құйып бере алмастай халде. Басты индустриялық салаларды алып салыстырсақ, Қытай үй электржабдықтары, құрылыс материалдары, теміржол өндірісінде басымдыққа ие болғанымен, жоғары өңдеушілік, ғылым-техникалық инновация, әуе-ғарыш технологиясы, қаржылық қызмет көрсету, биологиалық және ІТ технологиясы сынды бір мемлекеттің шынайы заманауи әлеуәтін көрсететін салаларда АҚШ мен батыстан әлі ширек те жарты ғасырға кенже екендігін Қытайдың ұяты бар отандақ ғалымдары көтеріп шыр-пыр болуда.Мысалы, Жапониядан 40, АҚШ-нан 35, Франциядан 10 компания енген 2015-жершарындағы 100 инноиациялық кәсіпорынның ішіне бірде-бір Қытай компаниясы кіре алмаған.

Осындай көзге ұрып тұрған экономикалық, ғылыми-техникалық жетімсіздіктерден тыс, Қытайда зардабы әзірге біліне қоймағанымен, келешекте ел экономикасының жетілуі мен қоғамның тұтастай дамуына тосалғы боларлық түйткілдер жетерлік-те. Мысалы, БҰҰ халық саны департаментінің межесі бойынша, ұзақ мерзімді тууды шектеу саясатының нәтижесі есебінде, 20 жылдан кейін Қытайдың жұмыс күшіжар құлағандай кеміп, 90 млн азаюымүмкін екен. Ғасыр соңында қарттар саны 50%-ке жетуі ықтимал. Қытай дүние жүзіндегі судың 6%-ін, егістік жердің 9%-ін ғана меншіктеуіне қарамай, әлемнің 50% болатын, 52% алюминін, 60% цементін өндіріп шығарды, жершарының 50% энергиясын сарп етті(Liu xiao, қаржы және зкономика профессоры, Пекин унив. Гуан хуа басқару инст.ректоры). Мұндағы соңғы цифр экологияның оңбастай залалдануынан дерек береді. Қытайдың бүгінгі жетістігінің қоршаған ортаны аяусыз құрбан ете отырып қолға келгендігі, онсызда, жұрттың бәріне аян. Тұрғындардың табыс айырмашылығының асқынуы, қала мен ауыл арасындағы аттау бермес алшақтықтар, тууды жоспарлау шақтарында туылған еркетотайлардың мөралдық азғындауы, бір партиялық жағдайдағы сананың тоғышарлануы, т.с. әңгімелер өз алдына бір төбе.

Білгеніміз, қырық жыл аршынды дамып, дүниені таң қалдырған жетістіктеріарқылы жершарындағы ең толысқан өндіру-өңдеу жүйесін жасақтап, классикалық индустриялануды іске асырған Қытайбүгіндері өз буына өзі адасқандай кептеМәселенің маңызы мынада болып тұр: бағамдағанға, оның жетістіктері статистикалық тұрғыдан кереметтей-ақ болғанымен, сырт көзбен және әлемдік көзқиығымен обьективті қарағанда, сапалық тұрғыдан сын көтермейтіндей ахуалдаАл бүгінгітабысына көзі шелденген елдің әлемдік көшбасшылыққа ұмтылу арынының бәсеңдер түрі көрінбейді.

Мақаламызды 1991 жылғы Новел сыйлығының иегері, инновациялық экономиканың білгірі Ronald Coase-нің Қытайға берген мына ескертпесімен ақырластырғымыз келеді: Қытайдың артта қалған 30 жылына қайырыла көз тастасақ, оның табыстары адамның таңдайын қақтырады, алдыға көз салсақ, оның шұғылалы келешегі жалт-жұлт етеді. Бірақ, бүгінгі Қытай экономикасы бір маңызды мәселеге дөп келіп отыр, ол- идея нарықының тапшылығы, Қытай экономикасының барлық кінараты мен қатерінің қайнары да осында жатыр

  Құрмет Қабылғазыұлы

   Дереккөз: "Дат"

   Jebeu.kz


Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығының (KSAC) 7-ші құрылтайы өтті
Кері қайту