Мемлекет басшысының атына келіп түскен құттықтаулар

Уақыты: 2018-07-26 Көрлімі: 1528 Сипаттама

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Астананың 20 жылдық мерейтойына және туған күніне орай ше...

2018070706241448.jpg

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Астананың 20 жылдық мерейтойына және туған күніне орай шетел үкіметтері мен мемлекеттері басшыларынан, өкілетті органдар депутаттарынан, халықаралық ұйымдардың, қазақстандық және шетелдік мемлекеттік органдардың жетекшілерінен, дипломатиялық миссиялардың, қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың басшыларынан, дін, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінен, еңбек ұжымдары мен жұртшылық өкілдерінен көптеген құттықтаулар келіп түсті.

Мемлекет басшысының атына Ресей Федерациясының Президенті В.Путин, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, АҚШ Президенті Д.Трамп, Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоған, Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиёев, Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмон, Қырғыз Республикасының Президенті С.Жээнбеков, Түрікменстан Президенті Г.Бердімұхамедов, Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко, Украина Президенті П.Порошенко, Әзербайжан Республикасының Президенті И.Әлиев, Армения Республикасының Президенті А.Саркисян, Грузия Президенті Г.Маргвелашвили, Молдова Республикасының Президенті И.Додон, Польша Республикасының Президенті А.Дуда, Сербия Республикасының Президенті А.Вучич, Хорватия Республикасының Президенті К.Грабар-Китарович, Словения Республикасының Президенті Б.Пахор, Болгария Республикасының Президенті Р.Радев, Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин, Монғолия Президенті Х.Баттулга, Франция Республикасының Президенті Э.Макрон, Испания Королі VI Фелипе, Иордания Королі ІІ Абдалла, Бахрейн Королі Хамад бен Иса әл-Халифа, Монако Князі ІІ Альбер, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Д.Медведев, Монако Княздігінің Премьер-Министрі С.Телль, Армения Республикасының Премьер-Министрі Н.Пашинян, Люксембургтің Премьер-Министрі К.Беттель өздерінің құттықтау хаттарын жолдады.

Шетел үкіметтері мен мемлекеттері басшылары жеделхаттарында тәуелсіз Қазақстанның қалыптасып, дамуындағы, жас елордамыз – Астананы салудағы, сондай-ақ мемлекетаралық байланыстарды кеңейтудегі, өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті нығайту ісіндегі Мемлекет басшысының жеке үлесіне жоғары баға беріліп, Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық аренадағы зор беделі аталып өтеді.

Халықаралық және шетелдік ұйымдардың, дипломатиялық миссиялардың басшылары мен өкілдері және шетелдік саяси қайраткерлер Мемлекет басшысының көпжақты ынтымақтастық пен жаһандық тұрақты даму идеясын, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті одан әрі нығайтуға бағытталған бастамаларды белсенді ілгерілету жөніндегі көпжылғы сындарлы саясатын ерекше атап өткен.

Құттықтау хаттарын жолдағандар қатарында БҰҰ Бас хатшысы А.Гуттериш, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Р.Алимов, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Бас хатшысы Ю.Хачатуров, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Т.Гремингер, Араб мемлекеттері лигасының Бас хатшысы А.Гейт, Дүниежүзілік Ислам лигасының Бас хатшысы Мұхаммед әл-Исса, Ислам ынтымақтастығы ұйымының Бас хатшысы Юсеф әл-Осеймин, Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Д.Қасейінов, Түркі тілдес елдер Парламенттік ассамблеясының Бас хатшысы А.Мамаюсупов, Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Р.Гасанов, ТМД атқару комитетінің төрағасы – атқарушы хатшысы С.Лебедев, ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің Бас хатшысы Ю.Осипов, Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы Т.Саркисян, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің атқарушы директоры Г.Цзяньвэй, Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Р.Азеведо, Еуразиялық экономикалық одақ Іскерлік кеңесінің президенті В.Христенко, Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Г.Эфендиева, Еуропа одағының комиссары Г.Оттингер, ТМД экономикалық сотының төрағасы Л.Каменкова, Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы келісім ұйымы Дайындық комиссиясының Атқарушы хатшысы Л.Зербо, БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) Бас хатшысы М.Китуйи, Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл академиясының ректоры М.Кройтнер, БҰҰ Ғарыш кеңістігі мәселелері жөніндегі басқарманың директоры С.Ди Пиппо, Германия экономикасының Шығыс комитетінің төрағасы мен басқарушы директоры В.Бюхеле және М.Хармс, Еуропалық геронтология және гериация қауымдастығының вице-президенті В.Хавинсон, Мемлекетаралық авиация комитетінің төрайымы Т.Анодина, «Словакия-Қазақстан» парламентаралық достық тобының жетекшісі П.Марчек, Болгария Республикасының вице-президенті М.Попова, Румыния Парламенті Сенатының төрағасы К.Попеску-Таричану, Румыния Депутаттар палатасы төрағасының орынбасары Ф.Иордаке, Еуропалық парламенттің мүшелері И.Григуле-Петерсе, Б.Ковач, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Д.Крол, Украинаның Каменский қаласының (бұрынғы Днепродзержинск қаласы) мэрі А.Белоусов, Токио қаласының губернаторы Ю.Коике, Франция Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаты П.Кабаре, Бундестаг депутаты М.Грунд, «Горбачев-Фонд» әлеуметтік-экономикалық және саяси зерттеулер халықаралық қорының президенті, КСРО-ның бұрынғы президенті М.Горбачев, Украинаның бұрынғы президенті Л.Кучма, Хорватия Республикасының бұрынғы президенті С.Месич, Германияның бұрынғы канцлері Г.Шредер, «ЛЕВЫЕ» партиясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ГДР-дің бұрынғы премьер-министрі Х.Модров, Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы А.Бельянинов, ТМД-ға мүше елдердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының төрағасы әрі тең төрағасы П.Бюльбюль Оғлы мен М.Швыдкой және басқа да азаматтар бар.

Мәселен, БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш: «Сіздің басшылығыңызбен Ұлы Даланың кіндігінде орналасқан шағын қала Қазақстанның жаңа елордасына айналып, заманауи әрі әлемдік мегаполис ретінде танылды», – деп атап көрсеткен.

Ал, ТМД атқарушы хатшысы С.Лебедев өз жеделхатында: «Бүгінде Астана – заманауи қайталанбас сәулеті бар, шығыстың да, батыстың да мәдениетін ұштастырған әлемдегі керемет астаналардың біріне айналды. Ол мемлекетті біріктірудің және ұлттық идеяның іске асырылуының символы болып саналады. Қазақстан Республикасының елордасы бүгінде ірі халықаралық форумдар, әлемнің жетекші елдері басшыларының кездесулері, конфессиялық конференциялар, әлеуметтік-мәдени, спорттық және гуманитарлық іс-шаралар өтетін  бүкіл посткеңестік кеңістіктегі орасан зор мегажобаға айналды», – деп жазады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Р.Алимовтің хатында Қазақстанның халықаралық беделі және оның әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдаудағы рөлі айрықша атап өтілген.

«Сіз ұсынған және бүгінде қарқынды түрде іске асып жатқан елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың тиімді моделі Қазақстанды әлемнің озық дамыған елдерінің қатарына қосатыны сөзсіз.

Сіздің өзара құрметке, сенімді диалог пен сындарлы серіктестікке, қазіргі сын-тегеуріндер мен қатерлерге бірге төтеп беруге негізделген әділетті әрі теңдестірілген әлемдік тәртіпті қалыптастыруға бағытталған бастамаларыңызды дүниежүзілік қоғамдастық жоғары бағалайды», – делінген Р.Алимовтің хатында.

***

Мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, сондай-ақ шетелдік коммерциялық құрылымдардың өкілдері мен ТМД елдері азаматтарының хаттары мен жеделхаттарында Қазақстан Президентінің өңірдегі мемлекетаралық байланыстарды дамытуға, мәдени және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі атап өтілген. Осындай құттықтауларды Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы В.Матвиенко, Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрі Д.Мантуров, Ресей Федерациясы Сыртқы барлау қызметінің директоры С.Нарышкин, Татарстан Республикасының басшысы Р.Минниханов, Башқұртстан Республикасының басшысы Р.Хамитов, Ингушетия Республикасының басшысы Ю.Евкуров, Санкт-Петербург губернаторы Г.Полтавченко, Орынбор облысының губернаторы Ю.Берг, Саратов облысының губернаторы В.Радаев, Астрахань облысының губернаторы А.Жилкин, Курск облысының губернаторы А.Михайлов, Пенза облысының губернаторы И.Белозерцев, Омбы облысы губернаторының міндетін уақытша атқарушы А.Бурков, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы К.Бусыгин, Уфа қалалық округі әкімшілігінің басшысы И.Ялалов, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік думасы Халықаралық істер жөніндегі комитеттің төрағасы Л.Слуцкий, Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Мемлекеттік думасының депутаты И.Ресин, Татарстан Республикасының тұңғыш президенті, Татарстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі М.Шаймиев, Башқұртстан Республикасының тұңғыш президенті, «Урал» қайырымдылық қоры кеңесінің төрағасы М.Рахимов, Ингушетияның тұңғыш президенті, Кеңес Одағының Батыры Р.Аушев, Кәсіподақтардың жалпыға ортақ конфедерациясының бас хатшысы В.Щербаков, Ставрополь өлкесі Думасының төртінші шақырылым депутаты, «СРВ заң агенттігі» ААҚ-ның бас директоры Р.Савичев, Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясының президенті Т.Дусенбаев, кәсіпкер С.Вайншток, мемлекет қайраткері Т.Мансұров, Әзербайжан Республикасының еңбек ардагері С.Гусейнов, Омбы қаласының тұрғыны М.Қайыров, Ресей ғалымдары – Э.Тен, А.Вилипп және А.Смолькин, Финляндия Республикасындағы орталықазиялық «Жұлдыз» қоғамының төрағасы М.Пейпонен және басқа да азаматтар жолдаған.

Сондай-ақ, «РТЖ» ААҚ президенті О.Белозеров, «Роснано» АҚ бас директоры А.Чубайс, «ВТБ» банкі басқармасының төрағасы А.Костин, «Access Industries CIS, LLC» компаниясының басшылары Л.Блаватник пен С.Карпухович, «Транснефть» БАҚ вице-президенті В.Рушайло, «Камаз» ААҚ бас директоры С.Когогин, «Газпромнефть» БАҚ басқарма төрағасы А.Дюков, «Русснефть» ҰК» БАҚ директорлар кеңесінің төрағасы М.Гуцериев, «Газпром» БАҚ басқарма төрағасы А.Миллер, «Сбербанк» БАҚ басқарма төрағасы Г.Греф, GP Gunter Papenburg AG құрылыс концернінің басшысы Г.Папенбург, «Мабетекс групп» компаниясының жетекшілері Б.Паколли мен А.Паколли, «Арети» халықаралық компаниялар тобының президенті И.Макаров, «Эни СпА» компаниясының атқарушы директоры К.Дескальци, «CNPC» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы В.Илинь, «Bombardier» компаниясының басқарма төрағасы П.Бодуан, «Интер РАО ЕЭС» БАҚ басқарма төрағасы Б.Ковальчук және басқа да азаматтар сауда қатынастарын дамытуға және экономиканың түрлі салаларындағы интеграциялық үдерістерді нығайтуға көңіл бөлгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа ерекше алғыстарын білдірген.

Беджет Паколли өз хатында: «Астана – әлемдегі әсем қалалардың бірі. Астана аңсаған арман мен ауқымды жоспарлардың іс жүзінде орындалғанын көрсетті. Елорда мен бүкіл Қазақстанды дамытудағы жетекші рөл Отаны мен барша қазақстандықтардың бақыты, игілігі үшін қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан көреген Ұлт көшбасшысына тиесілі екендігі күмәнсіз. Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасын тұрақтылық, бейбітшілік пен даму жолында сенімді түрде бастап келе жатқан көрнекті мемлекет қайраткері», – деп атап өткен.

***

Елорданың 20 жылдық мерейтойымен және Қазақстан Президентінің туған күнімен құттықтаған жеделхаттарын Мәскеу және Бүкіл Русь патриархы Кирилл, Қазақстанның Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз, Қазақстан православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті Александр, Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының, Ресей мүфтилер Кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин, Орал және Ақтөбе архиепископы Антоний да жолдады.

Қазақстанның Бас мүфтиі өз құттықтау жеделхатында: «Елбасы мен елорда – егіз ұғым. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында алтын әріппен жазылған игі бастамаларыңыз әрқашан баянды болғай», – деп атап өткен.

Қазақстан православ шіркеуінің басшысы, Астана мен Қазақстан Митрополиті Александр өз құттықтауында Нұрсұлтан Назарбаевқа: «Аса жауапты мемлекеттік қызметті атқара отырып, Сіз Қазақстанның болашақта тиімді дамуы үшін қолайлы жағдай жасап келесіз. Өзіңізге тән өнегелілік пен табандылықтың арқасында Сіз ел мүддесін лайықты қорғап, оның әлемдегі беделін арттырдыңыз. Мол саяси тәжірибеңізге негізделген  дана парасатыңыз мемлекетіміздегі тұрақтылықтың кепілі саналады», – деп атап өткен.

***

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына толағай табыс және Елбасының халықаралық саяси, экономикалық және бітімгершілік қызметіне жаңа жетістіктер тілеген құттықтау хаттар мен жеделхаттар «Астана» халықаралық қаржы орталығының, «KEGOС» АҚ-ның, «Теңізшевройл» ЖШС-нің, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның, «Kazzinc Holdings» ЖШС-нің, «Еуразия банкі» АҚ-ның, «MarkArt» ЖШС-нің, «Рысбай и Ко» ЖШС-нің, «Асыл Бала» республикалық қауымдастығының, «Келет» АҚ-ның, «Altyn Tau Company» ЖШС-нің, «Caspian European Club», «Caspian American Club», «Caspian Asian Club» және «Caspian Energy International Media Group», «Caspian Energy Investment Group LLC» компаниялар топтарының ұжымдарынан келіп түсті.

«Kazzinc Holdings» ЖШС-і директорлар кеңесінің төрағасы Н.Попович: «Елорданың Астанаға көшірілуі – Сіздің стратегиялық тура есебіңіздің, саяси ерік-жігеріңіздің және ауқымды түрде ойлай білгеніңіздің үлгісі. Қазақстанның бас қаласының салынуы бүкіл посткеңестік кеңістікте ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында жүзеге асырылған ең ауқымды жоба ретінде тарихқа енеді», – деп жазған.

***

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы А.Перуашев, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы Ә.Бектаев Қазақстан Президентінің саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларына қолдау көрсете отырып, еліміздің саяси партияларының көптеген мүшелерінің атынан жылы лебізге толы құттықтауларын жолдады.

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы А.Перуашев өз құттықтау хатында: «Ширек ғасыр бұрын Қазақстан астанасы Алатау бөктерінен Сарыарқаның сары даласына көшірілді. Сіздің көрегендік әрі тарихи шешіміңіз тәуелсіз Қазақстанның жылнамасына алтын әріптермен жазылған айтулы оқиға болды. Қысқа мерзім ішінде Астана ғажайып қалаға, тәуелсіз мемлекетіміздің алтын ордасына айналды. Оны тек қазақстандықтар ғана емес, бүкіл әлем мойындады. Астана қазақ халқының жетістіктерінің көрсеткіші әрі Сіздің сындарлы саясатыңыздың арқасында еркіндік пен бейбітшіліктің символы бола отырып, қазақстандықтар үшін ұлттық идеяның жарқын көрінісіне айналды. Бұл – барша халқымыздың ерен еңбегінің нәтижесі», – деп атап өткен.

Келіп түскен көптеген құттықтау жеделхаттарында Елбасының тәуелсіз Қазақстанды дамыту, елорданы салу ісіндегі еңбегі жоғары бағаланады. Мемлекет басшысына осындай ізгі тілектерін білдіргендер қатарында Халық Қаһарманы, армия генералы М.Алтынбаев, Қазақстанның Еңбек Ерлері Ж.Үшкемпіров пен А.Миразова, Социалистік Еңбек Ері С.Жұмабекова, Социалистік Еңбек Ері К.Дөненбаеваның отбасы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Бейбітшілік және Прогресс мемлекеттік сыйлығының лауреаты С.Жиенбаев, Қазақстанның халық әртістері Е.Хасанғалиев пен Н.Нүсіпжанов, мемлекет және қоғам қайраткерлері М.Жолдасбеков, Ш.Құлмаханов, Т.Сауранбеков, «Қазақстан жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі басқармасының төрағасы Ұ.Есдәулет, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Р.Балабиев пен жазушы Ж.Ерғалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Т.Мұхамеджанов, «МИР» МТРК басқарма төрағасы Р.Батыршин, «Айғақ» телерадиокомпаниясының басшысы Д.Әбіш, «Тәуелсіздік Тұғыры.kz» қоғамдық-саяси журналы бас редакторының міндетін атқарушы Ж.Мұсабай, Қазақстан журналистер одағының мүшесі С.Жұмабай, «ТАСС» ақпарат агенттігінің бас директоры С.Михайлов, болгарлық музыканттар А.Симеонов пен Р.Наков және басқа да азаматтар бар.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Т.Мұхамеджанов Елбасыға арнаған құттықтау жеделхатында: «Күрделі де ауыр кезеңдерде, жүзеге асуы мүмкін еместей көрінген шақта, күрмеуі қиын міндеттер мен мәселелерді шешу ісіндегі Сіздің табандылық танытқан әрбір сәтіңіз есімде. Сіз жаһандық жасампаздыққа қол жеткізуде қажымас қайрат пен сенімнің жарқын үлгісін көрсеттіңіз. Міне, бүгін жиырма жыл өткен соң, әлемдегі әдемі әрі заманауи қалалардың біріне айналған Отанымыздың әсем елордасын көріп отырмыз. Халқымыз бен еліміздің болашағы жолында жасаған ерен ерлігіңіз үшін Сізге рахмет айтамыз», – деп атап өткен.

Отандық және шетелдік ғылыми қауым өкілдері де Мемлекет басшысына өздерінің жылы лебіздерін арнаған құттықтауларын жолдады. Солардың қатарында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры В.Садовничий, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Т.Балықбаев, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры М.Ибатов, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің ректоры Б.Жәутіков, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының директоры А.Сидорович және оның түлектері, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры У.Қалижан, «Курчатов институты» ғылыми-зерттеу институтының жетекшісі Е.Велихов, Тау-кен ғылымдары академиясының президенті Ю.Малышев, Еуразиялық тау-кен ғылымдары академиясының президенті Н.Рыспанов, М.Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институтының директоры Н.Айтхожина, «МИСиС» ұлттық ғылыми-зерттеу техникалық университетінің ректоры А.Черникова, академиктер – С.Қирабаев, Ә.Бейсенова, К.Нәрібаев, Халықаралық балалар қорлары қауымдастығының президенті А.Лиханов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының ұжымдары, Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің ұжымы мен студенттері және басқа да азаматтар бар.

Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры В.Садовничий өзінің құттықтау хатында: «Астананы салу және өркендету – Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен керемет жетістіктерге жеткен және әлемдік деңгейде мойындалған жаңа мемлекеттің символы. Қазақстанның еңселі елордасы Астана осы жылдар ішінде елдің жетістіктерін айшықтайтын әрі өзгерістер нышаны саналатын  әсем қалаға айналды» – деп атап өткен.

***

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының атына «Валерий Гергиевтің қайырымдылық қоры», «Қасиетті жол» қайырымдылық қоры», «Казак атамандарының одағы», «Арман» ақпараттық-консалтингтік орталығы», «Талдықорған қаласының жүргізушілер одағы», «Көмектес» зағип жандар қоры», Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы», «Алматы облысы жобалау, жобалау-іздестіру ұйымдарының ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі сияқты ТМД және Қазақстанның қоғамдық ұйымдарының басшылары мен мүшелерінен және басқа да азаматтардан құттықтаулар келді.

***

Еліміздің азаматтары да Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы және Астананы өркендету ісіндегі Елбасының рөлі мен еңбегін жоғары бағалаған көптеген құттықтау хаттарын жолдады. Кейбір хат иелері Астана мен Мемлекет басшысына өздерінің өлеңдері мен әндерін арнаған. Осындай құттықтау хат жолдағандар: елорда тұрғындары – Н.Бекенова, К.Бұрмағанов, А.Ераман, Д.Есин, Б.Иманалиев, М.Зубайраев, Н.Павленко, Т.Сапаров, Г.Шишов, Рогалевтер отбасы, Алматы қаласының тұрғындары – Г.Әбдікенов, Е.Тегісбаев, Шымкент қаласының тұрғындары – М.Байғабылов, Ә.Батыржанов, Б.Дүйсенсахы, Ә.Игілікова, М.Мамбетов, Ақмола облысының тұрғыны – В.Гинаятов, Ақтөбе облысының тұрғыны – М.Абашева, Алматы облысының тұрғындары – Буковтар отбасы, К.Алмереков, Ә.Батырбаев, К.Бұрымбаева, Н.Домке, Ш.Ерланұлы, В.Исағұлов, Б.Түймебаева, Батыс Қазақстан облысының тұрғыны – Т.Құбашев, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары – С.Қалиғожин, А.Қамидоллақызы, Е.Оразалин, Жамбыл облысының тұрғындары – Р.Асылбеков, А.Дүйсенбекова, Мырзахметовтер отбасы, Н.Өменов, Қарағанды облысының тұрғыны – В.Мякинкин, Қостанай облысының тұрғындары – А.Крюков, Н.Ольченко, Қызылорда облысының тұрғыны – З.Әбілқасымова, Павлодар облысының тұрғыны – Д.Ақатаев, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары – В.Алексеева, К.Әубәкірова, И.Иванкина, Түркістан облысының тұрғындары – В.Андрюков, А.Қалғанбаев, Б.Қырғызалиев, С.Көлгінов, А.Мұхамеджанов, С.Наров, О.Өтенов, К.Пошаев, Т.Томарбаев және басқа да азаматтар.

Астана тұрғыны Д.Есин құттықтау хатында елорданың Астанаға көшірілуі барша қазақстандықтардың өміріне, соның ішінде өзінің тағдырына елеулі түрде әсер еткенін атап өтті.

Ол: «Бүгінде Астана – әсем қала ғана емес, сондай-ақ ақылды шаһар. Елордада жайлы тұрмыс үшін барлық жағдай жасалған. Заманауи құрал-жабдықтың арқасында бас қала хирургтері менің балама сәтті ота жасады. Ол қазір толық жазылды.

Білім, мәдениет және спорт салаларына арналған инфрақұрылым нысандары толықтай қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл елорда тұрғындарының жан-жақты дамуына оң ықпал етеді.

Президенттің бітімгершілік саясатының және Астананың арқасында Қазақстан бүкіл әлемге танылды. Біздің бейбіт әрі өзара келісім жағдайында өмір сүріп жатқанымыз Мемлекет басшысының көрегендік саясатының нәтижесі деп білемін», – деп жазған.

Мемлекет басшысының елімізді өркендету ісіндегі зор үлесін Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптастары мен курстастары, сондай-ақ ауылдастары атап өткен. Олардың қатарында С.Исаев, Е.Жүнісбеков, Т.Спаев, Ә.Кәрімов, Ә.Баубекова, Р.Сиразитдинова, Н.Қапалбеков, К.Мұсағұлов, А.Көсемова, З.Елтаев, Б.Сертеков және басқа да азаматтар бар.

***

Мемлекет басшысының атына жолданған көптеген құттықтаулар еліміздегі министрліктердің және ведомстволардың басшыларынан, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың әкімдерінен, депутаттық және дипломатиялық корпус өкілдерінен, ұлттық компаниялар мен басқа да мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларынан келіп түсті.

***

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз атына келіп түскен хаттардың барлығымен мұқият танысып шықты және барша хат иелеріне құттықтаулары мен ізгі тілектері үшін алғысын білдіреді.

Дереккөз: "Ақ Орда"

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Сайрагүл Сауытбайдың соты тағы да кейінге қалды
    Сайрагүл Сауытбайды сот залынан босатуды сұрады