Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесінің саммитін ашты

Уақыты: 2018-09-03 Көрлімі: 1660 Сипаттама

Ыстық көлдің жағасында Түркі елдері ынтымақтастық кеңесінің VI саммиті басталды, деп xа...

20180903102933.jpg

Ыстық көлдің жағасында Түркі елдері ынтымақтастық кеңесінің VI саммиті басталды, деп  ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Жастар саясаты және ұлттық спорт түрлері саласындағы ынтымақтастық» тақырыбындағы биылғы саммитке кеңеске мүше Қазақстан, Қырғызстан, Түркия мен Әзербайжан президенттері қатысуда. Сондай-ақ, жиынға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев пен Мажарстанның Премьер-Министрі Виктор Орбан келді.

 Отырыс Шыңғыс Айтматов атындағы музейде өтуде. Саммиті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты. 

 «Түркі тілдес елдері ынтымақтастық кеңесінің көптен күткен саммитінде сіздермен кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Ең алдымен қырғыз елінің жауһары - Ыстық көлдің жағасында қонақжай көңілмен қарсы алған қырғыз елі мен оның президенті Сооронбай Жээнбековке айрықша алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар, арамызда отырған Өзбекстан президенті Шавкат Миромонұлы Мирзиёевке қош келдіңіз дейміз. Бүгінгі жиынға арғы бабалары түркі тектес Мажарстанның Премьер-Министрі Виктор Орбан мырзаның қатысып отырғанын ерекше атап өткім келеді. Қадірлі қонақтардың бүгінгі басқосуға келуі Түркі кеңесінің аясы кеңейіп, маңызы артқанын көрсетеді. Саммитте қол жеткізген уағдаластық пен шешімдердің арқасында өзара ынтымақтастығымыз бен бауырластық байланыстарымыз одан ары артады деген сенімдемін», - деді Елбасы.

 Саммит барысында бірқатар құжаттарға қол қойылады. Сондай-ақ, кеңес мүшелері Шолпан-Ата декларациясын қабылдайды деп жоспарлануда. Ал ұйымның Бас xатшысы қызметіне Қазақстанның өкілі сайланады. Мемлекет басшысы Түркі кеңесінің төрағалығын ресми түрде Қырғызстанға тапсырады.

 Айта кетейік, Түркі елдерінің ынтымақтастық кеңесі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын. Кеңестің алғашқы саммиті 2011 жылы Алматы қаласында өтті. Ұйымның негізгі мақсаты - түркі елдері арасындағы мәдени-руxани байланыстарды дамыту. 

Бүгінде кеңестің құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Түркия мен Әзербайжан кіреді. Ұйымның жанында сыртқы істер министрлерінің кеңесі және ақсақалдар кеңесі жұмыс жасайды. Олар Түркі кеңесінің жұмысын ұйымдастырып, реттеп отырады. Кеңеске қарасты төрт негізгі ұйым бар. Олар - Түркі мәдениеті мен өнерін дамыту (TÚRKSOY) халықаралық ұйымы, Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы (TÚRKPA), Түркі академиясы xалықаралық ұйымы (TWESCO) және «Мирас» Түркі мəдениетінің қоры. Бұдан бөлек, Түркі кеңесінің аясында Іскерлік кеңес жұмыс істейді. Оның негізгі мақсаты - шағын және орта бизнес салаларындағы ынтымақтастықты нығайту, жалпы инвестициялық климатты жақсарту. 

Биылғы саммит қарсаңында III Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ресми түрде ашылды.  Салтанатты шараға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • ҚР Білім және ғылым министріне хат
    Алдағы үш жылда Солтүстік Қазақстан облысына шамамен 3000 отбасын көшіру жоспарланған