2018 жылдың 8 қарашасында Қазақстан Республикасының Қытайдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев Қытай Сыртқы істер министрінің көмекшісі Чжан Ханьхуймен кездесті, деп Қазақстан Республикасының Қытайдағы елшілігінің баспасөзіне сілтеме жасап хабарлаймыз.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан - Қытай қарым-қатынастары, екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі дипломатиялық байланыс және әр түрлі салалардағы ынтымақтастық туралы пікір алмасты.
Jebeu.kz