19 қаңтар күні Қазақстан республикасының Қытайдағы төтенше және өкілетті елшісі Шаxрат Шакизатұлы Нұрышев Қытайдағы қазақтардың Бейжиң қаласындағы Орталық радиостанциясына аранйы сұxбат берді. Бұл туралы аталған радионың тілшісі Балапан Әріпжанұлы Рабатов xабарлады. "Сұxбатта бас елші Қазақстан мен ҚХР арасындағы сан салалы байланыс пен мәдени қарым-қатынастардың нәтижесін баяндап, алдағы уақытта бұқаралық ақпарат, ғаламтұр, жаңа медия арасында тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап көрсетті" дейді орталық радио.
Шархат Шакизатұлы Қытайдың “Бір белдеу - бір жол» стратегиясы мен Қазақстанның «Нұрлы жол» бағдарламасының тоғысуы, екі ел арасындағы экономикалық және достық қарым қатынасты бекемдеуге жол ашатын бағдарламалар мен іс-шаралардың маңызы туралы тоқталып, жаһандану дәуірінде ақпарат ауысып,теле-радио қызметкерлерінің кәсби өресін көтеру мақсатында маман дайындау жағы мен тағы басқада көптеген тәжірибелер алмасудың қажеттілігін айтқан.
Нұрышев мырза Орталық радиостанциясы қызметкерлерімен дөңгелек үстел өткізіп, ел арасындағы мәдени қарым-қатынас пен салалық ауыс-күйіс аясында аңгімелескен. Радио қызметкерлерінің айырықша ролын тілке тиек етіп, екі елдегі қазақ тілді радио бағадарлама алмасу, ақпараттық терминдерді арналандыру, музыка мұраларын жинау жағынан бірлесе отырып жұмыс жасау керегін атап өткен.
Jebeu.kz