10 ақпан күні Астанада «Отандастар» қорының ұйымдастыруымен елге оралған қандастар арасында шағын футболдан «Alash» турнирі өтті. «Кеден» спорт кешенінде өткен жарысқа 11 команда қатысты.
«Отандастар» қорының менеджері, жоба жетекшісі, ақын Талапбек Тынысбекұлы "Мақсатымыз - бұқаралық спортты дамыту және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Турнир қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі үш сатыны қамтиды, мамыр айында «Alash» турнирі республикалық деңгейде өтеді" деді.
Финалда «Алтай-Арқа» және «Астана-Сауыр» командалары кездесіп, қорытындысында «Алтай-Арқа» командасы бірінші орынды иеледі. «Тамирлан» және «Зерделі ақыл-ой дамыту орталығы» командалары үздік төрттікке кірді. Ойын соңында үздік ойыншылар мен жүлдегер командалар қаржылай сыйланды.
Jebeu.kz