Сайлау-2019. Кандидаттардың қазақ тілінен кімдерге емтихан тапсыраптыны белгілі болды

Уақыты: 2019-04-19 Көрлімі: 1636 Сипаттама

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында президенттікке кандидаттардың мемлеке...

d3575213d6bc621deaf0a2ae525344d5.jpeg

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгеруін анықтайтын лингвистикалық комиссия құрылып, оның мүшелері бекітілді.

"Сайлау жарияланғаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы Білім министрлігімен, жетекші оқу орындарының ректорларымен бірнеше кеңес өткізді. Осы кеңестердің қорытындысында Орталық сайлау комиссиясының жанынан құрылатын Лингвистикалық комиссияның құрамына  мына азаматтарды ұсынамын: Мырзатай Жолдасбеков - фиология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түркология кафедрасының меңгерушісі; Әділ Ахметов -  фиология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі; Ғарифолла  Есім - философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі; Серік Қасқабасов - фиология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі; Гүлтас Құрманбай - фиология ғылымдарының докторы, профессор, Назарбаев Университеті жанындағы "Рухани жаңғыру" мәдени орталығының директоры; Ерден Қажыбек - фиология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры. бұл азаматтардың барлығы да қазақ тілі мен әдебиеті саласындағы ғалымдар", - деді комиссия мүшелерінің тізімін жария еткен ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен.

ОСК мүшесі Ләззат Сүлейменның айтуынша ҚР президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау үшін:

- лингвистикалық комиссия ұсынған тақырып бойынша көлемі екі беттен аспайтын жазбаша тапсырма жазу;

- лингвистикалық комиссия ұсынған қазақ әдебиетінен үш беттен ааспайтын мәтін оқытылады;

- лингвистикалық комиссия ұсынған тақырып бойынша көпшілік алдында он бес минуттан кем емес сөз сөйлеу талап етіледі.

«Тақырыптарды бүгін ғана құрылған лингвистикалық комиссия анықтайды. 21 сәуір 12.00-де алғашқы отырысы өтеді. Сол жерде тақырыптар ұсынылады. Лингвистикалық комиссияның отырысынан кейін ғана таңдалған тақырыптар туралы айта аламыз. Жалпы тақырыптар Қазақстан тарихы, оқуға әдетте әдеби классикалар, еркін тақырыпта әлемдік мәселелер, қазақстанның әлеуметтік- экономикалық, саяси мәселелері болуы мүмкін. Үш кезеңдік емтиханнан соң кандидаттың мемлекеттік тілді білуі туралы қорытынды шығарылады. Кандидаттарға баяндау үшін қажетті деңгейде уақыт беріледі. Тапсырмаларды таңдап алу ашық жүргізіледі. Үміткер емтихан талаптарындай тапсырмалардың үш түрінің әрқайсысынан бір-бірден таңдап алады», - деп айтты ОСК мүшесі.

Емтиханның әр кезеңіне дайындалу үшін президенттікке кандидатқа жеткілікті уақыт беріледі. Жазбаша тапсырмаға қажет болған жағдайда жарты сағатқа ұзарту мүмкіндігімен бір сағаттан кем емес уақыт беріледі. 15 минут көпшілік алдында сөз сөйлеуге дайындалуға 1 сағаттан кем емес уақыт беріледі.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Әшімбаев ЕҚЫҰ-ның сайлау жөніндегі кеңесшілерімен кездесті
    Қазақстан мен Корея арасында жаңа келісімдер бекітілді