Бүгін, 2019 жылдың 29 мамыр күні кешкі сағат 18.00-де Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлер арасында тікелей эфир арқылы телевизиялық пікірталас өтеді.
ҚР ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлейменның айтуынша, ҚР Президентінің сайлауында сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастар мен пікірсайыстарды жүргізу тәртібін көздейтін регламент әзірленген. Аталмыш регламент бойынша елепікірталас 3 раундтан тұрады.
Бірінші раундтың тақырыбы - «Қазақстанның экономикалық даму басымдықтары». Оның өзі 2 турды қамтиды. Бірінші турда әрбір қатысушы өзінің сайлау алдындағы бағдарламасын таныстырса, екінші турда кандидаттар «сұрақ-жауап» түрінде пікірсайысқа түседі. Мұнда олар оппоненттеріне екі сұрақтан қойып, өзі де екі сұраққа жауап беруі тиіс.
Екінші раундтың тақырыбы - «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы». Раундтың бірінші турында қатысушылар берілген тақырып бойынша сөз сөйлеп, екінші турда жүргізушілердің сұрағына жауап беруі тиіс.
Үшінші раундтың тақырыбы - «Сайлаушыларға арнау». Бұл қорытынды раундта қатысушылар экран арқылы сайлаушыларға арнап сөз сөйлейді.
Jebeu.kz