Рахман Алшанов: Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық деңгейде танылған тұлға

Уақыты: 2019-05-17 Көрлімі: 1706 Сипаттама

Бүгін, 17 мамыр сағат 11:00-де «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалында Президенттікке Ка...

4677af76-6972-4bc0-bf8e-088225acfa58.jpg

Бүгін, 17 мамыр сағат 11:00-де «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалында Президенттікке Кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарының науқан аралық қорытындысы бойынша брифинг өтті. Жиында Алматы қалалық қоғамдық Штабының жетекшісі, қалалық Мәслихат депутаты,  Алматы қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рахман Алшанов бүгінге дейінгі сайлауалды үгіт-нәсихат  жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды.

Рахман Алшанов 11 мамыр Президенттікке кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары басталғаннан бері 100-ден аса іс-шара ұйымдастырылып, оған 13 мыңдай адам қатысқанын айтты. «Мысалы, біз өз кездесулерімізді қаладағы «№7 Нан зауыты», «Алматы Локомотив пайдалану депосы» сияқты ірі кәсіпорындардан бастадық. Сайлаушылар «Nur Otan» партиясының кандидатын бірауыздан қолдайтындарын және сайлау күні Тоқаевқа дауыс беру үшін қатысатындарын айтты, - деді депутат.

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қалалық қоғамдық штабы жетекшісінің айтуынша, 12 мамыр күні Республика бойынша Президенттікке Кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 200-ден аса Қоғамдық қабылдау бөлімдері ашылған.  Штаб мүшелері бір аптада 36 қабылдау өткізіп, 316 адамды қабылдады. Мысалы, қабылдауға келген 8 баланың анасы Гүлзат Мамиева Елбасының бастамасымен қолға алынған «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында 3 бөлмелі пәтерге ие болды. Бұл ретте Гүлзат «Бақытты отбасы» Жол картасы мен «Бақытты отбасы - Алматы» қоғамдық қорының бастамасы басқа өңірлерде де қолға алынса деген ниетін жасырмады. Ал, Бостандық ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Хамит Біржанов «Белсенді ұзақ өмір сүру арнайы орталығы» қаладағы әр ауданда және еліміздің барлық аймақтарында ашылса деген өтініш білдірді. Жастар атынан Таухан Бақытжанов пен Нұрсұлтан Байжанов «Жас Отан» жастар қанаты алаңдарында жастарға арналған тегін орталықтар ашылса деген ұсыныстарын жеткізді. Аталған ұсыныстардың барлығы штаб назарында болмақ. Бұдан өзге республикалық «Есіктен есікке» акциясы аясында Штаб мүшелері 2 500-ден аса адамның үйлеріне барып, азаматтардың жекелеген өтініштерін тыңдап қайтты. Акция аясында қала бойынша 12704 ұсыныс жинақталды.

«Біздің Кандидатымыз Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасымыздың ең сенімді серігі және министр, Премьер-Министр, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары, Сенат Төрағасы сияқты мемлекеттік қызметтерде, дипломатиялық салада халықаралық деңгейде танылған тұлға. Ол өз тұғырнамасында Елбасының бағытын әрі қарай жалғастырып, мемлекет басшысы ретінде: «Менің мақсатым - қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартып, табысын арттыру» - деп жариялады. Бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлының туған күні. Соған орай Кандидатымызды құттықтай отырып, алдағы үлкен науқанда жеңіс пен жеміс тілейміз! Кандидатымыз ұсынған Сабақтастық, Әділдік және Өрлеу қағидаларын басшылыққа ала отырып, Алматы қалалық сайлауалды штабы өз жұмысын ары қарай жалғастыра беретін болады»,- деді Рахман Алшанов.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Асқар Мамин: Былтыр электрондық сауда нарығында 33 мың жұмыс орны құрылды
    Елін сүйген Елбасы