Елордада «Қасиетті қазақ елі» атты дәстүрлі халықаралық өнер фестивалі өтті. Ерекшелігі сол, бұл шара ашық аспан форматында және оған шетелде тұратын қандастарымыз қатысты. Әлемнің 10-нан астам яғни, Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Түркия және Иран сынды елдерінен келген 50-ге жуық қаракөздің дені – жастар. Ол бекерден бекер емес. Себебі фестивальдің діттегені – ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді дәріптеу бағытында тұла бойы өнерге тұнған жастарды анықтау, оларды Қазақстанға тарту және демеу. Мәселен, осындай қолдау шараларының аясында елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетіне осы фестивальдің жеңімпаздарын оқуға түсіру пысықталып жатыр. Халықаралық фестиваль мүшайра, терме, вокал және халықтық қолданбалы өнер аталымдары бойынша өтті.
Әлібек Нишанбаев, қол өнер шебері /Өзбекстан/:
2014-2015 жж Қазақстанға келіп, ата-бабаларымның қол өнерлерін зерттеп, ізденіп, қазіргі таңда қазақша бағытта қолөнер бұйымдарын жасап келем. Жасған бұйымдармен ағаштан, металдан, теріден және сағыз сияқты материалдардан қол өнер бұйымдарын жасаймын.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
"Қазақстан" телеарнасы