Тоқаев: Баспана мәселесі еліміздегі ең өткір әрі өзекті проблема екенін түсінулеріңіз қажет

Уақыты: 2019-07-15 Көрлімі: 1151 Сипаттама

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "баспана мәселе...

43fd0d1824f3f0876492a2e5a1025305.jpeg

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "баспана мәселесі еліміздегі ең өткір әрі өзекті проблема екенін түсінулеріңіз қажет. Үкімет еліміздегі баспана мәселесін тұрақты бақылауда ұстауы" деп ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министріне  тапсырма берді. 

Үкімет отырсында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр атқарылған жұмыс жайлы есеп берді. Мемлекет басшысы министрге бірнеше сұрақ құйып, нақты тапсырма берді.

«Жалпы, тұрғын үй проблемасын сіздер тұрақты бақылауда ұстауларыңыз керек. Баспана мәселесі еліміздегі ең өткір әрі өзекті проблема екенін түсінулеріңіз қажет. Соңғы кездері бұл жағдай қаншалықты ушыққанын көріп отырсыздар. Оны қалай шешу бойынша ұсыныстар беріңіздер», - деді Президент  Роман Склярға. 

Роман Скляр тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселесі бойынша ескерту мен шағым көп түсетінін мойындады. Министр оның бәріне талдау жасалғанын, "Тұрғын үй қатынастары туралы" заң жобасына өзгерістер енгізілетінін жеткізді. Склярдің айтуынша, қазір аталған заң жобасы Сенат қарауында жатыр. Көптеген мәселе дәл осы заң жобасымен шешілмек. Бұған қоса, министр "Е-Шаңырақ" электрондық бағдарламасы жақсы нәтиже көрсетуде дейді. Әр тұтынушы, әр тұрғын үй иесі онлайн режимде өз үйін басқара алады. Жоба келесі жылы іске қосылмақ.

Мемлекет басшысы аталған саладағы проблеманы шешу Үкіметтің оңтайлы қадамдарына байланысты екенін қадап айтты. 

«Сіздердің министрліктеріңіз көппрофильді, ведомство бірқатар мәселелермен айналысады. Тұрғын үй проблемасына үнемі назар аударып отыру керек», - деді Қ.Тоқаев.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Білім мен ғылымды дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама қабылданады
    ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ БІР ЖЫЛДА 236 МЫҢ АДАМҒА ӨСТІ