Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр, деп Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли xабарлады.
«Қазақстан Президенті Қырғызстандағы болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр. Мемлекет басшысы бауырлас көрші елдегі ахуал Қырғыз Республикасының ішкі шаруасы деп есептейді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдай жуық арада елдің қолданыстағы заңы аясында шешілетініне үміттенеді», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
Кеше Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағы елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты Қой-Таш ауылындағы үйінде ұстау операциясын жүргізгені хабарланды.
Кейін атыс болғаны xабарланып, Шу облыстық ІІББ-нің жедел тергеу тобы милицияға түскен қоңырау бойынша оқиға орнына аттанған.
Атыс кезінде 45 адам зардап шеккен. Түнгі сағат 03:00-дегі жағдай бойынша, олар Бішкек қаласы мен Шу облыстық біріккен ауруханаларына түрлі жарақатпен жеткізілген.
Jebeu.kz