ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына енгізілген өзгерістер жайлы түсіндірді, деп ҚР Президентінің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап xабарлаймыз.
«2 тамыздағы Жарлығыма сәйкес Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына өзгерістер енгізілді. Енді Ұлттық қордың жинақтаушы активтеріндегі алтынның үлесі 5%-ға дейін жетеді. Бұл Ұлттық қордың әлеуетін сақтап, қорғау үшін қажет", деп жазды Мемлекет басшысы.
Jebeu.kz