Тимур Құлыбаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды

Уақыты: 2019-09-18 Көрлімі: 1031 Сипаттама

Бүгін елордада өтіп жатқан ҚР Ұлттық олимпиада комитеті Бас ассамблеясының отырысында...

jAzWdo9SG7Yn4FPfCzpT.jpeg

Бүгін елордада өтіп жатқан ҚР Ұлттық олимпиада комитеті Бас ассамблеясының отырысында комитеттің президентін сайлау шарасы өтіп, комитеттің президенті лауазымына Тимур Құлыбаев қайта сайланды.

Сайлау барысында елімізде тіркелген 34 спорт федерациясының өкілдері Тимур Құлыбаевтың кандидатурасын қолдап дауыс берді. 

«Барлығы 34 бюллетень болды. Жарамсыз болып қалған, қарсы дауыс берген бюллетеньдер жоқ», - деді дауыс беру нәтижесін жариялаған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев. 

Бұған дейін ел Премьер-Министрі Асқар Мамин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті лауазымына Тимур Құлыбаевтың кандидатурасын ұсынған еді.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Роман Скляр Шамалғандағы апат туралы толық ақпарат берді
    Қанат Ислам көпбалалы анаға елордадан баспана сыйлады

    Ұқсас тақырыптар