Қарқаралыда Абайдың портреті бейнеленген ескерткіш тас орнатылды

Уақыты: 2019-10-10 Көрлімі: 1906 Сипаттама

Ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойы қарсаңында Қарқаралы ауданының тұрғын...

9b9742dbefa239d0529ef33c2ce1a6d2.jpg

Ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойы қарсаңында Қарқаралы ауданының тұрғыны жерлестеріне сыйлық жасады. Манарбек Кәрім ұлымен бірге Абайдың портретін тастың бетіне қашап бейнеледі. Аталмыш ескерткіш тас Қарқаралы тарихи ғимаратының жанында орнатылды. Бұл туралы Қарағанды облысының Баспасөз қызметі  хабарлады.

Бұл орын кездейсоқ таңдалған жоқ. Осы үйде Абайдың әкесі Құнанбай қонақ ретінде тұрған. Абайдың өзі балалық шағында мұнда көп рет қонақ болған. 19 ғасырдың екінші жартысында бұл үй татар көпесі Халиолла Бекметовке тиесілі еді. Қазір мұнда аудандық мәдениет бөлімі орналасқан.

03795570015706120240910201904_800x600.jpg

Абай гравюрасы бар ескерткіш тастың салмағы 2,5 тонна, биіктігі - 350 сантиметр.

- Біз тасты Қорғантас тауынан түсірдік, онда бір кездері қалмақтармен үлкен шайқас болған. Трактормен оны үйге алып келіп, жұмыс істей бастадық. Ұлым көп көмектесті, ол өзі эскизді салды. Содан кейін біз Абайдың портретін тасқа түсірдік. Ескерткіш тасты дайындауға 4 күн уақытымыз кетті, - деді автор Манарбек Кәрім.

Ескерткіш тас орнатылған үй Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романында егжей-тегжейлі сипатталған.

Суреттер: дереккөз


Пікір жазу
  • Президент LRT ісі бойынша тергеуді күшейтуді тапсырды
    Тоқаев: Қазақстан үшін экотуризмді және қала туризмін дамыту аса маңызды