Тоқаев: Қазақстан үшін экотуризмді және қала туризмін дамыту аса маңызды

Уақыты: 2019-10-10 Көрлімі: 1258 Сипаттама

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік туризм ұйымының Бас хатшысы Зураб П...

3782ad0816dfe430b9f961c9e58b857e.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Дүниежүзілік туризм ұйымының Бас хатшысы Зураб Пололикашвилимен кездесті, деп Ақордаға сілтеме жасап хабарлаймыз.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымының қала туризміне арналған «Ақылды қалалар, ақылды мекендер» ғаламдық саммитінің Қазақстан астанасында өткізілуінің маңыздылығын атап өтті.  

– Сіздің сапарыңыздың мәні зор деп санаймын. Дүниежүзілік туризм ұйымының Сегізінші ғаламдық саммитін өткізуге Нұр-Сұлтан қаласының кандидатурасына қолдау білдіргеніңіз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Қазақстан үшін туризмді, соның ішінде экотуризмді және қала туризмін дамыту аса маңызды. Сондықтан, біз сіздің ұйымыңызбен ынтымақтастық орнатуға ниеттіміз, – деді Қазақстан Президенті. 

Зураб Пололикашвили Мемлекет басшысына қабылдағаны үшін алғыс айтып, жергілікті туризм индустриясын дамыту бағытында БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы Қазақстанмен өзара іс-қимылдарға ерекше мән беретінін атап көрсетті. 

e529ddbb014798498163e1491a15329d.jpg


Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Қарқаралыда Абайдың портреті бейнеленген ескерткіш тас орнатылды
    Қасым-Жомарт Тоқаев Әбіш Кекілбайұлы ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты