«Атамекен» ҰКП Төралқасының VI Съезі басталды

Уақыты: 2019-10-24 Көрлімі: 1377 Сипаттама

Елордада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының VI Съезі басталды, деп Қа...

1910241136109081f.jpg

Елордада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының VI Съезі басталды, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

Съезд жұмысына Премьер-Министр Асқар Мамин қатысады. 

Жиынды ашқан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев күн тәртібінде қаралатын мәселелерді атады. Нақтырақ айтқанда, жиын барысында палатаның атқарған жұмысы, «Атамекен» ҰКП-ның жаңа мақсатты даму моделі мен бизнестің түйткілді мәселелері талқыланады.

 «Заңға және Ұлттық палатаның жарғысына сәйкес съездің күн тәртібі көпшіліктің қарапайым дауыс беруімен бекітіледі. Өткен съезде біз Ұлттық палата жұмысының алдағы бес жылға арналған негізгі бағыттарын бекіттік. Биыл үлкен жұмыс атқарылды», - деді Тимур Құлыбаев өз сөзінде. 

Съезд барысында Ұлттық палата қаржыландырудың қолжетімділігі және отандық кәсіпкерлердің сатып алуға қатысу арқылы импортты алмастыру, АӨК саласында субсидиялардың төленбеуі секілді мәселелер көтерілмек.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Лондондағы қазақ кино апталығы «Оралман» фильмімен ашылады
    2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік көмек қалай көрсетіледі?