«Атамекен» ҰҚП Басқарма төрағасы Жебеудің басшыларын қабылдады

Уақыты: 2019-06-19 Көрлімі: 2293 Сипаттама

19 масусым күні «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасы Абылай Мырзах...

75146ecc-c978-41cf-b978-7a367df2d154.jpg

19 масусым күні «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қазіргі және бұрынғы төрағалары Омарәлі Әділбекұлы мен Талғат Мамырұлын және Сабыржан Мұқаметханұлын қабылдады.

Кездесу барысында тараптар өңірлердегі шағын және орта бизнестің дамуы, шетелден инвестиция тарту, Қазақ-Қытай қарым-қатынасы тақырыптарында пікір алмасты.

«Қазіргі таңда шетелден оралған қандастар түрлі салада кәсіпкерлікпен айналысуда. Үгіт-нәсихаттың жетісбеушілігінен олар мемлекеттің көптеген  тиімді саясаттарын түсінбей жатады, сол себепті «Жебеу» қоғамдық бірлестігі қандастарға заңды, құқықтық кеңес, бағыт-бағдар беру үшін құрылған. Қазір осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Бізде солтүстік өңірлерге көші-қон бағытын бұрудың тетіктерін табу жөнінде де ұсыныстарымыз бар. Солтүстікке көшіп барған қандастарды бірнеше жыл табыс салығынан босатса, көші-қонға үлкен қолдау болар еді. Қытаймен арадағы бизнеске келсек, Қытайдан кедендік салық салынса болды кез-келген тауары емін-еркін өтеді. Ал біздің заттарымыз Қытайға кіру үшін санитарлық жақтан, салықтан тыс тағы басқа көптеген кедергілер қойып тастаған. Екі ел арасындағы түрлі форумдарда біздің мамандар, министрлер, тағы басқа қатысты адамдар осы жөніндегі жағдайды толық игермей, дайындықсыз барады. Сондықтан көптген мәселелерде ұтымды пікір айта алмайды. Осы жөнінде біз Қытайдың заңдарын жақсы түсінеміз. Қытайда отыз жыл өмір сүрсек, Қазақстанға келгенімізге де 25 жылдан асты. Екі елдің жағайын, экономикалық байланыстарын, заң-закондарын өте жақсы білеміз. Осы төңірегінде кеңестер беріп, сараптамалар жасай аламыз. «Атамекен» Қазақстандағы ең үлкен шағын және орта кәсіпкерлердің палатасы. Біз де сіздерге мүше болып, осы бағыттарда бірге жұмыс жасағымыз келеді»,- деген ұсыныстарын айтты Жебеудің басшылары.

Жебеуліктер айтқан ұсыныстарды тыңдаған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өздеріне мүше ретінде қабылдап, бірге жұмыс жасайтындарын білдірді. Абылай Мырзахметов өз кезегінде жебеуліктерге кәсіпкерлікке қатысты заңдар мен саясаттарды, жобаларды үгіттеру, әсіресе қандас кәсіпкерелрдің құқын қорғау, оларды ортаға бейімдеу және мемлекеттің тиімді саясаттарын игіліктенуге шақыруды тапсырды.

Jebeu.kz

 

 


Пікір жазу
  • «Жебеу» мен «Отандастар» қоры қандастарымызға бірге қызмет көрсетеді
    Нұр-Сұлтан қаласында «ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықаралық өнер фестивалі өтеді