ҚР Ұлттық банкі 2019 жылы анықталған жасанды банкноттар мен монеталар туралы хабарлады.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер 2019 жылы 5 786 300 теңге сомасына 1319 жалған банкнот жасалғанын анықтады, олардың 1313-і – банкнот, 6-ауы – монета.
«Өткен жылмен салыстырғанда, жасанды ақшалардың саны 6% азайды. 2018 жылы Қазақстанда 6,4 млн теңге сомасына 1408 жалған ақша анықталды. Оның 1386-сы банкнот, ал 22-сі монета болған»,– деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
Былтыр ең көп анықталған жалған банкноттар: 2 мың теңге – 420 дана, 5 мың теңге– 395 дана, 10 мың теңге – 283 дана.
Қадағалау органының мәліметтері бойынша, Алматы көшірме ақша жасауда алда тұр. Мегаполисте – 937 дана жалған ақша анықталған. Одан кейінгі орындарда Шығыс Қазақстан облысы (106 дана) және Нұр-Сұлтан қаласы (104 дана) орналасқан.