Елде маска неге тапшы

Уақыты: 2020-03-03 Көрлімі: 493 Сипаттама

Атышулы Covid-19 вирусының 2 наурызға дейін әлемнің 64 еліне тарап, 90 мың адамға жұғып, 3 мыңн...

7282_1.jpg

Атышулы Covid-19 вирусының 2 наурызға дейін әлемнің 64 еліне тарап, 90 мың адамға жұғып, 3 мыңнан астам адамның өмірін жалмағаны мәлім болды. Осы бәле бастап тараған ҚХР-да 80151 кісіге жұғып, 2943 кісі өмірден озды. Індет құтырынып тұрған Кореяда вирусты жұқтырғандар саны 4812 адамға жетіп, 28 ақпандағыдан бір есеге артқан. Қытайдан кейінгі кісі шығыны көп ел Иран саналуда, осы елдің денсаулық минстрлігінің берген мәліметінше, онда 66 адам індет құрбаны болса, оны жұқтырғандар саны 1501. Италияда 1835 кісіге жұққан вирус оның 52-сінің жанын алған. Еліміздің тиісті  құрылымдары керекті шараларды шама-шарқынша ұйымдастырып жатыр. 2 наурыз күні денсаулық сақтау минстрлігі індеттің елімізде алда-жалда байқалған жағдайына бағытталғын  ықтимал шараларын, яғни “Б” жоспарын даярлап, пысықтап жатқандарын хабарлады. Құптарлық әрекет. Десе де, кәйбір жәйттер көптің көңілін күпті етіп отыр. Мысалы, аталмыш індетті жұқтырып алмаудың ең қарапайым және қолжетімді тәсілінің маска тағып жүру екендігі тұтас әлем бойынша дәріптеліп жатқан бүгіндері, елімізде дәл осы зат тапшы!  2 наурыз ұлттық арнаның “Ашық алаң” бағдарламасына қатысқан ДСМ минстрі Біртанов мырза масканың шынымен тапшы екенін, өткен бір ай көлемінде оның 20млн данасының шетелге өтіп кеткенін мойындады. Ол кісінің айтуынша, өндірушілер тауарларын экспорттап жіберген, енді елішілік ұсынымды көбейтейін десе, шикізат жоқ, ал шикізатты Қытайдан алады. “Қора жыйып тастан, қайта айтайын бастан” дейтін ертегі сияқты. Жауапты ведомстваның бір сөзіне сенгің келсе, екінші сөзінен қорқасың.

 


Пікір жазу
  • Тоқаев: Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік жиын мен концерт өтпейді
    Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығатын болды