«Жебеу» Респубикалық қоғамдық бірлестігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен төтенше жағдай кезінде жүзеге асып жатқан «Біз Біргеміз» акциясына қатысты. «Жебеу» РҚБ акция аясында 7 сәуір 11:00-де Алматыдағы Мағжан Жұмабев атындағы №137 жалпыға білім беретін мектепте барып, әлеуметтік аз қамтылған 40 отбасыға беретін көмектерін табыс етті.
Алматы қаласы Жетісу ауданында тұратын 40 отбасының ішінде көп балалы және жалғызбасты аналар бар. Әр анаға 20 мың теңгеден жалпы 800 мың теңге қаржылай көмек жасады. Жебеуліктердің осы 40 отбасыға берілетін көмекттерін "Nur Otan" партиясы Жетісу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Омаров Мұрат Сағатұлы, Жетісу ауданы білім бөлімінің бастығы Салтанат Құсайынова және Мағжан Жұмабев атындағы №137 жалпыға білім беретін мектептің директоры Ақшалова Сандуғаш Болтабайқызы қабылдап алды.
"Nur Otan" партиясы Жетісу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Омаров Мұрат бүкіл Республика бойынша қиыншылығы бар отбасыларға көмек жасалып жатқанын айта келіп, Жебеуліктерге алғысын білдірді.
«Ауданымзда көмекке мұқтаж 3 мыңдай отбасы бар. Оның ешбірі көмексіз қалмауы керек. Қандай да бір көмек болса артық етпейді. Бүгінгі сіздердің бастамаларыңыз өте жақсы. Қазір біз көбнесе азық-түлік апарып жатырмыз. Бірақ оларға дәрі-дәрмек сияқты басқа заттар да керек. Әркім әртүрлі нәрсе сұрайды, сол заттарға ақша керек дейді. Бүгінгі сіздердің қаржылай көмектеріңіз тура соларға үлкен көмек болып жатыр. Екінші жағынан рақмет айтамын. Әр мектептің жанынан қоғамдық қабылдау ашылған. Мағжан Жұмабев атындағы №137 мектепке 40 өтініш түсіпті. Сол өтініштерді міне сіздер жауып беріп отырсыздар. Бұл да бір оң шешілген сұрақтың бірі. Осылай азаматтар көмек қолын ұсынып, мәселелерді шешіп отырса, қиыншылықтан оңай шығамыз деген ойдамын. Өз беттеріңізбен келіп, көмек көрсеткендеріңізге көп рақмет»,- деді Мұрат Сағатұлы.
Бұдан сырт осы аптада «Жебеу» РҚБ Алматы қаласындағы жалғызбасты, жұмыссыз анаға 50 мың теңге, Abai.kz порталында жарияланған Алматы облысы Қапшағай қаласындағы 30 наурыз күні үйі өртенген 5 баланың анасы Майгүл Сахариқызына 180 мың теңге қаржылай көмек жасады.
Естеріңізге сала кетсек, 20 наурыз күні «Жебеу» РҚБ құны миллион теңгелік маска және антисептикалық дәрі-дәрмекті Алматы қалалық № 12 емхана мен қалалық денсаулық сақтау басқармасына сыйлаған.
Jebeu.kz