Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі

Уақыты: 2020-06-18 Көрлімі: 1498 Сипаттама

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавируске байланысты оқшауланды. Бұл туралы Elbasy.kz жазд...

elbasykz-1d7a9cf727c7fb402a5407a619dd4e2f.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавируске байланысты оқшауланды. Бұл туралы Elbasy.kz жазды. 

«Қазіргі кезде Қазақстанның Тұңғыш Президенті өзін-өзі оқшаулады. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирус инфекциясына тапсырған соңғы сынамасы оң нәтиже көрсетті. Алайда, алаңдауға негіз жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруда», - делінген Елбасының ресми сайтында.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парақшасында  Елбасының тезірек сауығып кетуін тілеп жазба қалдырды. 

«Өкінішке қарай, к/вирус біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан, ол бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін», - деп жазды Президент. 

Пікір жазу
  • Қазақстанда демалыс күндері шектеу шаралары күшейтіледі
    Айдос Үкібай: Елбасының денсаулығына алаңдаудың қажеті жоқ