БИЛІК ТРАНЗИТІНІҢ АЯҚТАУЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН

Уақыты: 2022-01-24 Көрлімі: 1041 Сипаттама

"Төртінші қаңтар қанды оқиғасынан" кейін елде төтенше жағдай жәрияланып "Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының" бітімгерлері стратегиялық нысандарды күзетуге келіп, миссиясын аяқтаған соң елдеріне қайтты. Жаңа үкімет аз өзгерістен соң жасақталды....


Омарәлі Әділбекұлы

SAR_2147.jpg 

   "Төртінші қаңтар қанды оқиғасынан" кейін елде төтенше жағдай жәрияланып  "Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының" бітімгерлері стратегиялық нысандарды күзетуге келіп, миссиясын аяқтаған соң елдеріне қайтты. Жаңа үкімет аз өзгерістен соң жасақталды. Парламент мүшелерімен, бизнес өкілдерімен кездескен президент елдің саяси, экономикалық жағдайына тоқталып мүдделі кландар мен Назарбаев отбасы мүшелері ықпалындағы ферма, корпарацияларды өткір сынға алды. Терордан кейінгі сауықтыру шаралары басталды. Тоқаев Алматыға келіп қайтты. Интернет қосылысымен тағы да арандату сипатындағы пікірлер өрши түсті. Болған оқиға туралы түрлі-түсті топшылаулар көбейіп кетті. Біреулер қазіргі жағдайымызға шүкіршілік айтса, енді біреулер түкте өзгермеді "баяғы жартас сол жартас" деп жатыр. Мына қырғынға "айызы қанбаған" есерсоқтар мен пиғылы жамандар алақаптың аузын айқара ашуда. Кеткен моралдық, заттық шығынның көлемі сағат сайын, күн сайын есептелсе де оқиғаның себебі мен салдары онша көп айтыла бермейді .

   Нұрсұлтан Әбішұлы көп айтатын алдымен экономикалық реформа одан кейін саяси реформа бағдарламасы тым ұзаққа созылып кетті. Сөз жоқ Қажыкелдин бастап "жас түріктер" жалғастырған нарықтық реформалар нәтижесін берді одан кейін халық аралық нарықта қазба байлыққа деген сұраныс еселеп артты сонымен "Қазақстандық экономика" деген миф пайда болып ұлт көшбасшысын Ататүрікке, Ли Куан Юға теңейтін құбылыс пайда болып, көзі тірісінде ескерткіш орнатылып, әуежайдың, қаланың аттарын беріп үлгірдік. Әсіресе, саяси элита арасында жеке басқа табынудың бәсекесі басталды бірінен бірі асып «жаңа идеялар», «соны ұсыныстармен» көміп тастады. Семейдегі институттың ректоры Елбасы туралы пікірі өзгеше адамды жекпе жекке шақырып тікұшақпен Астананың төріне барып қонды. Алтын шақмат силағыш К. Мәсімовтың қалай биікке көтерілгенін көз көріп, құлақ естіді. Олигарх Машкевич пен ұзақ жыл президенттің іс басқармасын басқарған марқұм Ни мырза еліміздің ішкі-сыртқы саясатын бағыттап, белгілеп отыратын шешуші тұлғаларға айналды. Машкевич парламент сайлауы кезінде "Азаматтық" деген екі партия құрып сайлауға қатынастырса, Ни мырза "Патриоттар" партиясының төрағасы генерал Ғани Қасымовпен жәрия боп кеткен телефон әңгімесінде "қай партияның кіммен бірлесіп қалай сайлауға түсіуі жөнінде" шептің атынан пәрмен береді.

  Саяси элита мен бизнес кландары және биліктің ұшарбасының отбасы мүшелері сыбайласқан кезде қарапайым халықтың қалтасы қағылыпқоғамдық қайшылық ушығатыны әлмисақтан бері  келе жатқан синдром. Сухартоның жеті күйеу баласы мемлекеттің жеті жетекші компанияларын шеңгелдеп алған Индонезиядағы қақтығыстар мен толқулардың, он баласы мемлекеттегі барлық майлы жілік компанияларды бауырына басып алған Сирияның трагедиясы бізді ертерек ойландыруы керек еді. Шөлмек мың күн сынбаса да әйтеу бір күн сынары сөзсіз.

   Мелалдың екі басы бар сияқты барлық мәселенің де өзіндік себебі мен салдары бар. Европада "халқы қандай болса көсемі де сондай болады" деген аталы сөз бар екен. Әзез Несиннің сатиралық әңгімесі әлі естеріңізде болар. Онда бір қаланың игі жақсылары жиналып зорлықшыл, қатегез, сұмырай әкімнен құтылып өздеріне қолайлы әкімді орнына отырғызады бірақ күзетші, күтіушіден бастап нөкер, уәзірлеріне дейін жәйылып жастық, жиылып төсек болып құрша жорғалайды сонымен момын қанішер әкімге айналып келесі кезектегі сарай төңкерісінің құрбандығына шалынады үздіксізі қайталанатын бұл жағыдай шығыс халықтарының ортақ менталитеті десек қателесе қоймаймыз. Әділдік, теңдік, жеке бастың бостандығы деген ұғымдардың ауылы өкінішке орай әзірше бізден алыстау. Сарапшылар Азия елдерінде өткен олимпиадалардың ешқашан әділ өтпейтінін талай рет жазды. 2011 жылы бізде өткен қысқы Азия олимпиадасында әлемдік жүлделердің алдын бермейтін Қытай, Жапония, Корея қатарлы адуынды елдерді "шаң қаптырып", тізеге баса отырып бас жүлдені өзіміз алдық бірақ осынымыз қалай болды -ау деп ойланбастан малақайымызды аспанға аттық.

    Әділдік, шындық, теңдік, шынайы бәсекелестік деген ұғымдарды өзімізден бастап ұрпақтың санасына сіңіріп, өмірлік ұстанымына айналдырмасақ әділ қоғам қалай қалыптасады? Бізге ұлт болып жаңару керек. Заң жөніндегі түсінігіміз, билік туралы танымымыз, қоғамдық тепе-теңдікті сақтау жөніндегі көзқарасымыз жаңа заман, жаңа қоғам тұрғысынан қалыптасуы керек. Әрине, мұның бәрі өздігінен қалыптаса қоймайды ол мемлекеттің басты идеологиялық бағыты ретінде қалыптасып, басым орынға шығып халыққа бағыт-бағдар беріуі керек.

  Әлемнің толық қанды бір мүшесі ретінде дүниеде қалыптасқантуылған оқиғалар мен құбылыстардан біз де шет қала алмаймыз бірақ бәріне көзсіз ілесе кету талғамсыз қабылдау жақсылыққа апармайды.Тәуелсіздіктен кейін діни ағымдар қабаттаса кірді жетпіс жылдық атеистік тәрбиенің зардабын тартқан элита мен қарапайым халық бұған қуанбаса ренжіген жоқ бірақ соңғы жағыдайлар сайрағанның бәрі бұлбұл емес құзғындар қосыла жүретінін дәлелдеді.Былайша айтқанда екі оттың ортасында қалдық десекте болады.Мусылман қауымның құшағына кірдік деп қуанғанымызда ұлттық дәстүрімізді мансұқтаптериториялық тұтастығымызға қауып төндіріпөркениетті қоғаммен от пен судай отаспайтын діни радикалдар бас көтерді ал адамзатқа ортақ батыс құндылықтарына басымдық берсек отарлық санадан қанымызға сіңіп қалған берекесіздік пен анархия күшіне мінді.Сайлау сыртқы күштерге арқа сүйеген сепаратистер мен тайпалық жүздік сананың бас көтеруіне тамыздық болатын болды.Баспасөз еркіндігі кландар мен арсыз принципсіз суайт адамдардың өзара есеп айырысу құралына айналып кетті.Қоғам мен билік ұстараның  жүзінде тұрғандай"былай тартсаң арба сынады алай тартсаң өгіз өледі".Ойыншылар көбейгенде ресми биліктің сөзі мен ісіне ешкім сенбейтін жағыдай қалыптасты .2019 жылғы президент сайлауы мен одан кейінгі парламент сайлауында  және пандемияның біріншіекінші толқынында өсек-аяң мен надандықтың дүлей күш екенін есі дұрысниеті таза адамның бәрі сезінді.Ұлт үшін тәуелсіздіктен асқан қастерлі құндылықхалқымыз үшін бейбітшіліктен  өткен бақытты заман жоқ.Батыстың құндылықтарымен бірге елімізге   неше түрлі қоғамдық дерт-дербез қатар келді.Ақшаға табынуказино наркотикжез өкшелікбір жыныстылар некесі өмірімізге құлаштай еніп онсызда тілі тоналыпділі жұқарған ұлтымыздың еңсесін басып ес-ақылын алжастырды .Бұл дағдарыстан бізді бір орталыққа бағынған пәрменді билікқатаң заңжауапкершілігі зор парламентақ пен қараны шатастырмайтынмүдделі топтар мен тобырларға қызмет етпейтін "төртінші билік"ғана өзара сәйкесіп өзара бақылау арқылы шығара алады . "Төртінші қаңтар қанды оқиғасы "сияқты мемлекет тағдыры қыл үстінде тұрғанда біз ғана емесмүдделі журналистер мен шолақ ойлы саясаткерлеріміз тамсана жазыптаңданатын  АҚШ-тың өзі де қару қолданады екен! Былтыр алтыншы қаңтарда сайлау нәтижесіне көңілі тоймағансайлауға қаралық араласты деген өсекке құлай сенген республикашылдардың жақтастары төменгі палатада аталмыш мәселе туралы тыңдалым жүріп жатқанда Капитолиге басып кіріп бүлік шығарғанда көп елде жадданбалы әскер қатарында болған соғыс ардагерін қамтыған алты адамды атып өлтірді сонымен бүлік тынышталды. Бұл оқиғаны АҚШ тың көзі тірі экс президенттерінің бәрі айыптады. Демократтар кісілік құқық пен демократияға төнген қауып санапішкі террор деп бағаласареспубликашылдар отаншылдық мақсаттан туындаған оқыс оқиға деп атады.Сол кезде Трамптың әлеуметтік желідегі екі аккаунты өшірілді ал Джо Байденнің жеке басы мен отбасына жасалған киллерлік шабулда шек болмады. Демократия мен кісілік құқықазаматтық қоғамның 270 жылдан астам тарихы бар АҚШ осылай болғандаотыз жылдық тәуелсіздік тарихы бар біз қандай қатаң сынақтан өткенімізді шамалай беріңіз демек батыстың жалпыға ортақ құн көзқарасы барлық дерт пен дербездің сиқырлы дәрісі емес .

    Президенттік сайлау кезіндегі дүлей жұрт пен сақадай сайланып спорт киіммен келген жігіттердің тәртіп сақшыларына жасаған қысымы мен шабулын еске алыңыз долданған әйелдер құқық қорғаушыларды янаттап қоймай шапалақжұдырық ала жүгіредіқорғаныс  бас киімдерін қағып түсіреді. Батыстың кез -келген өркениетті еліне барып тәртіп сақшыларына кол көтеріп көріңізбасыңыздың қайда қалғанын білмей қаласыз. Батыс құндылықтары біз үшін құлағынан ұстап қарғып мініп шаба жөнелетін жүрісі жәйлы тұлпар емессырын білмей сыртынан жүрсек теуіп кетіптістеп алуыбас бермей айдалаға алып қашып кетуі мүмкін сондықтан да Азиядан шыққан айтулы саяси көсемдер өз елінің тарих нақты жағыдайымен санаса отырып мемлекет іргесін бекіттіреформа жүргізді. Мустафа Кемал Ататүрік Түрік мүддесін бәрінен жоғары қоя отырып империяның даңқыжаудың көзқұрты болған АрабПарсы иеліктерін еркіне жіберіп зайырлы республика құрдыжазуды өзгертті. Батыс пен деОрыспен де тең дәрежелі қарым-қатынас жасап ешкімнің ығына жығылған жоқ. Ал Ли Куан Ю Малайзия федерация құрамынан шығарып жібергенде жетім торғайдың күйін кешкен халқын бастап бір партияға сүйене отырып дербес саясиэкономикалық реформаларды қолға алды жасы ұлғайғанда орнына ұлын  отырдызды оны десең жоғары білім алғандар мен сауатсыздардың неке қиюына шектеу қойды бұл үшін батыс   кекілінен сипаған жоқ өз стандарттарын көлденең тартыпқатаң сынады бірақ Сингапур қазір әлемдегі  коррупция көрсеткіші ең төменжоғары технологиясы қарыштап дамыған ел ретінде танылып отыр.

    1906 жылы конституциялық реформа жасаған Иран батыстың жетегінде жүріп бірнеше саяси өзгерісті бастан кешті. Батыстың қолдауымен таққа отырған соңғы шах Мохаммед Реза Пеклевидың  арманы таудайөзі мейірімді болсада саяси ерік-жігері әлсіз болды. Бақтияр бастаған оңшыл конституцияшылдар мен Базарқан бастаған солшыл социал демократтардың және Аятолла Хоминиды пір тұтқан ислам фундаментализмшілдердің ақпараттықсаяси шабулы алдында солқылдақтық көрсетті. Өркениетке қас діншілдер мұнайшылар қаласындағы кинохананы қасақана өртеп 447 адам опат болғанда жаласын шаһ әулетіне аударды өйткені кинода шаһ әулеті ұнамсыз жақтан бейнеленген сонымен өсек өрбіпжала жарапазанға айналып бүкіл Иран өре түрегелді. Шешуші сәтте АҚШ тың Ирандағы бас елшісі мен президент Джими Картердің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің пікірі екіге жарылды. Кеңесші заманауи қаруға ие 800мың армияны іске қосып ереуілді жаныштауды жөн көрді. "Біраз адам шығыны болады бірақ мемлекет пен өркениетті сақтап қаласыз" деді қырғыйлардың өкілі Збигнев бжезинский. Бас елші Шаһқа ереуіл тоқтапхалық сабырға келгенше денсаулығын сылтау ғып шетелге кетіп бой тасалай тұруды жөн деп білді. Шаһ соңғы пікірді тыңдаймын деп сол кеткеннен мол кетті. Картасын әлі ашпағанекі ұшты пікір айтып жүргенжарты өмірі қуғында өткен жетпістегі қаусаған шалды қалпақпен ұрып алам деп ойлаған елші Аятолла Хоминимен келіссөзді бастап кетті. Қарсы жақ ә дегеннен АҚШ та  рак болып ем алып жатқан Шаһты елдерінен шығарып қолдарына беруді қатаң талап етті. Бұл талап жартылай орындалыпбарар жербасар тауы қалмаған байқұс Шаһ Мысырды барып паналады. Келесі қезекте коалициялық үкіметтен дәмелі оңшыл конституцияшылдар мен солшыл социал демократтардың тоз-тозын шығарған діни көсем Хомини АҚШ үшін "зұлымдық ұясына" айналды. Радикалдар билікке келген соң қырғынның көкесі болыпқан сел болып ақты. АҚШ  елшілігінің қызметкерлері студенттер жағынан кепілге алынды артынан Иран-Ирақ соғысы басталып Ираннан 350мың әскер опат болыпТехранда 250мың әйел жесір қалды. Аятолла Хомини Франциядан отанына оралғанда жайшылықта мини юбка киіпвски ішіпкофехана  жағалап жүрген модный қыз-келіншектер демократияның жеңсінеинабатты ақсақалдың құрметіне үстеріне хижап киіп алаңға барып таң атқанша билеген бірақ бұл хижапты қырық жылдан астам киетінін үш ұйықтаса да түсіне кірмепті

  Өткенге үңіліп оң мен солды сараптасақ осындай шындыққа бет келеміз. "4 қаңтар қанды қырғыны"елімізде әлеуметтік теңсіздік пен отбасы мүшелері мен мүдделі олигархтардың ашкөздігі қаншалық дәрежеде асқынғанын дәлелдеп берді. Елімізге төнген қауыптың ара жігін ашып көрсетті. Халқымыздың басым бөлігі дауыс берген президентіміз батыл шешім қабылдап дер кезінде билікті қолына алып үлкен қан төгістен қорғап қалды! Өкініштісі бейуаз жандаркүштік құрылымдарының антына адал жауынгерлері мен офицерлеріарандатуға ерген азаматтар мезгілсіз қаза болып, ұйыған отбасылар қара жамылыпқасірет шекті. Ашық арандатушылар шетелде сайрандап жүр. Күйеу балалар жіліктің майлы басынан айрылдыгенералдардың алды қамауға алынып арты жұмыстан кетті. Базар мен тоқалдардың қызығын көрген шолжаң бауыр бір хабарда Дубайдан бірақ шыққанқыздар мен немере жиендер үнсіз. Мүдделі кландар жаңа құрылған қорға ақша атай бастады бірақ күман көпиірім тым тереңде сияқты.Тұңғыш президент мәлімдеме жәриялап саяси элитаның бөлінбегенінбейнетінің зейнетін көріп жатқанын айтты. Ендігі  жұрт көңілін күпті қылған  сұрақ қалған ғұмырында әулет пен олигархтардың қамқоршысы емес зайырлы Қазақстанның қадырлы ақсақалы болыпұзақ жылғы тәжірибесі мен халықаралық беделін елінің игілігіне жұмсапөзі тәрбиелепхалық сайлаған президенттің жанынан табыла ма Осы жағы баршамызды алаңдатары сөзсіз. Отыз жылда екі-үш ұрпақ болып орасан зор қаржы топтап бар саланы шеңгелдеп алған ішкі-сыртқы мүдделі топтарды айғай мен сеспен емес айламенамалмен орнына қоюға айналасына кәсіби депломаттарды көбірек жинаған Қ .Тоқаевтың саяси ерік-жігері жете ме ? Бұл да Гамлеттік сұрақ ретінде мазамызды алады. Кезінде Осман империясының соңғы қазына минстіріҚоқан хандығының соңғы есекке алтын артып Ауғанға қашатын бас уәзірі  өзімізге әбден таныс Машкевич тың туыстары екен! Олардың кешегі Самархандағы ықпалы әлі ұмытылған жоқ. Бұрынғы Совет одағы қазіргі Ресей элитасындағы салмағын айтпасақта белгілі сондықтан көп нәрсе айғаймен емес ақылмен шешіледі. Қазір биік транзиті аяқталу үстінде, мүдделер қақтығысы енді басталады сол кезде мүлт кетсектереңіне бойламасақ зардабын халқымыз тартады тіпті бұл қасірет ұрпаққа жалғасуы мүмкін


Пікір жазу
  • ҚАЗАҚ ЕЛІ ІЗГІЛІКТІҢ ЖАҢА ЖОЛЫН ТАҢДАЙДЫ
    Аса байлық не керек...