А. Аймағамбетов: Тапсырма көлемі біз ұсынған шектен аспауы тиіс

Уақыты: 2020-09-10 Көрлімі: 904 Сипаттама

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым минис...

4904683.jpg

 Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқу кезінде ұстаздардың оқушыларға үй тапсырмасын беруіне қатысты пікірін білдірді. 

«Шынымен бұл мәселеге қатысты көп сауал бар. Бала дәстүрлі форматта оқыған кезде оның мектеп білім алатындығы, сыныпта сабақ барысында белгілі бір тапсырма берілетіндігі түсінікті. Ол оны орындайды, педагогтың сауалдарына жауап береді. Жұмыс осылай жүргізіледі. Содан кейін қайталау үшін үй тапсырмасы қосымша беріліп отыратын. Бала үйде отырып істеген оқу тапсырмасын жеке беріп, оның үстіне қайтадан екі есе көлемде үй тапсырмасын беру мақсатқа сай болмайды. Сондықтан балаларға жүктемені көбейтпеуді жөн көрдік. Өзге елдерде осындай үлгі де, зерттеулер де бар. Солардың негізінде әдістемелік ұсыным жасадық. Біз оқу және үй тапсырмасы деп бөлу жоқ екендігін айтып отырмыз. Тек оқу тапсырмасы ғана бар. Олар үйде отырып оқыған дүниені үйге тапсырма ретінде береді. Тапсырма көлемі біз ұсынған шектен аспауы тиіс», - деді минитср.


Пікір жазу
  • Ақылбек Күрішбаев игерілмей жатқан жер мәселесін көтерді
    Алексей Цой: Коронавирустың кезекті толқынының болу-болмауына өзіміз ықпал етеміз