Денсаулық сақтау саласындағы жетекші сарапшыларының пікірлері мен зерттеулерге сәйкес,.дәстүрлі жапон матча шайы көбірек ішу ұзақ өмір сүру үшін қартаюдың алдын алады. Бұл туралы Express басылымына сілтеме жасап хабарлаймыз.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуінше, Жапония халқының диетаны сақтауына және ерекше сусын ішетін әдеттеріне байланысты өмір сүру ұзақтығы ең жоғары екенін атап өткен. Ал, олардың сүйікті сусыны – матча шайы.
Бұл басқа шайлардан ерекше. Матча шайы – ашық-жасыл түсті ұнтақ. Сусынның құрамында A, B, C, E дәрумендері, сонымен қатар ұзақ өмір сүруге ықпал ететін тағамдық талшықтар, мырыш, калий, кальций, натрий және темір бар.
Бұдан бөлек ғалымдар дәстүрлі сусын холестерин мен қанның құрамындағы қант деңгейін түсіретінін, иммундық жүйені нығайтатынын, қатерлі ісіктің, диабет пен семіздіктің даму қаупін болдырмайтынын анықтады.