ҚР СІМ Таулы Қарабақтағы іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады

Уақыты: 2020-11-11 Көрлімі: 479 Сипаттама

ҚР Сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты мәлімде...

66c75b5547ed27579ac1658652a30c0c_original.156203.jpg

ҚР Сыртқы істер министрлігі Таулы Қарабақтағы іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы министрліктің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлаймыз. 

"Әзербайжан Республикасы Президентінің, Армения Республикасы Премьер-министрінің және Ресей Федерациясы Президентінің Таулы Қарабақ қақтығысы аймағындағы атысты және барлық әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы мәлімдемесін жоғары бағалаймыз.

Қол жеткізілген уағдаластықтар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес келеді және Таулы Қарабақ проблемасын реттеу үшін негіз бола алады.

Осы келісімге қол жеткізудегі Ресей Федерациясының сындарлы рөлін және оның уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға бағытталған бітімгершілік күш-жігерін ерекше атап өтеміз.

Осы күрделі кезеңде әзербайжан мен армян халықтары берік бейбітшілік пен келісім орнату, өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сенімді іргетас қалауға ұмтылатындарына үміттенеміз", -  делінген мәлімдемеде. 


Пікір жазу
  • Мәжіліс пен мәслихат сайлауына кандидаттарды ұсыну науқаны басталды
    Е. Қиясов: Республика бойынша ауырғандардың 45 пайызы ШҚО тұрғындары

    Ұқсас тақырыптар