Е. Қиясов: Республика бойынша ауырғандардың 45 пайызы ШҚО тұрғындары

Уақыты: 2020-11-13 Көрлімі: 4129 Сипаттама

Еліміздің барлық өңірінде коронавирус жұқтырғандар көбейді. Ел бойынша ауырып қалғанд...

690368c34d99a1e383c4e095bf901107.jpg

Еліміздің барлық өңірінде коронавирус жұқтырғандар көбейді. Ел бойынша ауырып қалғандардың жартысы ШҚО-да тіркеліп жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде мәлімдеді.

Соңғы екі аптада ел аймақтарында коронавирус жұқтырып, ауырып қалғандар көбейді. Өткен аптамен салыстырғанда 1,7 есе көбейді. Республика бойынша ауырғандардың 45 пайызы Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының үлесінде. Ауру жұқтырғандар Қостанай облысында 4 есе, БҚО-да 3,2 есе, Павлодар облысында 2,7 есе өскені байқалып отыр. Бүгінде аталған өңірлерде шектеу шаралары күшейтілді, - деді Бас санитар.

Ол эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты еліміздегі карантиндік шараларды күшейтудің қосымша шаралары қабылданғанын жеткізді.

Санитариялық бекеттер орнатылып, Петропавл мен Көкшетау қалаларына кіру, шығу шектелді. Көрсетілген облыстарға кіруге және олардан шығуға әуе қатынасы, теміржол қатынастарының саны қысқартылды. Теміржол құрамын облыс ішінде тоқтатуға тыйым салынды. Қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы уақыт бойынша шектелді. Жұмыс күндері ауданы 800 шаршы метрден асатын сауда үйлерінің, сауда орталықтарының, азық-түлік емес дүкендердің жұмыс уақыты бойынша шектелді. Жұмыс істейтін қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеу форматына көшірілді. Жиналыстарды оффлайн форматта өткізуге толықтай тыйым салынды, - деді ол.

Дереккөз: baq.kz

Пікір жазу
  • ҚР СІМ Таулы Қарабақтағы іс-қимылдарды тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады
    COVID-19 жүрегі ауыратын науқастар үшін қаншалықты қауіпті?