БІРҚАТАР АЙМАҚТА КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛУДЕ

Уақыты: 2020-12-14 Көрлімі: 945 Сипаттама

9 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәжілісінде ҚР Денсаулық са...



Елдегі эпиджағдай: Бірқатар аймақта карантин шаралары жеңілдетілуде


9 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәжілісінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов ҚР қазіргі эпидемиологиялық жағдайы және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, елдегі жағдай тұрақты, сондықтан бірқатар өңірде карантин шаралары жеңілдетілетін болады. Бұл туралы Strategy2050.kz материалына сілтеме жасап хабарлаймыз.

Баспасөз мәжілісінде вице-министр Ерлан Қиясов бүгінде еліміз жасыл аймақта, яғни қаупі төмен аймақта тұрғанын атап өтті. Оның айтуынша, жоғары қауіпті аймақта, яғни қызыл аймақта 2 өңір, атап айтсақ, Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облысы ғана тұр.


«Өткен аптамен салыстырғанда Қостанай және Ақмола облыстары қызыл аймақтан сары аймаққа немесе орташа қауіпті аймаққа ауысты, сондай-ақ Алматы қаласы мен елорда, Шығыс Қазақстан және Атырау облысы сары аймақта. Ал Батыс Қазақстан облысы сары аймақтан жасыл аймаққа ауысты. Қалған өңірлер жасыл аймақта орналасқан. Эпидемиологиялық жағдайы жақсарған өңірлерде 2 апта ішінде карантин шараларын жеңілдету мәселесі қаралып жатыр», - деді бас мемлекеттік санитар дәрігер.


Оның дерегінше, өткен 2 аптада коронавирус жұқтырғандар саны 10%-ға өскен. Ал науқас саны Атырау облысында 1,9 есеге, Жамбыл облысында 1,8 есеге, Ақмола облысында 1,7 есеге, Павлодар облысында 1,5 есеге артқан. Сондықтан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жоғары қауіпті аймақтарда қатаң карантин шаралары сақталатынын баса айтты. Сонымен қатар, барлық өңірде кез келген ұжымдық мерекелерді өткізуге тыйым салынбақ. 


Сонымен қатар, Ерлан Қиясов жағдай тұрақты өңірлерде, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында біртіндеп карантин шаралары жеңілдетіліп жатқанын, «сары аймаққа» көшуіне байланысты облыс ішіндегі автобус, шағын автобус және аудан мен қала арасындағы өзге де жолаушылар тасымалының жұмысын қалпына келтіру үшін бірқатар жеңілдік жасалатынын атап өтті. Азық-түлік сататын базарларға аптаның кез келген күні жұмыс істеуге рұқсат етілді.


Сонымен бірге, 4 өңірде, яғни Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйінің жұмыс режимі 1 сағатқа ұзартылған, және демалыс, мереке күндері де ашық болады. Сонымен қатар, азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысына шектеу қойылмайды.


Сонымен бірге, вице-министрдің мәліметінше, Алматы қаласы мен Қарағанды облысында сауда үйлері мен СОО орналасқан сауда және халыққа қызмет көрсету объектілерінің, нақтырақ айтсақ, химиялық тазалау, киім, аяқ киім жөндеу қызметіне рұқсат берілген.


Дегенмен, шекарада күшейтілген санитариялық-карантиндік бақылау болады. 9 желтоқсанда мемлекеттік шекарада 635 адамнан КВИ анықталды,тұтастай алғанда, автомобиль өткізу пунктері арқылы шекараны кесіп өткендер арасында індет тасымалдаушылар саны 1,5 есеге, әуе қатынасы арқылы 2 есеге азайғанын атап өтті.


Түркия мен Қазақстан арасындағы әуе рейстері азайтылады 


Сондай-ақ, вице-министр Түркиядағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып Түркиямен тұрақты рейстердің санын 2020 жылғы 10 желтоқсанынан бастап екі тараптың әуе акомпаниялары аптасына 20-дан 10 рейске дейін қысқарту туралы шешім қабылданғанын айтты. Өйткені, соңғы аптада Түркияда науқастар саны тәулігіне 7 000-нан 30 000 жағдайға дейін, яғни 3,6 есеге өсті.


Мектеп оқушылар арасындағы сырқат


Оның дерегінше, оқу жылының басынан оқушылар арасында 2 539 КВИ жағдайы тіркелген, олардың 738-і кезекші сыныптарда оқиды, бұл офлайн режимде оқитындардың жалпы санының 0,08% құрайды.


Мониторингтік топтардың жұмысы

Қазіргі уақытта республика бойынша әкімдіктер жанында 1556 мониторингтік топ жұмыс істейді. Ерлан Қарантин шаралары жеңілдетілген сәттен бастап 17 тамыздан 7 желтоқсанға дейін 53 489 рейд жүргізіліліп, 21 5970 нысан тексерілген. 18903 нысан талаптарды сақтамаған Санитарлық талаптарды бұзған өңірлер қатарына Түркістан, Алматы, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстары, сонымен бірге Алматы қаласы мен елорда кіреді.


«Жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеге 15 268 айыппұл салынды. Олар маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтамаған, дезинфекциялық құралдары жеткілікті емес, эпидемияға қарсы іс-шараларды, жұмыс режимін сақтамаған, бұқаралық жиын өткізген», - деді ол.


Бұдан бөлек, бас мемлекеттік санитар дәрігер тұрғындарды алдағы ұзақ демалыс күндері мен жаңа жылдық мерекеде коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын сақтауға шақырды. Оның ішінде адам көп жиналатын орындарға бармауға, ұжымдық жиын өткізбеуге, оған қатыспауға үндеді.


«Әрбір адам қазіргі жағдайға барынша жауапкершілікпен қарағаны дұрыс. Өзгелерге індет жұқтырмау үшін және жұқтырып алмау үшін міндетті түрде маска киіп, әлеуметтік арақашықтық және гигиена бойынша талаптарды сақтау қажет екенін тағы да еске саламын», - деді Ерлан Қиясов.


автор: Назерке Сүйіндік


Пікір жазу
  • Тоқаев: Біз мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтуға барлық жағдайды жасаймыз
    НӘБИЖАН МҰҚАМЕТХАНҰЛЫ ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ" АТАНДЫ

    Ұқсас тақырыптар