НӘБИЖАН МҰҚАМЕТХАНҰЛЫ ТАЛҒАР АУДАНЫНЫҢ "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ" АТАНДЫ

Уақыты: 2020-12-15 Көрлімі: 1544 Сипаттама

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Алматы облысы Талғар ауданының «Құрметт...

Снимок.JPG

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Алматы облысы Талғар ауданының «Құрметті азаматы» атанды.

Тарих ғылымдарының докторы Нәбижан Мұқаметханұлы   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қытайтану кафедрасының профессоры және 2012 жылдан университетет жанындағы «Қазіргі заман Қытайды зерттеу орталығының» директоры болып қызмет атқарады.  2014-2017 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факуьтеті Қытайтану кафедрасының меңгерушісі болған. Оған дейін Абылай хан атындағы мемлекеттік Әлем тілдері университетінде жапон тілі мұғалымы, Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында жетекші ғылыми қызметкер, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттің тарих факультеті шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасында доцент, профессор және кафедра меңгерушсі, Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факуьтеті халықаралық қатынастар және элемдік экономика кафедрасында профессор болып қызмет атқарған.

 

Нәбижан Мұхаметханұлы 1977 жылы Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы Сунь Ятсень атындағы мемлекеттік университеттің  Тарих факультетін тарих мамандығы бойынша бітіріп,  ҚХР Іле Қазақ автономиялы облыстық комитеттің үгіт-насихат бөлімінде қызмет жолын бастап, Қытай Шыңжаң Қоғамдық ғылымдар академиясы Ұлттар зерттеу институты директорының ғылымға жауапты орынбасары және жетекші ғылыми қызметкер қатарлы қызметтерде болды. 

 

 Снимок1.JPG

Нәбижан Мұхаметханұлы Қытайдың ескі жазба деректері негізінде қазақ халқының және қазақ мемлекеттілігінің этногенезін, ХҮІІІ ғасырдан қазірге дейінгі Қазақ (Қазақстан) - Қытй қарым-қатынастарын, Қытайдың сыртқы саясаты және халықаралық қатынастарын зерттеу бағытында 380-нен астам ғылыми-танымдық еңбектері жарияланған. Оннан астам кітабы жарық көрген.

2009 жылы ҚР жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы, 2019 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамуына қосқан үлесі үшін» медалымен марапатталған.

Сондай-ақ Нәбижан Мұқаметханұлы 2010 жылдан бері «Қызай ана» қоғамдық қорының төрағасы. Құрылғанына 10 жыл болған Қызай анна қоры Алматы облысы Талғар Ауданы Өстемір ауылында жыл сайын Наурыз мерекесін өткізіп мәдени саласына үлес қосумен бірге әлеуметтік және материалдық жақтан қолдау көрсетіп келеді.  

Jebeu.kz

 


Пікір жазу
  • БІРҚАТАР АЙМАҚТА КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛУДЕ
    ҚР президентін Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен кімдер құттықтады?