Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Корея Республикасына ресми сапармен барды. Сапар шеңберінде ол Президент Юн Сок Ёлмен кездесіп, Сыртқы істер министрі Чжо Тэ Ёльмен екіжақты келіссөздер жүргізді.
Корей мемлекетінің басшысымен кездесу барысында соңғы жылдары қол жеткізілген екіжақты саяси диалогтың жоғары деңгейі аталып өтті. Корея Республикасының Президенті қазақ-корей стратегиялық өзара тиімді әріптестігін нығайту мақсатында Қазақстанмен көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі арттырудың маңыздылығына назар аударды.
Сол күні ҚР СІМ басшысы Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Чжо Тэ Ёльмен екіжақты келіссөздер жүргізді. Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-корей ынтымақтастығының негізгі мәселелерін талқылады.
https://t.me/pressmfakz сайтынан