Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Қытайдың жасанды интеллект (ЖИ) саласындағы жетістіктері кездейсоқ емес екенін айтты. Әсіресе DeepSeek моделінің дамуы елдің мықты білім беру жүйесімен тікелей байланысты. Бұл туралы ол өзінің ресми арнасында жазды.
Дуровтың пікірінше, Қытайдың білім беру жүйесі математиктер мен ғалымдарды дайындауда Батыс елдерінен әлдеқайда тиімді. Елде оқушылар арасындағы қатаң бәсекелестікті қолдайтын кеңестік білім беру үлгісі қолданылып келеді. Соның арқасында қытайлық оқушылар халықаралық олимпиадаларда математика мен бағдарламалау бойынша тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетеді.
Бизнесмен Батыс мектептеріндегі, әсіресе АҚШ-тағы білім беру жүйесінің кемшіліктерін атап өтті. Онда оқушыларды күйзелістен қорғау үшін ашық бағалау мен рейтинг жүйесі жиі алынып тасталады. Оның айтуынша, бұл тәсіл олардың ынтасын төмендетеді. Егер АҚШ орта білім беру жүйесін реформаламаса, Қытайдың технологиялық салада басымдыққа ие болуы сөзсіз деп есептейді Дуров.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан