Қытайдың мұнай және газ өндірісі алғаш рет 400 млн тоннадан асты

Уақыты: 2025-02-02 Көрлімі: 69 Сипаттама

Қытай 2024 жылы мұнай мен газ өндірісі бойынша рекорд орнатты. Елдің Мемлекеттік энергет...


IMG_5872.jpeg

Қытай 2024 жылы мұнай мен газ өндірісі бойынша рекорд орнатты. Елдің Мемлекеттік энергетика басқармасының мәліметінше, өткен жылы 213 млн тонна мұнай және 246,4 млрд текше метр табиғи газ өндірілген.


Соңғы алты жылда мұнай өндіру көлемі 24 млн тоннаға, ал табиғи газ өндірісі 78 млрд текше метрге ұлғайды. Қытай теңіздегі көмірсутек өндірісін белсенді түрде арттырып, тақтатас мұнайы мен газ өндіруді кеңейтуде.


2024 жылы тақтатас мұнайы секторында 6 млн тонна мұнай өндірілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 30%-ға көп. Сарапшылар бұл көрсеткіштің алдағы жылдары да өсетінін болжайды.


 t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арнасынан


Пікір жазу
  • Павел Дуров Қытайдың білім жүйесін жоғары бағалады
    Қазақстан алғаш рет тарихында Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды

    Ұқсас тақырыптар