Қытайдың 138-ші Кантон жәрмеңкесіне 10 мыңнан астам жоғары сапалы кәсіпорын тіркелді — бұл тарихтағы ең жоғары көрсеткіш. Мұндай компаниялар барлық қатысушылардың 34 пайызын құрайды.
Жоғары сапалы кәсіпорындар – озық технология қолданып, ерекше өнім шығаратын және өндірісте жеке жетістіктерге жеткен компаниялар.
Жәрмеңкеде ұсынылатын жаңа өнімдердің 63 пайызы инновациялық технологияларға, 48 пайызы жетілдірілген функцияларға, 47 пайызы экологиялық шешімдерге, ал 31 пайызы жаңа материалдарға негізделген.
138-ші Кантон жәрмеңкесі 2025 жылғы 15 қазан мен 4 қараша аралығындаөтеді. Ол үш кезеңнен тұрады:
• 15–19 қазан – құрылыс және өнеркәсіп өнімдері;
• 23–27 қазан – тұтыну тауарлары мен үй декоры;
• 31 қазан – 4 қараша – мата, киім, аяқ киім, медициналық жабдықтар және өзге де тауарлар таныстырылады.
t.me/atamekenbusiness_silkway телеграм арүасынан