Алаш туы астында. Деректі фильм

Уақыты: 2018-12-13 Көрлімі: 1973 Сипаттама

Бұдан 101 жыл бұрын, 1917 жылы 5- 13 желтоқсан күндері Алаш қайраткерлері Орынборда екінші...

vhMW5TaN.jpg

  

Бұдан 101 жыл бұрын,  1917 жылы 5- 13 желтоқсан күндері Алаш қайраткерлері Орынборда екінші жалпықазақ съезі өткізіліп, ұлттық территориялық бүкіл қазақ ұлтын қамтитын Алашорда автономиясын құру туралы шешім шығарылды. Алаш қайраткерлерінің мақсаты ұлттық тәуелсіздікке қол жеткізіп, қазақ қоғамын жаңғырту, әлемдегі ең озық ғылым мен мәдениетті әкеліп, қазақ мемлекетін өркениетті елдердің қатарына қосу еді. Алаш Орда автономиясының мемлекеттік идеясы бүгінгі азат еліміздегі ұлттық идеологияның алтын қазығы. Осы орайда Алаш Орда үкіметінің құрылған күнімен құттықтай отырып, Алаш Орданың 100 жылдығына орай түсірілген 3 бөлімді «Алаш туы» астында атты деректі фильмді назарларыңызға ұсынамыз.

Сценарийын  Болат Мүрсәлім жазған деректі фильмге белгілі тарихшы Мәмбет Қойгелді бас кеңесші, әдебиет сыншысы Тұрсынжан Шапай шығармашылық кеңесші болған. Деректі фильмде Ерген Тоқмурзин режиссердің, Мұстафа Өнер қоюшы оператордың, Бейбіт Ақош композитордың міндетін атқарған.  

«Алаш туы астында» деректі фильмі 3 бөлімнен тұрады. «Оян, қазақ!» атты алғашқы бөлімде Алаш қозғалысының қалыптасу кезеңі, жәдидтік ағым мен батыс мәдениетінің ықпалы, қазақ баспасөзінің бастау бұлағы, Дума жұмысына араласу, 1916 жылғы көтеріліске көзқарас сынды мәселелер қамтылады. 

Екінші бөлім «Жарияланбаған автономия» деп аталады. Мұнда 1917-1920 жылдардағы Алашорда үкіметінің қызметі көрсетіледі. Алаш қайраткерлері неге тәуелсіздікті емес, автономияны таңдады? Алаш әскері қалай жасақталды? Алаш автономиясы жарияланды ма, жоқ па? Ә.Бөкейхан мен М.Шоқай Уфадағы мемлекеттік мәжілісте ұлт-азаттық күрес мүддесін қалай қорғады деген сұрақтарға жауап ізделеді. 

«Қатерлі өткел» деп аталатын үшінші бөлім – 1920 жылғы қазақ шекарасын анықтаумен басталатын Алаш қайраткерлерінің Кеңестік дәуірдегі күресіне арналған. Бұл бөлімде Голощекиннің қырғыны, Сталиндік репрессия жылдарындағы Алаш тағдыры нақты деректермен дәйектеледі.


Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Нәбижан МҰҚАМЕТХАНҰЛЫ: Қазақстанның Қытайға қарызын қайтаруға потенциалы жетеді
    Қытайдағы қысымды тоқтату мүмкін бе?