ХАЛЫҚ ПАРАСАТЫ СЫНАЛАТЫН КЕЗ: САЙЛАУДА ҚАНДАЙ ТАҢДАУ ЖАСАУ КЕРЕК

Уақыты: 2019-05-07 Көрлімі: 2655 Сипаттама

Нәбижан Мұқаметханұлы тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профес...

34205-1000x700.jpg

Нәбижан Мұқаметханұлы тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры

          Бір халықтың немесе бір елдің ұлттық парасаты көбінесе тарихи шешуші кезеңдерде сыналады. Дәуір де өз кезегінде ұлы тұлғаларды қалыптастырады, алға шығарады. Арысын айтпағанда, ХХ ғасырдың өзінде қазақ елі, Қазақстан халқы өте күрделі сынақтардың екеуін бастан кешірді деп санаймын. ХХ ғасырдың басындағы бірінші дүниежүзілік соғыс (1914-1918) және оның салдарынан орын алған Ресейдегі саяси-әлеуметтік дағдарыс, оның кесірінен туындаған революция, бәрі-бәрі қазақ халқының тағдырын ауыр сынтезге салған еді. Алайда осы кезде Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов бастаған қазақтың саяси мәдени тұлғалар шоғыры саяси саханаға көтерілді. Олар халықты ояту, ағартумен қатар ұлттың болашағы үшін жанқиярлықпен күрес жүргізді. Олар саяси күрестің өркениетті тәсілін таңдады, Алаш партиясын құрды, саяси бағдарламасын жасады, Алаш Орда үкіметін ұйымдастырды, сол арқылы көне-жаңа Ресей өкіметімен диалог жүргізді. Басты ұстанымы, алдымен қазақ халқының Ресей құрамындағы орны мен құқығын анықтау, одан соң автономиядан тәуелсіздікке өту болды.

pic-1.jpg

          Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлмемде өріс алған ұлт-азаттық қозғалысы мен Азия және Африка елдерінде пайда болған саяси партиялардың құрылу уақыты мен саяси бағдарламаларын салытырып қарайтын болсақ, Үндістаннан басқасындағы саяси партиялар Алаш партиясынан кейін құрылғанын және олардың саяси бағдарламаларының деңгейінің де бір саты төмен болғанын байқаймыз. Демек, өткен ғасыр басында қазақ элитасының саяси мәдени деңгейі әлемнің алдыңғы қатарында болған. Сондықтан олар Ресейде саяси билік аусып, заман өзгеріп, большевиктік - компартиялық үстемдік қанды қолмен құрылып жатқан жағдайдың өзінде, табанды түрде саяси күрес жүргізу арқылы қазақтың территориялық аумағын, билік құрылымын қалыптастырды, советтік сипатта болса да. Соның орайына алаштықтар ілгері-кейін Қызыл империяның құрбаны болды. Сол алаштықтар анықтап кеткен  территориялық аумақ пен мемлекеттік құрылым - тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының негізі болды. Ал, олардың жазып қалдырған мәдени мұралары – ұлтымыздың тәуелсіздік рухының сарқылмас қайнар бұлағы ретінде халқымызға дербестік нәрін сіңіріп келді.

          Егер, ХХ ғасыр басында Ә. Бөкейханов сияқты қазақтың ұлы тұлғалар шоғыры болмағанда, олар халқының жарқын болашағы үшін жанын пида етіп күреспегенде, қазақ халқы ұлт ретінде жойлып кетуі ғажап емес еді. Солардың арқасында ел басына түскен алғашқы ауыр сынақтан өттік. Әрине, содан кейінгі Совет дәуір де  қазақ халқы үшін жеңіл болған жоқ, қолдан жасалған аштықтан  миллиондап қырылса, империялар арасындағы соғыста бірнеше жүз мыңдаған боздақтарымыз құрбан болды. Дейтұрғанмен Алланың сыйлаған ұлы тұлғаларының арқасында қазақ халқы қайта түледі.

6824b062d3dbdd6bf1f5be7e93d4bb26.jpg

          ХХ ғасырдың 60 жылдары Қазақстан билігіне Дінмұхамед Қонаев келді. Ол кісі шерик ғасыр бойы өзінің теңдессіз ақыл-парасатымен, саясаткерлік, ұйымдастыру қабылетімен Қазақстанның әлеуметтік-эконмикасын дамытып, білім, ғылымын және денсаулық сақтау жүйесін жетілдіріп халқымыздың жалпы сапасын өсірді. Әсіресе білім, ғылым саласында қазақ зиялыларының деңгейін советтік өреге жеткізді. Соның нәтижесінде жоғары мәдени деңгейде қазақ зиялылар сословиясы қалыптасты, олардың қоғамдық құқықтық теңдік көзқарасы мен өзін өзі басқару санасы күшейе түсті. Мұның жарқын мысалын «Желтоқсан оқиғасы» көрсетті. Бұл кезде қазақ қоғамында мемлекет тұтқасын ұстай алатын тұлғалар жетіліп кеткен еді.

Солардың бірі және бірегейі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды. Ол Совет одағы терең өзгеріске түскен кезде Қазақстан билігіне келді. 1989 жылы Г.В.Колбиннің орнына ҚКП ОК бірініші хатшысы қызметіне тұрды, 1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР-інің Президетті болып сайланды. Ал 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен бүкілхалықтық сайлауда 98 пайыздан астам дауыспен Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Демек, тарихтың таңдауы да, халықтың қалауы да Нұрсұлтан Әбішұлына түсті. Өте күрделі саяси әлеуметтік тарихи жағдайда қазақстандықтардың жасаған таңдауының дұрыс болғанын кейінгі қоғамдық тәжірибелер дәлелдеді.

1991 жылы Совет одағы ыдырап, оның құрамындағы одақтас республикалар бірінен соң бірі өз тәуелсіздігін жариялап жатты, кейбір елдерде бұрын бүркемеленіп келген этникалық, діни қарама-қайшылықтар шиленісіп, қарулы қақтығыстарды туындап жатты. Сол кезде шығыстағы көршіміздің Қазақстан тәуелсіздік жарияласа, міндетті түрде орыс пен қазақ арасында қақтығыс бұрық ете түседі де, сан мыңдаған босқындар шекарамыздан өтіп келетін болады, - деп алаңдағаны бар. Өйткені олар қазақ халқының кең пейілдігі мен басшысының ел басқару шеберлігін түсінбеген-ді.

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің ерекше саяси талантты мен шебер басқару өнерін сәулелендіріп Қазақстанда әрқандай формадағы этникалық кикілжіңді болдырмады, ел ішіндегі үлкен береке-бірлік пен қоғамдық орнықтылықты 

берік сақтай білді, тіпті оны қазірге дейін жалғасты түрде нығайтып, әр ұлт өкілдерінің ынтымағы жарасқан мамыражай қазақстандық қоғамдық орта қалыптастырып, әлемге жарасымдықтың үлгісін көрсетті. Мұның өзін төңіректегі елдермен салыстырсақ,  оның бағасын тіпті де терең түсінеміз.

1991 жылдың 16 желтоқсанында, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын қабыладап, тәуелсіздігін жариялады. Сонымен Қазақстан тарихының жәңа дәуірі басталды.


upload-RIAN_02613704.HR.ru-pic4_zoom-1000x1000-36748.jpg

          

Жаңа дәуірде құратын тәуелсіз мемлекеттің сипаты туралы, аталған Заңның 1-бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет деп бекіткен.  Осындай өркениетті мемлекет құрудың ауыр да күрделі міндеті тарихи түрде Нұрсұлтан Назарбаевтың иығына жүктелді. Ол кезде елдің іші-сыртында үміт пен күдік қатар сақталғаны жасырын емес-ті. Елбасының өз сөзімен айтқанда «Ел ішінде қобалжу мен түсініксіз жағдай орын алды. Дүние төңкеріліп кететіндей көрінген» еді.

Қоғамдық тәжірибе көрсеткендей, Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жаннан асқан дарынымен халықтың үмітін ақтады, күдігін сейілтті, Совет одағының қираған қоқсығынан заманауи мемлекет құрып шықты. Бұлай деуге Қазақстанның саяси құрылымы, экономикалық жүйесі мен білім, мәдениет бағыттары заманауи мемлекет тадаптарына жауап бере алады. Сондай-ақ нарықтық экономикалық мемлекет болуымен сипатталады.

 Қазақстан Республикасының дамуын, оның қазірге дейін халықарада қалыптастырған келбетімен немесе имджімен тұйіндеп түсіндіруге болады: Қазақстан - қарқынды дамып кележатқан Орта Азиядағы ірі мемлекет; Қазақстан - әлемде дамыған елу елдің қатарындағы мемлекет; Қазақстан – бейбіт сүйгіш мемлекет; Қазақстан – ашықтықты, толеранттылықты, мәдени плюрализмді, этностар ара келісімді жақсы сақтаған мемлекет; Қазақстан – даму потенциалы күшті мемлекет т.б. Міне, еліміздің халықарада осындай репутация қалыпастыруы тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімінен бөле қарауға болмайды. Бұның бәрі тәуелсіздіктен бері Ұлт көшбасшысының табанды түрде қажырлықпен жүргізген салиқалы саясатының жемісі. Демек, кезінде халық парасаттылықпен Тұңғыш Президенттін дұрыс таңдай алды, Тұңғыш Президентіміз де халықтың үмітін ақтады.

Кейбір сарапшылардың «Жоғары билік деген апиын сияқты, кім тұтынса, сол ажырай алмай қалады» дегенін естіген едім. Жоқ, бұл жалпыға бірдей ақиқат емес екен. Мемлекеттің мүддесін, халықтың болашағын бәрінен жоғары қойған тұлғалар ол катогорияға симайды екен. Мұның жарқын үлгісін біздің Елбасымыз көрсетті.

«Еліміздің, халқымыздың қамы – менің мүддем болып қала береді» деп түсінген, «алдағы міндетім – басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамтамасыз ету»,- деп санаған Тұңғыш Президент, 19 науырзда Қазақстан халқына үндеу жолдап, өзінің Президенттік өкілеттігін мерізімнен бұрын тоқтатып, орнына Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевті ұсынды. Бұған ел іші-сырты қатты таңғалды, өйткені олар Нұрсұлтан Назарбаевті ғұмырының соңына дейін тақтан түскісі келмейтін шығыстық дара билеушілердің қатарына санап қойған. Сондықтан олар мұндай шешімді күтпей аңтарылып қалды. Өйткені олар Елбасымыздың бойында  шығыс пен батыстың заманауи мәдениетінің синтезденіп жатқанын түсінген жоқ.

2019_04_02_2019_04_02_06386223e003db8e746cb81601037843.jpg

Біз Елбасының таңдауынан да үлкен жауапкершілік пен Қонституциялық заңдылықты және заманауи критерийлерді анық аңғарудамыз. Nur Otan партиясы да кезектен тыс президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевті ұсынды. Меніңше, бұл өте дұрыс шешім.

Бұл кандидатта тәбиғи дарын, іргелі білім, ғалымдық қасиет, әкімшілік мол тәжірибе бар, ең маңыздысы Елбасы айтқандай «адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат», оған және қоңыржай мінезі мен ел іші-сыртындағы биік беделін қоссаңыз болады. Біле білсек, осындай тұлғаның мемлекет басқаруына ешқандай күмандаудың қажеті жоқ.

Соңғы бір айдан астам уақыттан бері Қасым-Жомарт Кемелұның ұстанымдарымен де таныстық. Ол өзінің басты міндеті Елбасының стратегиялық бағытының сабақтастығын қамтамасыз етумен қатар, білімділік, әділеттік және ілгерілеуді жүзеге асыратынан айтты. Сондай-ақ  әділеттікті, азаматтардың құқығын қорғауды - атқарушы органдардың конституциялық міндеті әрі азаматтық борышы деп санайды. Бір ауыз сөзбен айтқанда, Тұңғыш Президет Н.Назарбаевтың жолын одан әрі жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Бұл өте дұрыс ұстаным. Мемлекетің дамуы тарихи сабақтастық арқылы жүзеге асады. Қазір Қазақстанға революциялық өзгерістердің мүлде қажеті жоқ, Тұңғыш Президент қалыптастырған қазақстандық даму жолы эволюциялық түрде дамып отыруы керек.

Халықаралық қатынастар зерттеушісі ретінде айтарым, шетелдік инвесторлар Қазақстанда Президент ауысуына байланысты, бұрынғы сыртқы саясаты шұғыл өзгеріп кетеме деп алаңдап отыр, шетелдегі қалың энтикалық қазақтар Тұңғыш Президенттің оралмандар саясаты жоғары өреде жалғасса екен деп тілеп отыр. Сонықтан Қазақстанның ішкі-сыртқы саясаты өз жалғасын тапқаны жөн және оны Қасым-Жомарт Тоқаев мырза жалғастырады деп сенемін.


Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Мамания мектебі
    Мұxаметжан Тынышбайұлының туғанына 140 жыл толды