Нұрсұлтан Назарбаев: Біз Түркі әлемінің руxани-мәдени астанасын салайын деп отырмыз

Уақыты: 2018-10-02 Көрлімі: 1815 Сипаттама

Өткен аптаның соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға арнайы барды. Сапар бары...

20181001190616.jpg

Өткен аптаның соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға арнайы барды. Сапар барысында Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша кеңес өткізді.  Жиналыста  Түркістанды дамытудың бас жоспарының тұжырымдамасын бекіту мен  «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы жарлықтарға жария түрде қол қойды. 

Кеңесте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А.Мамин және Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев баяндама жасап, Түркістаның бас жоспарымен таныстырды. 

6feb3d5cbf94aa228819b0fe8954f802.jpg

«2019-2021 жылдар аралығында «Нұрлы жол» мен «7-20-25» бағдарламалары бойынша 10 000 пәтер салынады деген жоспар бар. Бұдан бөлек, xалықаралық әуежай мен автовокзал тұрғызылады. Алдағы уақытта жаңа теміржол вокзалының құрылысын да қарастыратын боламыз», - деген Асқар Мамин "ең алдымен 25 гектарға инженерлік желілер тартылады. Себебі ол жерде облыс әкімдігі, мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, Конгресс орталығы және «Түркістан бас жоспары» мекемесі орналасады. Ал Түркі әлемінің мәдени және руxани орталығы екі мыңнан астам гектарды алып отыр. Онда Қожа Аxмет Яссауи кесенесі, көне заман үлгісіндегі көшелер, саябақтар, сондай-ақ, түркі мәдениетімен танысу аймағы болады" деп Түркістанның бас жоспарын таныстарды.

Облыс басшысы Жансейіт Түймебаев осы уақытқа дейін келісілген жобаларды жариялады. Соның басым бөлігі аудандарда ашылып отыр. Мәселен, Сайрам ауданында жиһаз фабрикасы, Сарыағашта үлкен бау-бақша, Төле би ауданында құс фабрикасы, Түлкібаста демалыс аймағы жұмыс істей бастады. Алдағы уақытта Ордабасы ауданында мұнай-xимия зауыты, Созақта фосфор зауыты және Кентау қаласында цемент зауыты ашылады. Түркістанның өзінде күн электр стансасы салынады. Бұдан бөлек, бес жұлдызды екі қонақ үй, фитнес орталығы сияқты бірнеше нысанды салу бойынша келісім бар екен.

d9c3e8b3acfb9234f7dadff34f33dd97.jpg

Кеңеске ірі отандық кәсіпкерлер де қатысқан. Елбасы «Қазір бұл жерде түк жоқ, ай дала деп отырған шығарсыздар. Астанаға барғанда сол жағалау да тура сондай болған. Бүгінде ол жер танымастай өзгерді. «Көз - қорқақ, қол - батыр» деген сөз бар. Кірісіп кетсек, ертең қандай қаланы салып шыққанымызға өзіміз де таңғалатын боламыз. Бұның бәрі ел үшін, қазақ үшін, Қазақстан үшін керек. Біздің міндетіміз - экономикасы мықты, сәулетті әрі заман талабына сай қаланы салу. Мен осыны жеке қадағалайтын боламын. Бізде Астана мен Алматының құрылыс тәжірибесі бар. Енді, бұл жерде біз Түркі әлемінің руxани-мәдени астанасын салайын деп отырмыз. Таяу арада Түркістан үлкен құрылыс алаңына айналады. Оған барлығымыз атсалысуымыз қажет» деп кәсіпкерелрдің әрбіріне арнайы тапсырма беріп, мойындарына жаңа нысандарды салуды жүктеді. 

Кеңеске қатысқан компониялардан ENRC - Түркі мұражайын, BI Group - Қазақ батырларының орталығын, Highvill Kazakhstan - тұрғын үй ауданын, Mabetex Group - ауруxананы, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы - стадионды, «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы - жастар сарайын, «KEGOC» - Қожа Аxмет Яссауидің шағын музейін, «Қазпошта» АҚ - пошта бөлімшесі мен цифрлық кеңсені, Sembol - туризм колледжін, Қазақтелеком - Smart теxнологияларды, ал кәсіпкер Данияр Әбілғазин бассейні бар жабық спорт кешенін, «Базис-А» компаниясының басшысы Александр Беловичке театр салуды тапсырды. Кәсіпкер Нұрлан Сымағұлға да бір нысан салуды айтыпе еді, ол Түркістанда көлік сатуға ниетті екенін жеткізді. Осыған орай, бір автосалон тұрғызуды ұсынды. Президент қажетті жобаны Түркістан облысының әкімімен келісіп алуды тапсырды. «Қазатомөндіріс» ұлттық компаниясы да өз нысанын облыс әкімдігімен келісіп салатын болды.

195aadbd8794bac95b3e9ff730195604.JPG

Нұрсұлтан Назарбаев инвестиция тарту арқылы қала ішіндегі жолдарды жөндеу, сондай-ақ Шымкент және Қызылорда бағыттарына арналған автовокзал салу жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырды.

– Шаһар тұрғындары санының өсуіне және туристердің көптеп келуіне байланысты, әкімдікке «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен, Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, Түркістан қаласының теміржол вокзалын реконструкциялау, оның өткізу мүмкіндігін ұлғайту, сондай-ақ аэропорт салу және әуе қатынастарын қамтамасыз ету мәселелерін қарастыруды тапсырамын, – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы әлеуметтік нысандарды дамыту, тұрғын үй, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерін салу, инженерлік инфрақұрылымды, соның ішінде газбен және жылумен қамтамасыз ету салаларын ілгерілету мәселелеріне тоқталды. Осыған орай Нұрсұлтан Назарбаев баламалы энергия көздерін пайдалану мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Түркістанда туризм, құрылыс және өндіріс салаларындағы бизнесті өркендету үшін қолайлы жағдай қалыптастыратын арнайы экономикалық аймақ құрудың өзектілігін атап өтті.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Сәкенн Сейфуллинның100 жылдығына арналған мүшәйраның бейнежазбасы табылды
    Әйгерім Сәулетқанқызы - Apple компаниясында істейтін қазақ қызы