Тәуелсіздік және әлемдегі Қазақ ізі

Уақыты: 2018-12-16 Көрлімі: 1768 Сипаттама

Тарихта тағдыры қанша сынаса да, тобылғының түбіріндей тістесіп, азаттықтың ақ таңына...

20181215104836 (1).jpg

Жебеу: Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Осыдан 27 жыл бұрын 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз ел ретінде өзінің жаңа тарихи кезеңін бастады.  Бұл күнде Қазақстан  әлемдік қауымдастықта өз орынын қалыптастырды.  Қазақстанның құрметіне орай шет мемлекеттерде  ескерткіштер қойылып, көше, елдімекен атаулары пайда болды. ҚазАқпарат тілшісі жинаған осыған қатысты қызықты мәліметтерді бөлісе отырып, барша Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз.

Израиль

 ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Израильге ресми сапары кезінде - 2000 жылдың сәуір айында Бейт-Шемеш қаласының маңында ТМД Еврей Федерациясы қауымдарымен тоғайлы аумақ белгіленіп, ол шағын орманға Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. Осылайша, Израиль халқы Н.Назарбаевтың екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға қосқан үлесіне құрмет көрсетіп отыр.

20181215102423.jpg

Шағын орманға Назарбаевтың атын беру идеясының бастамашысы Израильдегі Қазақстанның Құрметті консулы, кәсіпкер Лев Левиев еді. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың тоғайында қарағай, жаңғақ, емен және тағы басқа ағаш түрлері жайқалып өсіп тұр.

 Моңғолия 

Қазақ ізі Моңғолияда да бар. Қазақ тарихына қатысты тұлғалар ретінде Баян-Өлгей аймағының Дэлүүн ауданында 1994 жылы жаңадан ашылған мешітке Алтай өлкесіне белгілі ағартушы, ғұлама ғалым, ақын Ақыт қажы Үлімжі ұлының (1868-1940) аты берілгенін айтуға болады. Сонымен қатар 2014 жылы қыркүйекте XVIII ғасырда өмір сүрген атақты батыр, керей Ер Жәнібек Бердәулетұлының (1714-1792) 300 жылдық тойына орай Өлгей қаласында ескерткіш тағаны құйылып, батырдың көше атына берілді.

20181215101613.jpg


2018 жылы ӨлгейдеЖоңғар соғысының соңғы кезеңдерінде Абылай бастаған қазақ сарбаздарының ту ұстаушыларының бірі, Абақ Керейден шыққан Қожаберген батыр Жәнібекұлының (1698 - 1783) 320 жылдығына орай ескерткіш ашылды.

20181215101324.jpg

Өзбекстан

Өзбекстан туралы сөз қозғағанда қазақ пен өзбек халқының ортақ қаһарманы Сабыр Рахымовтың ескерткішін атап өтуге болады.

20181215102451.jpg

Сонымен бірге, қазақ халқының ардақты перзенті, данагөй ойшыл Абай Құнанбайұлының атына Ташкент қаласындағы Шайхантахур ауданының басты көшелердің бірі берілген. Көше бойында Абайдың құрметіне ескерткіш орнатылған.

20181215102503.jpg


Бұдан бөлек, Өзбекстаның астанасында қазақтың атақты жыршысы Жамбыл Жабаев (Яккасарай ауданы) пен заңғар жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің (Бектемір ауданы, 1995 ж.) аттарында көшелер бар. 

Тәжікстан 

Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласында тәжік-ауған шекарасындағы әскери борышын орындау кезінде 1995 жылғы 7 сәуірде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің ескерткіші бар. Аталған ескерткіш 2007 жылғы 15 желтоқсанда ашылған.

20181215102522.jpg

Душанбеде сондай-ақ Абай көшесі бар. Көше атауы 1963 жылы Душанбедегі қазақ әдебиетінің 10 күндігі аясында берілген еді. Бұдан бөлек, Душанбе және Бохтар қалаларында (бұрынғы Қорғантөбе қаласы) «Қазоқон» (аудармасы - қазақтар) көшелері барын атап өтуге болады. Бұл атаулар Душанбеде бұрынғы Кеңес одағы кезінде, ал Бохтарда 2012 жылы берілді. 

2016 жылғы 25 тамызда Ходжент қаласының кварталы «Шымкент» атауына ие болды. 

Ал 2018 жылдың 13 сәуірінде ТР Геология, сейсмоорнықты құрылыс және сейсмология институтының ғимаратына Тәжікстан Ғылым академиясының тұңғыш шетелдік құрметті мүшесі, тәжік Ғылым академиясының қызметін ұйымдастыруға, Орталық Азияда геологиялық ғылымға өз үлесін қосқан Академик Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш мемориалдық тақта ашылды.

20181215102824.jpg

Қытай 

2014 жылы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының ескерткіші Бейжің қаласының орталық аумағында (қаланың төртінші айналма жолының ішінде, шетелдік дипкорпус жайғасқан аумақта) орналасқан ең ірі қалалық бақ - Чаоян бақшасында орнатылды. Бұл бақтың мемлекеттік деңгейдегі туристік нысандардың (жалпы көлемі - 288,7 га) қатарына кіретінін атап өту керек. 

Мүсінді белгілі қытайлық мүсінші Юань Сикунь жасап, қазақстандық тарапқа сыйлық ретінде ұсынған болатын.

20181215102839.jpg

Германия 

2000 жылдың 18 ақпанында Қазақстанның Германиядағы елшісі Ерік Асанбаевтың бастамасымен және Берлин қаласының аудандық әкімшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Германиядағы Елшілігінің аумағына жақын көшелердің бірі қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының есімімен аталды. Абай атындағы көше (Abajstraße) Берлиннің көрікті жерлерінің бірі болып табылады. Ол көшеге елшіліктің қонақтары мен Қазақстаннан келген туристер жиі баратынын айта кету керек.


20181215102949.jpg


Қырғыз Республикасы 

Көршілес Қырғыз елінің Шолпан-Ата қаласында орналасқан Ш.Айтматов атындағы «Рух-Ордо» мәдени-этнографиялық кешенінде Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевқа арналған ескерткіш композициясы бар. Одан бөлек, Қырғыз елінде Қазақстанға қатысты (Бішкек қаласында) қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы және ғалым Шоқан Уәлиханов (2013 жылы ашылған) атындағы көшелердің барын атап өтуге болады. 

Украина

 Украинаның астанасы Киев қаласының Днепровский ауданындағы көшелердің біріне 1973 жылы «Алма-Ата» атауы берілген. Ал 2018 жылдың 22 наурызы көше Алма-Атадан Алматыға өзгертілді. Сонымен бірге, Киевте 2008 жылы берілген Жамбыл Жабаевтың көшесі бар. 1943 жылдың 11 ақпанында Балаклея қаласын босату шайқасында Хиваның 15-ші атқыштар корпусының капитаны Мұқан Мұқанов ерлікпен қайтыс болды. Батырдың рухына құрмет көрсету үшін украиналықтар Балаклеядағы көшелердің бірін «Қазақ КСРО-ның батыры» деп атады. Бір қызығы, Киев, Днепр, Харьков, Донецк, Запорожье, Одесса, Кривой Рог қалаларында Қостанай көшесі бар болып шықса, Днепр, Харьков және Донецкте Қарағанды және Қазақстан атты көшелерді кездестіруге болады. Сонымен бірге, 2012 жылы мүсінші М.Әзмағанбетов пен сәулетші Қ.Жарылғапов жасап шығарған Жамбыл Жабаевтың ескерткіші Киев қаласының Шевченский ауданына орнатылды.


20181215100924.jpg

Ал одан бұрын 2005 жылы Днепропетровск облысының Синельниково қаласында Алғадай Жамбыловқа ескерткіш орнатылған еді.

 2000 жылы Киевте Абай Құнанбайұлының естелік тақтасы орнатылды.

Мысыр 

Алыс құрлықта жатса да, Мысыр елінде қазақ тарихына қатысты біршама ескерткіштер барын айта кету керек. 2016 жылдың 13 қазанында Мысыр Араб Республикасының астанасы Каир қаласының «Еркіндік және достық» саябағында қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының ескерткіші қойылды. Ал одан 19 жыл бұрын Каир қаласы Маади ауданындағы көшеге Абай Құнанбайұлының аты берілген еді.

20181215103017.jpg

Каир қаласындағы Бейбарыс мешітін (Каирдің әз-Захир ауданындағы көлемі жағынан қалада екінші үлкен мешіт Бейбарыс мешіті) де ерекше атап өтуге болады. Мешіттің реставрациясына 2007 жылы Қазақстан Үкіметі тарапынан 4,5 млн АҚШ доллары көлемінде қаражат аударылған. Алайда, 2011 жылғы Мысырда болған саяси оқиғаларға байланысты жаңғырту жұмыстары тоқтап қалған еді. 2018 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс қайта басталды.


20181215103155.jpg


Сонымен бірге, Каир қаласында Бейбарыс кітапханасының қалдығы (Мысыр Араб Республикасы, Каир қаласы әл-Муиз көшесіндегі Бейбарыс кітапханасынан қалған қабырға) сақталған. Каирда Бейбарыстың медресесі мен кітапханасы болғаны белгілі. Алайда Мысырды османдар жаулап алғаннан кейін құрылыс нысандары қараусыз қалып, соңында әл-Муиз көшесінде шағын ғана қабырғасы қалған. Мысырда көне ислами ескерткіш ретінде қамқорлыққа алынған.

 Бұдан бөлек Қалюб қаласында Бейбарыс мешіті бар. Мешіт 2016 жылы Мысыр Ескерткіштер министрлігі тарапынан реставрацияланған. Құрылыс Бейбарыс Қалюбияның әкімі болып отырғанда салынған. Айн-Галут шайқасынан кейін Құтыз сыйлаған провинцияға Мысыр тізгінін қолына алғаннан кейін де Бейбарыс ерекше қамқорлықпен қарап, көптеген дамыту жұмыстарын жүргізген. Қалюбияда Бейбарыс салдырған көптеген бөгеттер, көпірлер және т.б. ескерткіштер қазіргі күнге дейін сақтаулы. 

Бейбарыс бабамыз 1260-1277 жылдары Мысырда билік құрған кезде Ніл өзенін игеру үшін салған бөгет бар. Өзінің аты рәмізі болып табылатын «Барыс» мүсіндері орналастырылғаннан кейін бөгет «Арыстан бөгеті» болып аталып кеткен.

 Бейбарыс өмірден өткеннен кейін 1279 жылы Мысыр билігін қолына алған Мансур Сейфуддин Қалауын сұлтан болып 1279 жылы сайланады. Ол - мәмлүктер тарихында Бейбарыстан кейінгі ең ұлы тұлға. Осы тұлғаның есімімен Мысырда мешіт барын айта кету керек. Ән-Насир Мұхаммед бен Қалауын 44 жылдық билігінің нышаны ретінде 1318 жылы Каирдің қорғанында үлкен мешіт салдырған. 1334 жылы бұзып, медресе ретінде қайта салынған. Мәдина қаласындағы Пайғамбар мешітінің күмбезіне ұқсайтын құрылыс қазіргі таңда Каирдің ең турист көп келетін ескерткіштерінің бірі болып табылады. 

Польша 

2006 жылғы шілдеде Астана күніне арнап Польшадағы Қазақстан елшілігінің бастамасымен Варшава қаласының қалалық кеңесі мен басшысының шешімімен Польша астанасының Виланов атты беделді ауданның көшелердің біреуі «Қазақ көшесі» деп атанды. Оның жанында Қазақстаның Польшадағы Елшілігінің ғимараты, поляк патшасының жазғы резиденциясы және Виланов саябағы орналастырылған.

20181215103208.jpg



2013 жылы 12 сәуірден бастап Польшаның Альверня қаласында да «Қазақ көшесі» пайда болды. 2018 жылы 25 қаңтарда Лешно қаласындағы Ян Амос Каменский атындағы Мемлекеттік жоғары кәсіптік білім беру мектебінде Польша-Қазақстан білім, мәдениет және тіл білімі жөніндегі орталығы ашылды.

 Ал 2018 жылы 5 қазанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес Быдгощ қаласындағы Экономикалық университетінде «Қазақ елі» орталығы ашылды. Ол ғылым мен білім саласындағы Қазақстан мен Польша арасындағы қарым-қатынастарын одан әрі тереңдетуге және Қазақстан тарихын, қазақ тілі мен мәдениетін Польша мен Еуропада танымал етуге ықпал етеді. 

Болгария 

Болгария Республикасының Плиска қаласында Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың барельефі 2017 жылы орнатылған. Оның авторы Болгария азаматы - Валери Желязков. Сонымен бірге, ҚР Дипмиссияның ұсынысы бойынша Болгнарияның София қалалық әкімдгі мен Маслихаттың шешімімен София қаласында «Астана» көшесін ашуға рұқсат берілді.

20181215103307.jpg

Түркия

 Қазақстанның дербестігін алғашқылардың бірі болып мойындаған Түркия елінде де Қазақстанға қатысты көптеген ескерткіштерді, көшелер мен алаңдарды кездестіруге болады. Мәселен, осыдан 20 жыл бұрын Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің бастамасымен Анкарада Абай атындағы алаң ашылып, ақынға ескерткіш орнатылған еді. Ойшылдың ескерткіші мүсінші Марат Әйнеков қолынан шыққан. Одан бөлек, Ыстанбұл қаласында Абай атындағы мектеп бар.

 Сонымен қатар, Ыстанбұлда қазақ диаспорасы мен жергілікті ұлт өкілдері қазақ тілін үйрететін Тіл орталығы жұмыс істеп тұр.Қазақ тарихына, қазақтан шыққан тұлғаларға Түркия тарапы зор құрмет көрсетіп келеді. Мәселен, түркиялық ағайындардың бастамасымен ол елде Абылай хан, Абай, Мұхтар Әуезов, Қабанбай батыр және Қазақтың күйші қызы ескерткіші ашылған болатын. Ақын Мағжан Жұмабаевтың атындағы саябақ, мектеп, көше және рельеф-ескерткішті де Түркиядан таба аласыз.

Снимок.JPG

2010 жылғы 24 маусымда Анкарада Қазақстан Президентіне «Түркі халықтарының еңбегі үшін» ескерткіші ашылды. Ескерткіштің биіктігі бес метрден асады. Мемлекет басшысының мүсінінің биіктігі 2,5 метрді құрайды. Монументтің ашылу салтанатына сол кездегі Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов қатысқан болатын. Ескерткіш Анкараның орталық саябақтарының бірі - Генчлик паркінде орналасқан.

20181215100726.jpg

Ал 2011 жылдың 3 сәуірінде Түркияда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы көше салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Көше Невшехир қаласы үңгірлер мен ғибадатханалары бар Каппадокияның туристік аймағында орналасқан. Ол - Елбасының құрметіне аталған Түркиядағы алғаш көше. 

2012 жылы елдің орталығында орналасқан Кыршехир қаласының билік өкілдерімен орталық көшелердің бірі Назарбаевтың құрметіне аталды. Мемлекет басшысының Түркияға сапары алдында (11-12 қазан, 2012 жыл) көшеге жаңа атау беру рәсімі өтті. Сонымен бірге, Түрік Гебзе қаласында 2013 жылы Назарбаевтың атымен көше пайда болды. 

Түрік Адана қаласында тағы да бір көше Назарбаевтың атымен аталады.

 Әзербайжан 

2011 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Баку қаласындағы Бинагади ауданының орталық және ең ұзын көшесі қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының атымен аталады. Сол жылы өткен көшенің салтанатты ашылуына Әзербайжанның Милли Меджлис (Парламент) депутаттары, Баку қаласы Бинагади ауданының атқарушы билігі басшысының орынбасары Эльдар Агаев, шетелдік дипломатиялық миссияларының өкілдері және Қазақстанның халық әртістері Нұржамал Үсенбаева мен Гаухар Мұрзабекова қатысты.


20181215103342.jpg

Аталған іс-шара аясында Әзербайжан халықаралық университетінің ғимаратында Абайдың барельефті бейнесімен ақпараттық тақтайша ашылған болатын. Ресей Қазақстан мемлекеті мен қазақ ұлтына қатысты ең көп ескерткіштер мен көшелер Ресейде екені анық. 

1985 жылы Омбы қаласының халық депутаттары кеңесі атқару комитеті Қызыл Армия 20 жылдығын жағалаудан Көкбішев көшесіне дейін Шоқан Уәлихановтың атына ауыстыруға шешім қабылдады. Сондай-ақ, мемориалдық тақтаны дайындауға және орнатуға шешім қабылданды, онда келесі мәтін жазылған:«Көшеге қазақ ағартушысы, 19 ғасырдың тарихшысы мен этнографы, Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың есімі берілген». Бұл көшенің аты кездейсоқ өзгертілген емес: Ленин көшесімен қиылысқан бірнеше метр жерде Омбы кадет корпусы орналасқан, оны Ш.Уәлиханов 1853 жылы бітірген.

 Қазір Ш.Уәлихановтың ескерткіш тақтасы кадеттер корпусының ғимаратында орнатылған. 2003 жылы Омбы қаласында Ресей мен Қазақстанның шекаралас аймақтарының форумы өтті. Онда екі елдің президенттері бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру бойынша ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды. Н.Назарбаев Ш.Уалихановтың ескерткіш тасына гүл шоқтарын қойып, Омбыға қазақ және орыс халықтарының көрнекті ұлына ескерткіш сыйға тартуға уәде берді. Ш.Уәлихановтың ескерткіші Омбыда 30 қаңтар 2004 жылы орнатылған болатын. Бұрын іргетас тұрған жерде, Ш.Уәлиханов көшесінің тұғырында қола мүсіні орын алды.

20181215103439.jpg

Ш.Уәлихановтың ескерткіші Петропавлда қазақ мүсіншісі А.Баярлинмен жасап шығарылған және де Омбының тарихи орталығына үйлесімді болды. Шоқан ескерткішіснен жүз метр артта - оған өмірге жолдама берген кадет корпусы орналасқан. Ш.Уәлихановтың ескерткіші оңтүстікке қарай Қазақстанға бағытталған.

 Мәскеуде Абай ескерткіші бар. 2006 жылы ескерткіштің ашылуына Қазақстан және Ресей президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин қатысқан болатын.


20181215103612.jpg

Сонымен бірге, Ресейде Жамбыл Жабаев ескерткіші (Санкт-Петербург, Жамбыл тұйық көшесі), Жамбыл Жабаевтың ақпараттық тақтасы, Сталинград шайқасында шайқасқан қазақстандықжауынгерлергеарналған ескерткіш (Волгоград қ. Мамаев қорғаны), 100-ші және 101-ші жеке атыс бригадаларының қазақстандық жауынгерлеріне арналған мемориалдық кешен (Ржев қаласы) бар. 

2008 жылдың 13 желтоқсанында Астраханьда Құрманғазы ескерткіші ашылды. Ескерткіш Астраханның 450 жылдығына Қазақстан Үкіметінің сыйлығы.

20181215103638.jpg

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты қазақ ұлтының батырларына бірқатар ескерткіштер мен мүсіндер орнатылған. Нақтырақ айтқанда,Ресейдің әртүрлі қалаларынан Мәншүк Мәметова ескерткішін (Невель), Әлия Молдағұлованың мүсінін (Мәскеу және Псков), Әлия Молдағұлованың ескерткіш тақтасын (Санкт-Петербург), Бауыржан Момышұлының мүсінін (Мәскеу облысы, Волоколамск қ), Кеңес Одағының қаһарманы Төлеген Тохтаровтың мүсінін (Старая Русса қ.), Кеңес Одағының қаһарманы Сұлтан Баймағамбетов ескерткішін (Ленинград облысы, Киров ауданы, Кировск қ), Кеңес Одағының қаһарманы Талғат Бигелдиновтың мүсінін (Мәскеу), Кеңес Одағының қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың мүсінін (Мәскеу), Ленинград шайқасында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алуға арналған мемориалдық тақтасын (Ленинград облысы, Киров ауданы) кездестіруге болады.

 Сонымен қатар, Татарстан астанасы Қазан қаласында Назарбаев және Качалов көшелерінің қиылысында Түркістандағы Ахмет Яссауи кесенесіндегі Тайқазанның көшірмесі қойылды. Тайқазанның ашылуына Татарстан Президенті Рустам Минниханов пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қатысқан еді.

20181215103647.jpg

Тізе берсеңіз, Ресейде Қазақстанға қатысты көшелер жетерлік. Шешенстан Республикасы (Грозный қ.) мен Татарстан Республикасындағы (Қазан қ.) Н.Назарбаев көшесінен бастап Ресейдің бірнеше қалаларында Қазақстаннан шыққан тұлғалардың есімімен көшелерді кездестіруге болады.                                                                                                                       Мажарстан 

2014 жылы Мажарстанда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды. Мүсін қоладан жасалған, оның биіктігі 1070 мм, ені - 900 мм. Айта кетерлігі, қазақтың ұлы ақының ескерткіші Будапешттегі Астана көшесінде бой көтерді. Ескерткіштің ашылуы Қазақстан Республикасының сол тұстағы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Венгрияға ресми сапары барысында өткен еді. Мүсін Шығыс Қазақстан облысының мүсіншілерінің қолынан шыққан.


20181215153708.jpg

Аян Бекенұлы

Дереккөз: "ҚазАқпарат"

Jebeu.kz



Пікір жазу
  • «Нұр Отан» партиясының жаңа пікірталас алаңы өз жұмысын бастады
    Дәурен Абаев. Қазақстан үшін 2018 жылдың ең ауқымды әрі есте қаларлық үш оқиғасы