Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жастары айына 12 мың теңге төлеп, пәтер жалдап тұра алады. Бұл туралы қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев айтты, – деп хабарлаймыз Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
“Ол жалдамалы баспана болады. Көп дегенде үш жылға созуға болатын жалдамалы пәтер туралы келісімшартқа қол қоюды ұсынамыз. Жалдамалы пәтердің ай сайынғы төлемі 10-12 мың теңге болады”, – деді министр. Кәлетаевтың айтуынша, пәтерлер салынып жатқанда әкімдік өкілдері пәтерді жастарға жалға беру үшін оны “нарықтан” сатып алады. “Осы санаттағы пәтерлерге үміткерлердің параметрлерін дайындадық. Бірінші талап – 29 жасқа дейінгі жастар. Екіншісі – жалға алатын адам міндетті түрде жұмыс істеуі керек. Берілетін пәтерлердің аумағы 40-50 шаршы метр болады деп болжанып отыр”, – деді Дархан Кәлетаев. Еске салайық, мұның алдында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылын жариялай отырып, жұмыс істейтін жастардың өз баспанасы болуы тиіс екенін айтқан еді.
Jebeu.kz