Ақын Әбдіғани Бәзілханның «Күміс өзен күмбірі» атты кітабының таныстырылымы өтті

Уақыты: 2019-01-31 Көрлімі: 1872 Сипаттама

Редакциядвн: Ақын, сазгер, Әбдіғани Бәзілханның 50 жылдық мерейтойына орай, 1 ақпан саға...

28946a37-1b7a-4eed-bc1c-ca9d6646e11b.jpg

Редакциядан: Ақын, сазгер,  Әбдіғани Бәзілханның 50 жылдық мерейтойына орай, 1 ақпан сағат 18:00-де  Алматы қаласы Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Сағынышым – Сары дала» атты шығармашылық кеші өтеді. Осы орайда, «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі ақынды мерей тойымен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейді. Сонымен бірге баршаңызды, осы кештің құрметті қонағы болуға шақырады.

2a3e1633-a738-4323-9002-e7954c0f4dd8.jpg

Танымал айтыс ақыны, Алматы облысы Талғар ауданық мәслихатының депутаты  Әбдіғани Бәзілханның 50 жылдық мерейтойы қарсаңында,  ақынның «Күміс өзен күмбірі» атты өлеңдер жинағының таныстырылымы 30 қаңтар күні Алматыдағы Ұлттық кітапханада өтті.

f448e9a1-2db9-4589-8d31-709bd9ea2065.jpg

Кітаптің тұсауын филология ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы Темірхан Тебегенов, Талғар ауданы әкімінің орынбасары  Дәрменияр Алғатбекұлы, Талғар аудандық маслихатының хатшысы Жұмахан Еңкебайұлы кесті. Темірхан Тебегенов: «Әбдіғанидың өлеңдерінде жырауларымыздан келе жатқан философиялық ойшылдық тағылым бар.  Азаматтық ұстанымдағы сыншылдық сарындағы өлеңдері көп. Соымен қатар өлеңдерінің көпсандысы дәстүрлі махаббат лирикалары екен. Әбдіғанидың сөздік қоры мол, тілі бай ақын екенін байқадым. Ақындық жолын ақындар айтысынан бастапты. Әдеби көркем сөздің мәйегі классикалық ақындар айтысында десек, кешегі Оразәлілер жолымен Әбдіғанидың да жырлап келе жатқанын көрдім. Үлкен әдебиетке үлкен дайындықпен келген екенсің, әдебиеттегі жолың өрісті болғай»,- деп шығармаларына талдау жасап, ақ батасын берді. Талғар ауданды әкімінің орынбасары Дәрменияр Алғатбекұлы мен Талғар аудандық Мәслихатының хатшысы Жұмахан Еңкебайұлы ауданының 200 мың халқы мен әкімінің атынан ақынды құттықтап, Әбдіғани Бәзілханұлының қоғамдағы қайраткерлік, іскерлік жағын айтып, неше жылдан бергі Талғар аудынында қызмет етіп, сіңірген еңбегі үшін алғысын білдірді.

baefd41f-33b3-4159-b3e4-851b0f0eac0a.jpg

Кітаптің таныстырлымына ақынның әдебиеттегі үзеңгілес достары, аға-інілері және оқырмандары қатысты. Ақын Кәмнұр Тәлімұлы «тілген жерін тіліп түсетін, ақ алмас секілді портрет жасау, тың ой, тың теңеулер айту Әбдіғани шығармашылығының тәбиғатына тән қасиет», -  деп бағаласа, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы Әбдіғани Бәзілханұлының шығармашылғы туралы мақаласын алдағы уақытта газет бетінде жариялайтынын айтып, ақынның өлеңдерін оқыды. Айтыс ақыны Қайрат Құлмұхамет айтыстағы айшықты тіркестерін есіне алып, тап бермеде тауып айтар, даулыпаз ақын екенін айтып өтті.

89dd246c-dd50-42fc-bb2d-842bd610faf4.jpg

Әбдіғани Бәзілханның жерлесі, әдебиетші Омарәлі Әділбек «Ақынның өзі ақын емес, тағдыры ақын дегендей, Әбдіғаниды тағдырлы ақын деуге болады. Өйткені Әбдіғанидың тағдыры екі елде қатар өмір сүруге жазылды. Жәркен жырау болсын, марқұм Ермұрат Зейіпхан болсын бәрінің өлеңдері туған жерге деген сағыныштан туған. Біз Қытайда жүргенде туған жеріміз болды, бірақ Отанымыз деп сезінбедік, сезіндіре алмады. Атамекенге келгеннен кейін Отанымыз болды, туған жер алыста болды. Сол сияқты Әбдіғанидың бүкіл жырларын парақтап көрсеңіз, сағынштан туған қазақтың байырғы өмірі, тәбиғатқа тамсану, туған жерді сағыну. Міне «Тауға бардым», «Жаман шал» деген өлеңдерін оқып отырсаңыз, бүкіл ауылдағы өмір көз алдыңызға келеді. «Күміс өзен», «Шексіз өмір шектеулі», «Қасқырдың аузы жемесе де қан» деген өлеңдері біздің бүкіл ұлттық болмысымызды бейнелеген, қазіргі тілмен айтқанда ұлттық кодті анықтап тұр деуге болады»,- деп бірнеше өлеңдерін талдап көрсетті.

5aa73fad-0913-4de1-a5e1-a5e291199c7d.jpg

Ақын Мұрат Шаймаран «Әбдіғани үлкен азамат. Әбекең бір рудың, бір өлкенің маңдайына сыймайтын қазақ деген халықтың әлпештеп ұстайтын, үлкен ойы бар, өзіндік көзқарасы бар елге сыйымды азамат. Жалпы поэзияның да міндеті мейірім, әлемге ізгілік сыйлау болса, Әбекеңнің бойынан сол ізгілік пен мейірім төгіліп тұрады. Талғар ауданынан Қызай ана, Ер Жәнібек, Оспан батыр сияқты тұлғаларына көше алып беруге жүгіргені үлкен азаматтық. Әбекеңнің тағы бір қасиеті осы жасаған жақсылықтарын жариялап, елге мақтанып айтпайды» деп азаматтық болмысына тоқталып, ақын ретінде тілі құнарлы, мәйекті екенін айта келіп «мұнда Айшажан, Құлжа қалай? – деген сияқты классикаға айналып кететін өлеңдер тұр. Бұл бір өне бойынан сезім сорғалап тұрған, оқыған оқырманынын бірден баурайтын, тілден барып жүрекке өтіп кететін лирикалар. Қазақ поезиясында Жұматайдың Ләйласы бар болса, енді Әбдіғанидың Айшасы бар деуге болады», - деп ақынды құттықтады.

aada11e2-b195-4b9b-8dbe-c07a242d446f.jpg

Журналист, айтыс ақыны Бақыт Жағыпар «1937 жылы Іле жағасында өткен атақты Нәсілхан мен Шарғын ақынның айтысын білесіздер. Осы айтыстардың бәрін біздің санамызға сіңіріп, жаттатқан Тілеужан Сақалов ағамыз тікесінен тік тұрып айтатын. 1931 жылы Қарқара жайлауында өткен Таңжарық пен Қойдымның айтысын да білесіздер. Тілеужан ағамыз бұл айтыстарды «Біржан мен Сараның, Жамбыл мен Айкүмістің айтыстарынан кем емес» деп бала күнімізде жаттатқан. Сол айтыстарды санасына сіңірген, Таңжарық, Қойдымдардың, Нәсілхан, Шарғындардың дәстүрін жалғастырған сарындарды Әбекеңнен байқадым», - деп үлкен бағасын берді.

bfe853c8-59bd-45dd-8fd8-963c3a8b087a.jpg

Кітаптің таныстырылмын жүргізген журналист Жарқын Сәлен ақынға еліміздің түкпір-түкіпірі мен шетелдерден құттықтау хаттары келіп жатқанын айтып, туған жерінен келген хатты оқып берді. Әбдіғани Бәзілханұлы өзін қолдап келген барша оқырмандарға, әдебиеттегі және қоғамдағы әріптестеріне рақметін айтып, қортынды сөз сөйлеп, «Күміс өзен күмбірі» атты кітабының редакторы болып, баспадан шығуға айырықша көмегін көрсеткен, айтыс ақыны Серік Қалиевке ерекше алғысын білдірді. Серік Қалиевтың анасы қайтыс болуына байланысты кітаптың таныстырылмына келе алмағанын айтып өтті.


b7bd0b3b-3200-4c12-9f6d-0e7a196f3ddb.jpg


Әбдіғани Бәзілхан 90- жылдары ерекше дарынымен көзге түскен, Қытайдағы қазақтардың арасына өте танымал айтыс ақыны. Бұл кітап ақынның 50 жылдық мерей тойына орай жарық көрген поэзиядағы алғашқы кітабы. Әбдіғани Пәзілханұлы ақын ғана емес, белгілі қоғам қайраткері.

Әбдіғани Бәзілханұлы 1969 жылдың 1 ақпанында  ҚХР, Іле қазақ облысы Тоғызтарау ауданында дүниеге келген. 1996-1998 жылдарда Іле облыстық оқу-ағарту иниституты Көркемөнер факультетінің «Бұқаралық мәдениетті басқару және ән» мамандығы бойынша білім алған. Шыңжаң университетінің Филология мамандығын сырттай оқып, бакалавр атағын қорғаған. 1999 жылдан бастап аудандық мәдениет үйінің бұқаралық мәдениетті басқару кәсібімен айналысқан.

93ad1cfe-5a00-4289-a44b-0c45fef49956.jpg

1986-2008 жылдар аралығында ҚХР-ның халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық түрлі деңгейдегі ақындар айтысы, өнер фестивалдарының жүлдегері болған. ШҰАР-ға «Еңбегі сіңген әйгілі ақын» атағын алған. 100 ге жуық өлең, толғау, дастан, хабар мақалалары және ғылми мақалалары Қытайдағы түрлі басылымдардан жарық көрген. 30 дан аса ән, термелері радио, телевидениядан орындалған.

77e85fbb-1eaa-43f5-bd25-a722292c067d.jpg

Іле Облыстық Жазушылар Одағының мүшесі, Шыңжаң Таңжарық Зерттеу Қоғамының мүшесі, Іле Қазақ Облысының әдебиет-көркемөнер бірлестігінің тұрақты жорасы, Ауыз әдебиет қоғамының орынбасар төрағасы қатарлы міндеттерді атқарған. 2004 жылы сәуірден бастап ата мекенге қоныс аударған. Содан бері көптеген халықаралық және республикалық ақындар айтысының қатысушы және жүлдегері болған. Ол 2005 жылдан Алматы Облысы Райымбек ауданы мәдениет үйінің қызметкері, Ұзынбұлақ ауылдық мәдениет үйінің директоры, 2008 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылының мәдениет үйінің директоры болып, ауыл мәдениетінің дамуына үлес қосып келген. Талғар аудандық маслихатының 5- және 6-шақырылымның депутаты, «Таңжарық Зерттеу қоғамдық қорының» кеңесшісі, Қазіргі кезде Алматы облыстық мемлекеттік банк және әлеументтік сала қызметкерлерінің салалық кәсіподағының орынбасар бастығы, Талғар аудандық маслихатының депутаты, аудандық «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі, «Нұр Отан» партиясы Талғар аудандық филиалы «Нұра» бастауыш партиясы ұйымының төрағасы болып қызмет атқарып келеді.

196d25b0-ee05-48ce-a766-b58734f22b97.jpg

Әбдіғани Бәзілханұлы «Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының Үздігі» төс белгісімен, Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» және «Отан патриоты» медальмен, «ҚР маслихаттарының 20 жылдық» мерекелік медальмен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерекелік медальмен  марапатталған.

Jebeu.kz

 

 


Пікір жазу
  • А. Қабыкенов: Қазақстан 2019 жылы шикізаттық емес экспорт шекарасын кеңейтеді
    Д. Кәлетаев: Жастар айына 12 мың теңге төлеп, пәтер жалдап тұра алады