Путин: Либерализм әбден ескірген

Уақыты: 2019-06-30 Көрлімі: 1305 Сипаттама

Владимир Путин «G20» саммитіне бармас бұрын берген сұхбатында либерализм «ескіргенін»...

6F623195-43A5-424B-947B-41E6C910A6FD.jpeg

Владимир Путин «G20» саммитіне бармас бұрын берген сұхбатында либерализм «ескіргенін» айтты деп хабарлайды BBC News.

Ресей президенті неше ондаған жылдар бойы Батыс демократиясының негізін қалап келген идеологияның «тозығы жеткен» дейді.

Сондай-ақ Ресей басшысы Еуропада және АҚШ-та өркендеп келе жатқан популизмді мадақтады, әрі мультикультурализм (көп жақтылы мәдениет) көзқарасы «бұдан былай ұзаққа бармайтынын» тілге тиек етті.

Ол бұндай түсіндірмені Financial Times-тің кең ауқымды сұхбатында айтты.

Бұл мақала әлемдік көшбасшылардың Жапониядағы сауда және қауіпсіздік жөніндегі келіссөздер басталу қарсаңында жарияланды.

«Либералистер оп-оңай кез келген біреуге бұйрық бере алмайды», - деді жирма жылға жуық президенттік орнында отырған  Путин.

«Либерализмхалықтың басым көпшілігінің мүдделеріне» қрасы келіп, Германия канцлері Ангела Меркельге неше мыңдаған босқындардың Германияға қоныс аударуына күштеп рұқсат бергізді.

«Либералды көзқарас бойынша мигранттардың құқықтарын қорғауға тура келетіндіктен,мигранттар адам өлтірумен, тонаушылықпен және зорлық-зомбылықпен шұғылданып жатса да ештеңе істей алмай қарап отыратынын болжау қйын емес».

66 жастағы Владимир Путин тағы да:  «Ресейде ЛГБТ бағытын ұстанатын адамдармен ешқандай мәселе жоқ... бірақ кейбір нәрселер біз үшін тым өрескел көрінеді»,-деді.

«Олардың(Либералистер) көзқарасынша бүгінде балалар бес немесе алты жыныстық рөл атқара алады деп есептейді», - деп сөзін сабақтады ол.

«Барлық адам бақытты болсын, онымен ешқандай қарсылығымыз жоқ, бірақ бұл негізгі халықты құрайтын миллиондаған адамдардың мәдениетін, салт-дәстүрін және отбасылық құндылықтарын көлеңкеде қалдыру деген сөз емес».

Либерализм туралы ескертулерден бөлек, Путин АҚШ президенті Дональд Трампты сайлаушылармен қалай байланысуға болатындығын білетін «талантты адам» деп бағалады.

Бұдан сырт ресей көшбасшысы Қытай мен Америка Құрама Штаттары арасындағы жалғасып келе жатқан сауда-саттық соғысындағы және Ормуз шығанағыдағы Иранмен арадағы шиеленісте АҚШ-тың ұстанған сыңар жақты көзқарасы үшін айыптайтынын айтты.

Бірақ Еуроодақ президенті Дональд Туск 28-ші маусым, жұма күнібұл туралы Путинді айыптап, журналистерге «Путинның либерализмге қатысты көзқарасымен мүлде келіспейтінін » жеткізді.

«Кім либералдық демократияның ескіргені туралы сөз қозғаса, онда ол еркіндіктің ескіргенін, заңның үстемдігінің ескіргенін және адам құқықтарының ескіргенін айтып, жар салғанмен бірдей», - деді Туск мырза.

«Мен шын мәнінде ескірген нәрсенің авторитаризм, жеке басқа табыну, олигархия екенін білемін, тіпті кейде олар тиімді сияқты көрінсе де», - деп сөзін аяқтады ол.

Дереккөз: politic.bugin.kz


Пікір жазу
  • Жамбыл облысында мемлекеттік тілді республикалық ақпараттық-насихаттау апталығы өтті
    "Теңізден шетелдіктерді жаппай кетіріп жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайды"