Тоғыз айда Қазақстанның алтын қоры 9,2%-ға немесе 32 тоннаға өсті.
Дүниежүзілік алтын кеңесінің (WGC) мәліметтері бойынша, бағалы металдың көлемі 2019 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 377,3 тоннаны құрады (1 қаңтар — 345,4 тонна). Өсім 9,2% немесе 32 тоннаға жуық. Осылайша, қазір Қазақстанның алтын қоры елдің халықаралық резервтерінде 66%-ға жетеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан қымбат металдардың көлемі бойынша (ХВҚ-ны қоспағанда) 14 орында және Португалия (382,5 тонна) мен Түркия (362,5 тонна) арасында орналасқан.
Көрші Өзбекстан — 17 орынды, Украина — 58 орынды, Тәжікстан — 59 орынды, Қырғызстан — 68 орынды иеленді.
Сонымен қатар алтын қоры бойынша көшбасшылардың үштігінде бұрынғысынша АҚШ — 8,1 мың тонна, Германия – 3,3 мың тонна және Италия – 2,4 мың тонна бар. Ресей WGC тізімінде 2,2 мың тоннаменбесінші орынды, ал Қытай 1,9 мың тоннамен алтыншы орынды сақтап қалды.
Дереккөз: 7kun.kz