Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қандай жетістіктерімен танысты?

Уақыты: 2019-10-30 Көрлімі: 2041 Сипаттама

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазан күні Алматы қаласындағы сапары барысында Әл-...

1dcf09f3700ec695cc5649ef634d5a97.jpg

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазан күні Алматы қаласындағы сапары барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келді. Бұл Мемлекет басшысының ел тізгінін қолған алғаннан бергі Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарына бірінші рет келуі.

Мемлекет басшысы  еліміздің жетекші білім ордасына сапары барысында Жағдаяттық басқару орталығының жұмысымен, жоғары оқу орнының цифрлық технологияны енгізу жөніндегі жетістіктерімен, бизнес-құзыреттілікті дамыту кластерімен, сондай-ақ, студенттік кампус аумағындағы «бір терезе» қағидаты бойынша студенттер мен оқытушыларға 500-ден астам қызмет көрсететін «Керемет» қызмет көрсету орталығымен танысты.

c4fc12d55de77b8c200c287a513ec88e.jpg

ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов Президентке университеттің ғылыми-білім беру және инновациялық қызметте әлеуеті артып, әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналатын айтты.

«Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін ЖОО кешенді құрылымдық жаңартулар жүргізіліп, кластерлік әдіс негізінде факультеттер құрылды және кафедралар ірілендірілді, әрбір қызметкердің рейтингтік жетістіктері мен жұмыс нәтижесін бағалауға бағытталған үдерістік басқару жүйесі енгізілді. ҚазҰУ-дың халықаралық рейтингтерде ілгерілеуі осы жаңартулардың табысты нәтижесі болды. Білім ордасы 2011 жылдан бастап беделді және танымал «QS WUR» рейтингі бойынша 400-ден астам сатыға алға жылжып, ағымдағы жылы әлемнің үздік жоғары оқу орындарының ішінде 207 орынды иемденді»,- деді ҚазҰУ ректоры.

1cc9b45bebf32f5baf959b79f7aafea6.jpg

ҚазҰУ ректоры айтқандай, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азия ЖОО-ларынан жалғыз болып QS «World University Rankings» халықаралық рейтингісінде топ-210 ең үздік университеттер қатарына кіріп, 207 орынды бағындырған. Аталмыш топқа посткеңестік аймақтан тек екі университет: ҚазҰУ және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (РФ) ғана енген. Сонымен бірге, «QS WUR by Subject» пәндік рейтингінің нәтижесінде ҚазҰУ ТМД елдері жоғары оқу орындарының арасында бірінші болып әлемдегі ең үздік 51-100 топқа енген. Жоғарғы оқу орнының осы жетістіктерінің бәрі баспасөзде жарияланған болатын. Бұл көрсеткіштер ҚазҰУ-дың Қазақстан ғана емес, ТМД елдеріндегі жетекші жоғарғы оқу орнына айналып келе жатқанын көрсетеді.

Мемлекет басшысы танысқан Жағдаяттық басқару орталығы ағымдағы қызметтерге бақылау және мониторинг жасау үшін интерактивті ақпараттарды жинайтын және талдайтын заманауи байланыс құралдарымен жабдықталған. Онда оқу орнының басшылығы мен қызметкерлері ақпараттарды талдауға және шұғыл шешім қабылдауға мүмкіндік беретін өзекті және нақты мәліметтерді жедел режимде алады. 

1568631500663772.jpg

Осы жылдың 12, 13 қыркүйекіндегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай халық респулбликасына сапары барысында Қазақстан тарапына суперкомпьютерді ұсыну жобасы бойынша ынтымақтастық туралы Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы келісімге қол қойылып, әлемдегі ең өндіргіш үздік 500-ге кіретін суперкомпьютер ҚазҰУ-дың қанжығасына байланған. Осы сапарда Үкімет делегациясының құрамында болған ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов белгілі жоғары технологиялық компаниялардың өкілдерімен кездесіп, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылаған. «Inspur» компаниясымен жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, тараптар жоғары өнімді серверлер, ҚР-да деректерді сақтау жүйелері мен дербес компьютерлерді өндіру бойынша бірлескен жобаны іске асыру, сондай-ақ алдыңғы қатарлы сандық технологиялар трансферті және Big Dаta, жасанды интеллект, бұлтты технологиялар және т. б. бағыттарда ғылыми зерттеулер жүргізу мәселелерін талқылаған. Сондай-ақ, осы бағыттарды жүзеге асыру мақсатында 2018 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Ақпараттық технологиялар факультеті ашылған болатын. Бұның бәрі ҚазҰУ-дың заман талапына сай бәсекеге қабылеттілік әлеуетін арттырып, елімізді цифрландыру үрдісіне қосар үлесі зор екенін білдіреді.

Президенттің Алматы қаласында жасаған сапарында алғашқы болып, ат басын еліміздегі қара шаңырақ білім ордасына бұруы – ҚазҰУ-дың осындай  жетістіктеріне куә болып, болашағына зор жауапкершілік арту болса керек.

 

Тұрдыбек ҚҰРМЕТХАН

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушысы

Jebeu.kz

 

 


Пікір жазу
  • Әл-Бағдадидің өлімі: ДАИШ өз миссиясын атқарып болды ма?
    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент лауазымындағы 100 күні еуропалық аудиторияға таныстырылды