Бүгін Отан қорғаушылар күні. Біздің Отан қорғаушылар – Бату хан мен Кетбұға бастап жарты әлемді жаулаған, Қабанбай мен Бөгенбай қолбасшы болып ұлы даланы қорғаған, хан Кене мен Махамбет болып азаттықты аңсаған, Бауыржан мен Раxымжандар бастап фашистерден Кеңес одағының астанасы болған Маскеуді ғана емес, адамзатты қорғаған қазақ қарулы күштерінің жалғасы. Сол қазақ қарулы күштері жаңа заманда ағымға сай қайта құрылылып, Егемен елдің қауіпсіздігін қадағалауды міндеттеріне алып отыр.
Бүгінгі айбынды армиямыз үшін елдің тыныштығын сақтап, тәуелсіздіктің қорғаны болу мәртебелі зор міндет екенін, 2017 жылы ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналып өткізілген сегізінші әскери шеруге сол кездегі президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та айтқан еді.
«Баһадүр бабалар ұлы даламызды ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап бізге аманат етіп қалдырды. «Ұранды елдің ұрпағы айбарлы келеді» деген дана халқымыз. Жау жүрек жауынгерлердің көтеретін жүгі ауыр, бірақ ол абыройлы борыш, қастерлі парыз. Қарулы күштеріміз – халқымыздың сенімді тірегі, мемлекеттің берік қалқаны. Жауынгерлік ту – туған жерге адалдықтың, ерлік пен батырлықтың нышаны. Қасиетті байрақ рухы биік, ер жүрек сарбаздарды әрдайым жеңіске жетелейді»,- деген Елбасы.
Отан қорғау - тек әскердің ғана міндеті емес, әр азаматтың міндеті. Әр азамат азат елінің маңгілік болуын қалайды. Сол үшін әр азамат азатығымызға, елдің тұрақтылығына, мемлекетіміздің гүлденіп дамуына, тұрғындарымыздың денсаулығына зиян келтіретін әрекеттің барлығына қарсылақ көрсетеді. Сондықтан бүгінгі күн тек жігіттердің ғана емес, тұтас қазақ xалқының ұлттық мерекесі. Бұл біздің өз өзімізді қорғай алуға қабылеттілігімізді танытатын мереке. Қазақстанның бар азаматы Қазақ Елінің отан қорқаушылары.
Бүгінгі күнде Отан қорғау қолға қару алып, әскерге бару ғана емес. Әр азамат бәсекеге қабылетті, өз саласында білікті маман болуы арқылы да Отанның қорғайды. Бүгігі заман талабына сай Отан қорғаудың басты қаруы білім мен ғылым. Әр азамат білікті де, білімді болса кез-келген салада қазақ мүддесін қорғап қалады. Сонымен бірге Отанды қорғау халықтың бірлігі мен азаматтардың жауапкершілігі. Отан қорғаудың басты қаруы білім мен ғылым, береке мен тәртіп екенін билығы әлемге тараған пандемия коронавирус кезінде де көрдік. Коронавирустан Отанымызды қорғап қалуда еліміздің, азаматтарымыздың бірлігі, денсаулық сақтау саласы мамандарының біліктілігі мен қажыр қайраты, елдегі қауіпсіздік күштердің тәртіпті қадағалуы бір-бірін толықтырды. Сол негізінде бұл індет кезінде үлкен жоғалтуларға жол бермедік. Сол үшін де биылғы отан Қорғаушылар күнінде өз құттықтауында президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевта пандемия кезіндегі алдыңғы шепте жүрген әскери қызметшілерге алғысын білдірді.
«Коронавирус індетімен күрестің алдыңғы шебінде жүрген әскери қызметшілер, соның ішінде арнаулы жиындарға шақырылған азаматтар да алғысқа лайық. Олардың ерен еңбегі – шынайы патриотизм мен елге қызмет етудің жарқын көрінісі»,- деді Қ. Тоқаев.
Ендігі кезекте Отан қорғаушыларымыздың алдында коронавирустан кейінгі ел экономикасын қалпына келту мен еліміздің тұрақтылығын қамтамасыз ету міндеті тұр. Бұл сыннан да елдің бірлігі мен қажыр-қайратының, ел азаматтарының, жастардың тың идеиялары мен білімінің негізінде өтерімізге шүбә жоқ. Отан қорғаушылар күні құтты, Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Тұрдыбек Құрметқан
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, "Ақпараттық жүйелер" кафедрасының оқытушысы
Jebeu.kz