QS Quacquarelli Symonds жоғары білім беру саласындағы сараптамалық агенттігі бүгін QS World University Rankings әлемнің үздік университеттерінің жыл сайынғы тізімін жариялады. Тізім бойынша 10 қазақстандық университет 1000 жоғары оқу орнынан тұратын әлемнің үздік университеттерінің рейтингіне енді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлады.
Қазақстандық жоо-лар аталған рейтингке 2014 жылдан бастап қатысып келеді. Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жаһандық рейтингте 165-ші орынға көтерілді. ҚазҰУ – әлемнің үздік 200 университетінің қатарына енген алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны. Оның ішінде 5 ЖОО соңғы жылда позициясын жақсартты. Соның ішінде Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті топ-400 қатарына еніп, әлем бойынша 357-ші орынға ие болды. Сондай-ақ КИМЭП – биылғы рейтингке Қазақстаннан қосылған жаңа жоғары оқу орны.
Рейтингте біріктірілген сапалы көрсеткіштерге: түлектердің сұранысқа ие болуына, дайындығына, бәсекеге қабілеттілігі мен беделіне, ұлттық және әлемдік танымалдылығына, университеттің ғылыми мектептері (теоретикалық және қолданбалы) және қызмет бағыттарының, жетекші оқытушылардың тиімділігіне ерекше назар аударылады. Сондықтан қазақстандық жоғары оқу орындарының әлемдік академиялық рейтингтерге қатысуы – бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіші, сондай-ақ сапаны арттырудың нәтижесі.
Рейтингтегі қазақстандық жоғары оқу орындар:
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 165 орын,
Л.Н.Гумилева атындағы ЕҰУ – 357 орын,
М.Әуезов атындағы ОҚМУ – 490 орын,
Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ – 541-550 орын,
ҚазҰАУ- 591-600 орын,
Абай атындағы ҚазҰПУ – 601-650 орын,
ҚБТУ – 751-800 орын,
КИМЭП – 751-800 орын
ҚарМТУ – 801-1000 орын,
Абылайхан атындағы ҚазХБжӘТУ - 800-1000 орын.
Рейтингтің әдістемесі мынадай 6 көрсеткішті есептеу негізінде жүргізіледі:
Жоғары білім беру жүйесінің ғалымдары мен сарапшыларынан ЖОО қызметі туралы деректерді жинау жолымен есептелетін академиялық беделі - 40%.
Жұмыс берушілер арасында жоғары оқу орнының танымалдығы - 10%.
Профессорлық-оқытушылық құрамның студенттер санына деген арақатынасы - 20%
Scopus мәліметтері негізінде жүргізілетін ғылыми мақалалардың дәйек сөз келтіруі -20%
Шетел студенттердің үлесі – 5%.
Шетелдік оқытушылардың үлесі – 5%.
QS Quacquarelli Symonds жаһандық ғылыми-зерттеу кеңес беру орталығымен дайындалған QS World University Rankings әлемдік университет рейтингі әлемнің 1000 үздік университеттерін бағалайды. QS – әлемдегі ең танымал әрі жиі аталатын университтер туралы салыстырмалы ақпарат көзі.
Рейтингтің толық нұсқасын https://www.topuniversities.com/university-rankings/world-university-rankings/2021 сілтемесі арқылы көруге болады.