Рахым Ошақбаев: Карантиннен кейінгі тығырықтан бізді ауыл шаруашылығы алып шығады

Уақыты: 2020-04-27 Көрлімі: 542 Сипаттама

«Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев несие беретін ауы...

200427140523650e.jpg

«Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев несие беретін ауыл шаруашылығы саласындағы ұйымдардың бәрін бір қаржы ұйымына біріктіруді ұсынды.

«Карантиннен кейін бізді экономикалық тығырықтан алып шығатын салалардың бірі – ауыл шаруашылығы. Алайда бюрократиялық процедураларға байланысты қаржыландыруға қатысты шешімдер кешеуілдеп қалды. Бұл бағытта жұмысты барынша жеделдету керек», - деді Рахым Ошақбаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының фейсбук-парақшасында онлайн режимде сөйлеген сөзінде.

Сарапшының айтуынша, ауыл шаруашылығын қаржыландыру тұрғысында банк жүйесіне ғана иек арту мүмкін емес.

«Банк бәріне, әсіресе шағын және ұсақ бизнес өкілдеріне уақытында ақшаны жеткізе алмайды. Сол себепті бұл ретте мүлде жаңа амал-әдіс керек. Қазіргі дағдарыстың теңдессіз сипаты бар. Тіпті бәлкім, қазір елде Агробанк ашуға дейінгі қадамдарға барған жөн болар. Несие беретін ауыл шаруашылығы саласындағы ұйымдардың бәрін бір қаржы ұйымына біріктіріп, сол арқылы кәсіпкерлерді төмен пайыздық несиемен қолдаған жөн. Кепілдік қалдыру тәртібінен кетіп, нақты бизнес-жоспарларға қаражат аудару керек», - деді ол.

Рахым Ошақбаев бұл тұрғыда Қытайдың тәжірибесін мысалға келтірді. Оның айтуынша ондағы фермерлерге берілуі тиіс қаражат қолжетімді болған.

«Ол жақта өте төмен пайызбен, кепілсіз әртүрлі саланы, оның ішінде ауыл шаруашылығын несиемен қолдаған мемлекеттік банктер болды. Менің ойымша бізге де дәл қазір осы тәжірибе керек», - деп түйді ол.

Еске сала кетсек ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгінгі мәлімдемесінде айтқан болатын.

Дереккөз: "ҚазАқпарат"

Пікір жазу
  • Алматыда 16 күнде салынған жаңа госпиталь пайдалануға берілді
    Биыл кеңжолақты интернетке қосылған ауыл саны 5 мыңнан асады

    Ұқсас тақырыптар